Файл: шты шты Масаты Нені шатынын, нені шпайтынын, аарымпаздыа трбиелейді. Ойынны мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 8
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұшты - ұшты
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны:
Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты торғай ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты жылан ұшты
(қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.
Ақ қоян
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны:
Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады. Ақ қоян - ау, ақ Орныңнан тұрсаңшы Шашыңды тарасаңшы Бетіңді жусаңшы Әй - әй көйлек кисеңші. Біреудің қолын үзсеңші - Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
Жақсы сөз – жарым ырыс
Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.
Ойынның шарты: Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.
МЕН КІММІН?
Мақсаты:
Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.
Ойна да,ойла!
Балалар, енді сұрақтарға жылдам жауа берейік:
-
-Қазақ тілінде неше әріп бар?(42) -
- Сөйлем неден құралады…(сөз) -
-сөз неге бөлінеді…(буын) -
-Әріпке жатпайтын нелер? (Ь,Ъ) -
- а,ә,о,ы,ұ,і,ө,ү қандай дыбыстар? (дауысты) -
-в,с,м,т,ф,з,д,л қандай дыбыстар? (дауыссыз) -
- құстың неше қанаты бар? -
-керіктің неше аяғы бар? -
-шегірткенің мұрты қанша? -
- екі есектің құйрығы неше? -
- Бес тырнаның неше мойны бар -
-мысықтың қанша аяғы бар?
- екі иттің неше тұмсығы бар?
-бес баланың қанша құлағы бар?
Сөз құра
«Шапалақ» ойыны.
-
Тек дәмді тамақ жегісі келетіндер шапалақтаймыз -
Тек сабаққа кешікпегендер ғана шапалақтаймыз -
Тек каникулды сүйетіндер шапалақтаймыз -
Тек «Сникерсті», «Баунтиден» артық көретіндер шапалақтаймыз -
Тек оқи берсем деп ойлайтындар шапалақтаймыз -
Тек жыл бойы сабақтан қалмағандар шапалақтаймыз -
Тек Отанын жақсы көретіндер шапалақтаймыз -
Тек көңіл күйі тамаша балалар ғана шапалақтаймыз