ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Пәні: | Әдебиеттік оқу | ||||
Бөлімі: | Атақты тұлғалар | ||||
Педагогтің аты-жөні: | Құралова Динара | ||||
Күні: | 13.02.2023 | ||||
Сыныбы: 3 «а» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | «Хан Абылай атандың» Бұқар жырау | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау; 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау. | ||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, өлең бойынша сұрақтарға жауап береді; Көптеген оқушылар: өлеңдегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды, кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды, іс-әрекетін өлеңнен тауып бағалайды. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында слайд-презентациядағы сұрақтарға жауап береді. А. Әл-Фараби дегеніміз кім? Ә. Әл-Фарабидің қандай шығармасы бар? Б. Сағыныш сазы аңызының негізгі идиясы қандай? | «Жылы лебіз» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыра-ды. Оқушылар тақтадағы сұрақтарға жауап береді. | Дескриптор: Әбу Насыр Әл-Фараби туралы материалдар-ды еске түсіреді, айтады. Жалпы балл -2 | Интербел-сенді тақта, слайд-презента-ция | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | Білім дағдысы: 1-тапсырма (МК, Ұ,) Суретпен жұмыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген суретке зер сала отырып, берілген сұрақтарға мұғалім көмегімен жауап береді. 1. Суретте кімдер бейнеленген? 2. Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың? 3. Суреттегі ақбоз атқа мінген батырды кім деп ойлайсың? Неге? 4. Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың? Қосымша мәлімет: Батыр деп - ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар. Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыры Абылай хан туралы айтамыз. Абылай қазақ халқының ханы болған. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр. Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Абылай ханның әкесінің аты Уәли. Түркістанда билік жүргізген. Абылай хан жоңғарлармен, қалмақтармен шайқасқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген. Мұғалім презентация көмегімен видеоның мағынасын ашып, сабақты түсіндіреді. 2 - тапсырма (Ө, Т, МК) «Бірлесіп оқу» әдісімен Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңін түсініп оқиды. Автор жайлы мәлімет: Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы. Дәптермен жұмыс: Сөздік Бұқар жырау- Абылай ханның тұсында өмір сүрген жырау. «Рефлексия» әдісіне сүйеніп: 1. Өлеңді түсініп оқиды; 2. Оқиға соңын болжайды; 3. Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді; 4. Кейіпкердің іс-әрекеті туралы әңгімелейді; 5. Кейіпкерді сипаттайды; Сұрақтар: -Суретте кімдер бейнеленген? -Қазақ батырлары неге атқа қонды? -Ақбоз атқа мінген батыр кім деп ойлайсың? 3-тапсырма (ЖЖ, ОТ) «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша берілген кестемен жұмыс жасайды. Үлгі: Өлең жолдары Осы жолдар бойынша қандай суреттер салар едің? Жиналған батырларға Абылай хан не айтты деп ойлайсың? Өңкей батыр жинал деп, Хан Абылай шақырды. Бір төбеге жиылды, Құм төбедей үйілді. Алтын тақ үстінде отырған Абылай хан суреті, жанында жиналған батырлар Елді қорғау біздің парымыз, кешегі ұрыста жасаған ерліктерің үшін разымын т.б. 4 - тапсырма (МК, Ө) «Әдеби шеңбер» әдісінің «Қорытындылаушы» бөлімі бойынша берілген анықтамалардың мағынасын ашатындай мәтін құрастырып айтады. Анықтамалар: Абылай - батыр. Абылай – хан. Абылай – қолбасшы. Үлгі: Абылай елін жоңғарлардан қорғаған батыр. Ол батырларды талай шайқастарда демейтін ақылды қолбасшы болды. Өзінің әділдігі мен әдептілігі, ақылдылығы арқасында хан атанды. Қосымша: Kazak Ablai Khan(Абылай хан). Бейнебаян көреді. | Берілген суретке қарап тақырыпқа байланысты өз ойларын айтады. Оқушылар видеомен танысады. оқушыларға көзбен көріп сабақты ұғынуға мүмкіндік береді. | Бұл Тақырыпқа байланысты айтылған тұжырымды ойға мақтау ретінде «Жарайсың», «Керемет» деген сөздермен мадақтау. | Презентация , бейне материал, оқулық 3-сынып | |
Оқушыларға тапсырма беріледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Сөздікпен жұмыс жасайды. | (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау. өлеңді түсініп оқиды, мазмұндай алады; өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды; өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; өлеңге қатысты өз ойын айтады; шығарманың жанрын ажыратады және салыстырады.Жалпы балл -7 | Интербел-сенді тақта 3-сынып оқулығы Оқулық | |||
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Пантомима» Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды. Оқу тапсырмасы: Хан Абылай атандың өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап ал. | Оқушылар «Пантомима» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. | ҚБ қойылады. | |
Бекітемін:
Пәні: | Дүниетану | ||||
Бөлімі: | Атақты тұлғалар | ||||
Педагогтің аты-жөні: | Құралова Динара | ||||
Күні: | 13.02.2023 | ||||
Сыныбы: 3 «а» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | 22-сабақ. Менің бабаларым – қыпшақтар. | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру 3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру | ||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: қыпшақтардың қайда өмір сүргенін және немен айналысқанын біледі; қандай өмір сүру салтын ұстанғанын біледі. Көптеген оқушылар: қазақтар мен қыпшақтардың өмір салтын, шаруашылығын, киімін, тілін, сыртқы келбетін салыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады. Кейбір оқушылар: қыпшақтардың өмірін рөлдік ойындар арқылы бейнелі түрде көрсетеді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында слайд-презентациядағы сұрақтарға жауап береді. А. Өнер бөлімінде қандай тақырыппен таныстыңдар? Ә. Бұл бөлімде сіз үшін есте қалған , ең қызықты әрі пайдалы мәлімет қандай болды? | «Жылы лебіз» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыра-ды. Оқушылар тақтадағы сұрақтарға жауап береді. | Дескриптор: Өнер бөлімі туралы материалдар-ды еске түсіреді, айтады. Жалпы балл -2 | Интербел-сенді тақта, слайд-презента-ция | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | Білім дағдысы: Мұғалім экранда берілген сөз жұмбақ арқылы оқушыларға ортақ сұрақ тастайды. Бұл әдіс оқу мақсатын және сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірлесе айқындауға мүмкіндік береді. Кейін жаңа сабақты түсіндіру мақсатында тақырыпқа байланысты видео көрсетеді Мұғалім презентация көмегімен тақырыптың мағынасын ашып, сабақты түсіндіреді. 1.Қыпшақ даласы туралы мәліметтермен танысады және картадан табады. 2.Қыпшақтардың шаруашылығымен танысады. Білімдерін жетілдіріп, тапсырмалар орындайды. 3-тапсырма Сөздікпен жұмыс Сергіту сәті: «Миллион кімге бұйырады» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді. Қыпшақ пен қазақтардың ұлттық киімін салыстырады. 4 - тапсырма | Берілген сөзжұмбақты шешу арқылы тақырыпты табады. Оқушылар видеомен танысады. оқушыларға көзбен көріп сабақты ұғынуға мүмкіндік береді. | Бұл Тақырыпқа байланысты айтылған тұжырымды ойға мақтау ретінде «Жарайсың», «Керемет» деген сөздермен мадақтау. | Презентация , бейне материал, оқулық 3-сынып | |
Оқушыларға тапсырма беріледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерді кластер әдісі арқылы қорытындылайды. | (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау. Қыпшақтар туралы түсініп оқиды, мазмұндай алады; мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды; Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; қыпшақтарға қатысты өз ойын айтады; Жалпы балл -7 | Интербел-сенді тақта 3-сынып оқулығы Оқулық | |||
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Пантомима» Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды. Оқу тапсырмасы: 58-59 бет оқу. | Оқушылар «Пантомима» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. | ҚБ қойылады. | |