ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сценарий "Қош келдің, Жаңа жыл!"
Кейіпкерлер
Фея – жүргізуші
Аяз ата
Ақшақар
Түлкі
Қоян
Фея: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата – аналар және қонақтар!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. Байқаймын балалар кешігіп жатқан секілді. Мен оларды Ормандағы ғажайып Жаңа Жылға шақырып едім.
Сол кезде телефон шырылдайды.
Фея: Алло, бұл кім?
(Телефонның ар жағынан дауыс естіледі)
- Алло, Бұл "Балапан" тобы. Біз есікті аша алмай тұрмыз, есік тек ғажайып шырша ғана аша алады.
Фея: Ол қалай?
- Шырша түбінде ата-аналарға арналған сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берсе ғана есік ашылады.Тездетіңіздерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз.
Фея: Жарайды, жарайды.
Ендеше шырша түбіндегі сұрақтарды алайын. Бұл жерде үш сұрақ бар екен.Ортаға 3 ата-ана шыға қойсын.
1. Сіз балалық шағыңызда Жаңа жылға Аяз-атадан қандай сыйлық алғыңыз келді?
2. Жаңа жылға арналған қандай тақпақ білесіз?
3. Жаңа жыл қандай ерекшеліктерімен сізге ұнайды?
Фея:Қане, балаларымызды қошеметпен қарсы алайық.
(Есік ашылып, балалар ішке кіреді көңілді әуенмен)
Фея: Ормандағы ғажайып Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер балалар.
Фея – жүргізуші
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштығы
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл
Тақпақтар:
1. Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер. Дамели
2. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз. Жанарыс
3. Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса. Айару
4. Жаңа жыл, жаңа жыл,
Құтты болсын баршаңа.
Қандай жақсы мереке,
Ән шырқайық баршаға. Адия
5. Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз. Раяна
6.Аяз ата әппақ,
Сыйлықтары тәттақ.
Сыйлықтары көп болса,
Мен айтамын тақпақ.
Сафия
Фея: Жаңа жылдың кешінде,
Аңдар келіп бір шешімге.
Достаспақшы ниетпен,
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар,
Жаңа жылда ертегілер елінен
Қонақтарды қарсы алайық.
(Мерекелік музыка ойналады)
Қоян: Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда
Босқа қарап тұрмайық,
Өнерін жұрт көреді.
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп
Тарқатам құмарымды.
Фея: Рахмет, Қош келдің жаңа жылымыз қоянжан!
Жүрген жерің күлкілі ән.
(Барлығы бірге билей, жөнеледі.)
Би общий: «Жаңа жыл» биі.
Фея: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Аяз атаның орнына түлкі кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)
Түлкі: пай – пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін – ай! Үйге алып кетсем бе екен?
(осы кезде түлкі төменге еңкейіп шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді)
Фея: Қу, түлкі!
(Түлкі оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды.)
Қоян: Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
(Түлкі сөзге мән бермей, былай деді: «Ту-у-у». Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.)
Түлкі: Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын – ай, жұлынбайды ғой.
(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда)
- Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілтті мен алайын.
Фея: Түлкіжан кілтті бізге бер, бұл Аяз Атаның кілті ғой.
Түлкі: Егерде сендер мені жаңа жыл кешін тойлауға қалдырсаңдар, мен кілтті беремін.
Фея: Балалар түлкіні қалдырамыз ба?
(Қоян да иә деп айқайлайды)
Ойын Қоянмен
Ойын шарты: Көңілді музыка ойналады.Балалар қоянның артынан паровоз болып ұстайды; Ал қоян артына бұрылған кезде балалар орнына отыру қажет. Отырмаған баланы қоян ұстап алады.
Түлкі: Алақай, балалар мен Аяз атаның қайда екенін білемін. Фея мен кілтті Аяз атаға алып барып берейін!(Түлкі мен барыс шығып кетеді)
Фея:Біз саған кілтті қалай береміз? Саған сенуге болады ма?!
Түлкі: Иә, әрине Фея. Енді мен жақсы түлкімін.
Фея: Балалар, қәне тойды жалғастырайық, Аяз атаны кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап атамызды шақырайық.
Ән: Ақшақар
Балалар:Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп,залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Э-ге –гей. Жаңа жыл құтты болсын! Міне менде жеттім! Сәлеметсіздер ме менің достарым! Таңертеңнен ерте тұрып жолға шықтым. Менің жолшыбай істейтін мерекелік жұмыстарым көп қой. Айды жарқыратып сүртіп қойдым. Жұлдыздарды жарқыратып қайрағыммен қайрап қойдым. Орман – тоғай өзендерді мұзбен, қармен жауып қоймасын деп ағаштарға, үйлерге шыршаларға күмістен моншақтар іліп қойдым
Ақшақар:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер!
Фея: Саламатсыздар ма, Аяз ата, Ақшақар. Қош келдіңіздер! Жаңа жыл құтты болсын. Аяз ата, Ақшақар біздің шыршамызды жағып беріңіз. Біздің қыздарымыз бен ұлдармыз қуанып қалсын.
Аяз ата: дұрыс айтасың мейірімді Фея! Мен өзімнің өнерімді көрсетейін. Ал, Ақшақар қызым атаңа көмектес, шырша шамдары жанбай тұр екен.
Ақшақар:
Сиқырлы таяқша,
Шыршаға жақында.
Шыршаның шамдары,
Жарқыра, жарқыра!
Кәне бәріміз: жарқыра, жарқыра!
(балалар бәрі бірге)
Аяз ата:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Балалардың күлкісі,
Бар әлемге тарасын.
1,2,3 шырша шамы жарқыра!
Ақшақар: қәне балалар менімен бірге қайталаңдар.1,23 шырша шамы жарқыра!
(Шырша шамдары жанады)
Ән "Шырша жыры"
Фея: Алақай, балалар шырша шамдары жанды, Аяз ата мен Ақшақарға арналған гномдар биін қарсы алыңыздар.
Би: «Гномдар»
Фея: Енді сіздерге арнап тақпақтарын айтады.
1.Әдемі биік жап жасыл,
Шыршамыз тұр орта да.
Би билейік, ән шырқайық,
Жаңа жылды қарсы алайық. Ахмет
2.Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап. Леян
3.О, алақай Аяз ата,
Келе жатыр алыстан.
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын Жаңа жыл! Ильнур
4.Тамаша тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
5. Жаңа жылым жол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын! Айқын
6. Аяз атам, ақ атам,
Берекелі бақ атам.
Қош келіпті жаңа жыл,
Жаңа өлең, жыр айтам. Айару
7. Әппақ тонға орнанып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып. Малика
Фея: Аяз ата біздің балалардың әлі де көптеген өнері бар, тамашалаңыз!
Менің кішкентай феяларымды қарсы алыңыздар!
Би: «Фея »
Аяз ата: Жарайсыздар балаларым! Ескі жылға көп көп рахмет айтайық. Барыс жылы баршамызға жақсы жыл болды. Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Енді мен Ақшақар қызыммен бір ойын ойнайық.
Аяз атамен ойын
Ойын шарты: Аяз ата қолындағы сиқырлы таяғын жерге ұрғанда балалар билейді; Ал екінші рет ұрғанда Аяз атаның нұсқауы бойынша қатып қалады.
Аяз Ата: Жаңа жыл арамызға келіп, көңілім шаттанып қалды. Балалар, сендерде шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер, мен сендерге акелеген сыйлығымды берейін. Ой, менің балаларға арналған сыйлықтарым қайда? Менде қартайдым. Бір жерде ұмытып кетсем керек... Ой, ой, ой.......
Ақшақар: Ой, Аяз ата енді балалар сыйлықсыз жаңа жылды қалай қарсы алады?!
(Осы кезде сыйлықтармен Аққала кіріп келеді)
Осы кезде сағат тілі соғылады
Қоян жылы:
Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Ән : Келді міне, Жаңа жыл!
(Аяз ата сыйлықтарын балаларға береді)
Аяз ата:Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Фея: Міне ортамызға тағы да бір жаңа жыл келді. Жаңа жылда не тілесең сол орындалады дейді. Сондықтан да ата аналар, балалар бір –бірімізге жақсы сөздер айтып, жақсы тілектер тілеп жүрейік. Жаңа жыл құтты болсын! Қош сау болыңыздар.