Файл: Мектепалды даярлы тобыны бейімділігін зерделеу туралы анытама.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектепалды даярлық тобының бейімділігін зерделеу туралы анықтама
Жалпы сынып оқушыларының мектепке, сыныпқа, мұғалімге, бір-біріне бейімделуі жақсы. Мұғалім талабын орындауға тырысады. Сыныпта 15 оқушы. Қимыл-қозғалыс көп. Оқушылар қолдарын көтеріп, толық жауап беріп отырады. Оқушылар қазақ тілі пәні барысында берілген тақырыптарды мән беріп тыңдап, сұрақ-жауаптарды, тапсырмаларды орындап, жауап беруге төселген. Дегенмен де оқушылардың тыныштық сақтап, бірін-бірі тыңдау үшін сабақта қызықты материалдарды кең қолдану қажет. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың өзін-өзі ұстауы, пәнге деген қызығушылығының артқаны байқалады. Сабақ барысында қызықты ойындар, түрлі суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың оқу деңгейі көтеріле бастады. Сабақтар тартымды болу үшін оқушылар арасында топтық, жұппен жұмыстар жүргізіліп отырды. Жылдың басынан сынып ішінде, оқушылар арасында ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. Қазақ тілі сабағында үнемі белсенді жауап беріп, қызығушылық танытатын Майер Даяна, Шишова Дарья, Черный Андрей және Зобова Анна. Сонымен қатар Познак Вячеслав қазақт тілі сабағында анасымен бірге жұмыс жасады. Оқушы 5 минут жұмыс жасап, түрлі дыбыстар шығарып, оқушылардың білім алуына кедергі келтіріп, алаңдатты. Кушанов Омар, Прищеп Роман жан-жақты болғанымен, қызығушылығы тез басылып қалады. Бушуев Данил тапсырма орындағанда жеке өзіне көңіл бөлуді қажет етеді. Дегенмен де балалар берілген әріптерді, сандарды барынша меңгеріп, дәптермен жұмыс жасап отырды. Оқушылар 1 ден 10 ға дейін санай алады және әріптерді көшіріп жазу кезінде 3 оқушы қиналады. Майер Д, Майер Д, Зобова А, Черный А, Шишова Д, Скорик Д қазақ тілінде берілген өлең, тақпақтарды еркін жаттап айтады. Жалпы сынып оқушыларының мұғалімнің талаптарын орындау қабілеттері орташа. Оқушылардың зейінін тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізілуі қажет.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Өтепова А.Б