Файл: Пні Педагогика Мамандыы 0111000 Негізгі орта білім беру Біліктілігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.
Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Сұрақ - жауап
3. Өнер
4. Ас мәзірін даярлау
5. Шығармашылық қолөнер сайысы
6 сыныпта «Қызықты грамматика» атты факультатив сабақ жүргізілді.
Тақырыбы: «Жұмбақ жасыру»
Мақсаты: Оқушылардың жұмбақ туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оның мән-маңызын түсіндіру
Міндеттері
Білімдік: Өз беттерінше сабаққа мақсат қойып, халық ауыз әдебиетінің бір тармағы ретінде жұмбақ тақырыбына шығу, оның түрлері туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Жұмбақ шешу арқылы ойын ұшқырлау, елестету, қиялдауын дамыту, өздіктерінен жұмбақ шығару арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Халық даналығының мағынасын өздеріне алып шығуға,білімпаз болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жаттығу, топтық жұмыс, ойын, т.б.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Жұмбақ аялдамалары. Бағалау парағы. Ақ қағаздар, фломастерлер.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау
ІІІ. Кіріспе сөз
IV. «Жұмбақ кейіпкер»
V. Топтық жұмыс
а) «Кім тапқыр?»
ә)«Кім жылдам?»
VI.«Ойлан, тап»
VII.«Соңғы сөзді мен айтамын»
VIII.Сабақты қорытындылау
Қорытынды
Қорыта келгенде, бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін, ең алдымен , білім беру саласын реформалауды қола алу қажеттігін президентіміз атап көрсеткен болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласын алдына шешілуге тиісті біраз міңдеттер қойылды. Онда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмір құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып да, даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді жоюдың жолы - оқыту үрдісінде оқушы тұлғасын дамытуда танымдық белсенділікті орны ерекше болып табылады Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытудың күшті құралы болып саналады. Бұдан бұрынгы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің еңбасты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жәнс жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуга байланысты өзгерістердің ізімен асығу кажеттігі пайда болып отыр. Педагиканың іркіліс. кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-тсхникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да. педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері: философиялық қоғамтану, педагогикалык және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие практикасы арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті, адам тәрбиесі жоніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соиың негізінде алга қойылган аттарга жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Оқушының жан дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін арттыруда сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың ролі өте зор. Яғни балаға ықпал ету, олардың неге жете білуіне қажет жағдайлар сабақтан гөрі осы сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін және тәрбиелік мақсатта нақты көздеген нәтиженің болуы үшін мұғалім, сынып жетекшісі бұл жұмыстардын түрі, мазмұны дегендерді өзі жете біліп және оларды оқушы қызығушылығы мен жас ерекшелігіне сәйкес жүргізе білуі шарт. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында тәрбиенің жақсы жақтарын үйренуге әсері мол. Адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт- саналарына бір-біріне деген бауырмалдық қасиеттерінің артуына, сонымен бірге оқу- тәрбие ісінде алған білімдеріне қосымша сабақ болары анық.
Тәрбиеші, яғни сынып жетекшісі арқылы жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушының жақсы мүмкіндіктеріне орай, жүргізілуі керектігін ашып көрсеттік.
Тәрбие үрдістерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін басқаруда жеке тұлғаны дамытуда, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде сынып жетекшісінің мақсат- міндеттері :
-
Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу: -
Тәрбие ісінде белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау; -
өз жұмысының нәтижелігін анықтай білу. -
Оқушыларды –зерттеу арқылы сыныптан тыс жұмысты жүргізу.
Курстық жұмыста монографиялар, басылым беттеріне жарияланған материалдар пайдаланылды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. "Мектеп", 1987, 99-115 беттер.
2. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. -А., "Мектеп", 1975.
3.Нұрмағанбетов С, Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. -А., ектеп", 1969.
4. Саңғысбаев Н. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен.-А.,"Мектеп", 1972.
5. Сағындықұлы Е. Педагогика . Дәрістер курсы.-Алматы,1999.-179 бет
6. Әбенбаев С.Ш. Педагогика. Астана: Фолиант,2003.-352 бет
7. Дүйсенбаева Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей,2003-147 бет
8. Момбиева Г. Оқушы тұлғасының сапаларын қалыптастыру және дамытудың психологиялық- педагогикалық шарттары// Валеология дене тәрбиесі спорт , 2003,№ 7-8
9. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы,2001
10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.Астана,1998
11.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы.Алматы,1986
12. Әлжанова Г. Ұлттық тәрбие құндылықтары.// Ізденіс,№ 2, 2004
13. Бөрібасарова Ж. Жеке тұлғаның қалыптасуы// Бастауыш мектеп №9, 2006
14. Құрманалина Ш.Х. Педагогика: Оқулық.-Астана,2007
15. Ақназаров Б., Шыныбеков Оқу процесінде тәрбиелеу .Алматы, 1992
16. Жеке тұлғаның қалыптасуына ортаның әсер //Ұлағат №2, 2005
17. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика. Ақтөбе, 2000.
18. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы// Қазақстан мектебі, №10,2000
19. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі А., 1999
20. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы .-А., 1993