Файл: деструктивная пневмония каз.docx

Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 327

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Клинический случай: «Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы. Оң өкпенің абсцесі».


Ситуация: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 1 жасар ұл бала келіп түсті.

  • Анамнез жинап, науқасты қарап тексеріңіз.

  • Зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.

  • Диагноз қойыңыз.

  • Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз.


Соңғы нәтиже (outcomes):

  • Тыныс алу ағзаларының ауруы бар науқасты сұрастыру және физикалды қарап тексеру.

  • Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы. Оң өкпенің абсцесі клиникалық диагностикасы.

  • Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасау.

  • Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы. Оң өкпенің абсцесі бар науқасты жүргізу тәсілі;

  • Науқаспен тиімді қарым қатынас орнатып және қорқыныш сезімін басу.

«Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы.

Оң өкпенің абсцесі» клиникалық симуляцияны

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Қадамдарды бағалау критерийлері






Баллмен бағалау

Дұрыс орындадыо

Ескертулермен орындады

Орындамады

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылды ма?

2,0

1,0

0

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтаужалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелерін зерттеу

2,0

1,0

0

3

Клиникалық симуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы

1,0

0,5

0

4

Болжам диагнозды негіздеу

1,0

0,5

0

5

Зерттеу жоспарын тағайындау.

1,0

0,5

0

6

Салыстырмалы диагностиканы жүргізу

1,0

0,5

0

7

ЖҚА интерпретациясы

1,0

0,5

0

8

Қақырық анализінің және антибиотиктерге сезімталдығын анықтауының интерпретациясы

1,0

0,5

0

9

Жалпы зәр анализінің интерпретациясы

1,0

0,5

0

10

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациясы

2,0

1,0

0

11

Қорытынды диагнозды негіздеу

1,0

0,5

0

12

Базисті емді негіздеу

2,0

1,0

0

13

Бактерияға қарсы терапины тағайындау

1,0

0,5

0

14

Ем тиімділігін бақылау

2,0

1,0

0

15

Науқаспен тиімді қарым – қатынас орнату

1,0

0,5

0


Барлық балл саны

20




Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің түсініктемесі:


Ер бала, 1 жасар.

Шағымдары: дене қызуының 39,9°С дейін жоғарылауы, ентігу, ыңқылдаған тыныс, жөтелі жиі, ылғалды, құсу, іштің кебуі


Сұрақтың мәні

Әртіске арналған сұрақтар

Жауап

Жөтелдің сипатын нақтылау

Жөтелі жиі, ұстама тәрізді ма?

Жөтелі жиі

Дене қызуының сипатын нақтылау

Дене қызуының жоғарылау қашаннан бері болуда, дене қызуын түсіретін дәрілер қабылдады ма?

Дене қызуының жоғарылауы 7 күн бойына болуда. Парацетамол қабылдағаннан кейін тек 38,5°С дейін төмендеді

Қосымша шағымдары

Тағы қандай шағымдарыңыз бар?

Ентігу, ңқылдаған тыныс, құсу, іштің кебуі



Ауру анамнезінен: бала 7 күн бойы ауырып жатыр: дене қызуының 39,9°С дейін жоғарылауы болды, ылғалды жөтелі бар. Үй жағдайында «үйлік» ем, парацетамол қабылдады. Жағдайы жақсармады, дене қызуы түспеді, дегенмен ауруының 5-ші күні дене қузының 39,9°С дейін жоғарылауы болды, жөтелі күшейді, тынысы жиіледі.

Өмір анамнезінен: бала екінші жүктіліктен, екінші жедел туыттан, жүктілік ағымы өзгеріссіз өткен. Өмірінің 5 айлығында ЖРВИ ауырған.

Объективті: қарап тексеруде баланың жалпы жағдайы өте ауыр. Терісі бозарған сұрғылт реңмен, мұрын ауыз үшбұрышының цианозы, жөтелі бар. Тыныс жиілігі 52 рет 1 минутта. Қабырға аралықтың тартылуы бар. Өкпенің перкуссиясында: салыстырмалы перкуссияда оң жауырын асты аймағында дыбыстың тұйықталуы анықталады. Өкпенің аускультациясында: оң жағының төменгі жағында тынысы әлсіреген, сол жерде аз мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек үндері кереңделген, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +2,0 см қабырға доғасынан шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды.

Жалпы қан анализі

Эритроциттер

3,1 х 1012

Гемоглобин

90 г/л

Лейкоциттер

36 х 109

Таяқша ядролылар

10 х 109

Сегментті ядролылар

72 х 109

лимфоциттер

14 х 109

эозинофилдер

2 х 109

моноциттер

2 х 109

ЭТЖ

43 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі

Мөлшері

50 мл

Түсі

сары

Мөлдірлігі

мөлдір

Салыстырмалы тығыздығы

1015

Реакциясы

қышқыл

Белок

теріс

Жалпақ эпителий

0 – 2 к/а

Лейкоциттер

1 –3 к/а


Қоздырғыштарға қақырықтың анализі және АБ сезімталдығын анықтау

S.aureus 108

цефотаксим (+)

цефазолин (-)

амоксиллин (±)

цефуроксим (+)


Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы:






«Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы. Оң өкпенің абсцесі» клиникалық симуляцияның жауап эталоны


Қадамдарын бағалау критерийлері

Жауаптар эталоны

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылды ма?

Жөтелдің сипатын нақтылау

Дене қызуының сипатын нақтылау

Анамнез morbi et vitae

Аллергоанамнезі

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтаужалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелерін зерттеу.

Қарап тексеруде баланың ауырлық жағдайын бағалады. Терісі бозарған сұрғылт реңмен, мұрын ауыз үшбұрышының цианозы, жөтелі бар. Тыныс жиілігі 52 рет 1 минутта. Қабырға аралықтың тартылуы бар. Өкпенің перкуссиясында: салыстырмалы перкуссияда оң жауырын асты аймағында дыбыстың тұйықталуы анықталады. Өкпенің аускультациясында: оң жағының төменгі жағында тынысы әлсіреген, сол жерде аз мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек үндері кереңделген, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +2,0 см қабырға доғасынан шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды.

3

Клиникалық симуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы

Тыныс жетіспеушілігі, интоксикация көріністерін анықтады, ауырлық жағдайын дұрыс бағалады

4

Болжам диагнозды негіздеу

Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы. Оң өкпенің абсцесі

5

Тексеру жоспарын тағайындау.

  • ЖҚА

  • ЖЗА

  • Қақырықтың анализі

  • Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

6

Салыстырмалы диагностиканы жүргізу

Экссудативті плевритпен салыстырмалы диагностика жүргізу

7

ЖҚА интерпретациясы

Қабыну сипатындағы өзгерістер: гиперлейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылаған

8

Флораға және антибиотикке сезімталдығын анықтауға қақырық егіндісінің интерпретациясы

S.aureus, (+) цефотаксим, (-) цефазолин, (±) амоксиллин, (+) цефуроксим

9

Жалпы зәр анализінің интерпретациясы

Патология анықталмады

10

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау

Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде абсцеспен пневмониялық инфильтрация

11

Қорытынды диагнозды негіздеу

Оң жақты деструктивті стафилококты пневмонияның диагностикасы. Оң өкпенің абсцесі.

12

Емдеу тәсілін негіздеу

Антибактериальды терапия

Дезинтоксикациялық терапия

Симптоматикалық терапия

13

Антибактериальды емді тағайындау

Антибактериальды ем

Цефотаксим 100 мг/кг к/т әрбір 6 сағат сайын

14

Ем нәтижелігін бақылау (ем тиімділігінің индикаторлары)

Дене қызуының қалыпты көрсеткішке келуі

Тыныс жетіспеушілік белгілерінің жойылуы

Өкпенің перкуторлық және аускультативті көріністерінің динамикада жақсаруы

15

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату.

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату және қорқыныш сезімін басу.



Симуляцияның жабдықталуы:

  1. Есебі бар парақ, актерге арналған сценарий , чек-парақ

  2. кеуде торының рентгенографиясының нәтижелері

  3. ЖҚА, ЖЗА, қақырық анализі

  4. Фонендоскоп, тонометр


1. актер – науқас.


Жағдай: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.

1. Төсек – 1

2. Аспаптарға арналған үстел – 1

3. Препараттармен медициналық шкаф (физиологиялық ерітінді, цефотаксим, спирт, мақта, шприц).



3беттің 3беті