Файл: Уаыт Спикер мтіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сқақ Дәмегүл Әбдірахманқызы

Қазақстан тарихы

7-сынып

Уақыт

Спикер мәтіні

Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары

14 минут

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!







Бөлім: Қазақстанның XIX-XX ғасыр басындағы мәдениеті




00:00-

01:00

Сабағымыздың тақырыбы: XIX ғасырдың соңы-XX ғасырдың басындағы қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы.

1-слайд




Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындайсыз.

2-слайд

00:01-

01:01

XIX ғасырдың екінші жартысынан қазақтың жазба дәстүрі қалыптаса бастады. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид сынды ғұлама-ғалымдар ауызша деректерді жазбаша түрде жинастырды.

Қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы, Қазақстан тарихын зерттеушілердің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).

3-слайд

00:01-

01:01

Ол ұлы ақын Абайға жақын туыс болып келеді. Жастайынан араб, түрік, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген. Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиеттерін терең білген. Меккеге қажылыққа барған сапарында Стамбұл мен Париж кітапханаларынан қазақ халқының тарихына байланысты кітаптар оқыған. Жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын, «Мұсылмандық шарты» еңбегін жазды. Олар 1911-1912 жылдары Орынборда басылып шықты.

4-слайд

00:01-

01:02

Шәкәрім шежіресінде қазақты түп тереңінен таратып, Орталық Азия халықтарының тарихи жолын тұтас көрсетеді. Жазба деректер молынан пайдаланылған «Шежіренің» қай бөлімінде болмасын дәуір оқиғалары нақты бейнеленген. Шәкәрім Құдайбердіұлы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының өміріндегі оқиғаларға көптеген тарихи, публицистикалық туындыларын арнады. Ол қазақ халқының, соның ішінде қазақ сұлтандары мен хандар шежіресін жан-жақты зерттеді.

«Қалқаман-Мамыр» поэмасы Шәкәрім «тарихи хикая» деп атаған. Тарихи дастанда XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ даласы көрініс тапқан. Дастанда екі жастың арасындағы кіршіксіз махаббат, ел ішіндегі озбырлық пен қатыгездік суреттелген. Халықтық шығармаға айналған дастанда өткен дәуірдегі озбырлық пен қатыгез әдет-ғұрып әшкереленеді. Еркіндікті көздеген халық мұраты бейнеленген.

5-слайд

00:02-

02:02

Шәкәрім демократиялық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағыт ұстанды. Оның идеялары XIX ғасырдың соңындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес келеді. Шәкәрім қазақ поэзиясының философиялық саласын дамытты. Ол халықты адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге шақырды.

6-слайд

00:02-

02:03

Қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеушілердің бірі Құрбанғали Халид (1843-1913).

Құрбанғалидың әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Жас кезінде Құрбанғали Халид Абдулхақ деген кісінің медресісінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алған. Татар және қазақ тіліне қоса араб, парсы, түрік, т.б түркі тілдерін жетік меңгерген. Шәуешекке көшіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен дәріс берген.

7-слайд

00:03-

03:04

Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және Қазанда жарық көрген «Жарида» («Жаңа тарихи жазбалар», 1889), «Тауарих хамса» («Бес шығыс халқы тарихының очерктері»,1910) атты тарихи-этнографиялық зерттеулердің авторы ретінде белгілі. Бұл еңбектерде қазақтың шығу тегі, Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы, қазақ халқының хан, сұлтандары, батырлары мен би-болыстары, атақты ақын-жыраулары туралы айтылады.

«Тауарих хамса» еңбегінде шығыстың бес елі, соның қатарында қазақ халқының тарихын толық қамтуға тырысқан. Өз мүмкіндігіне қарай жан-жақты ғылыми талдау жасауға, қазақ жайындағы басқа тарихта баяндалған қате-кемшіліктерді түзетуге тырысқан. Әсіресе «қазақ» атауына дәйекті түрде түсіндірме берген. Құрбанғали Халид Ресей аумағында жарық көрген басылымдар мен кітап-газеттерді алдырып тұрған. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерекше мән берген. Хандардың тарихын көр зерделеп, далалықтардың салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдерін айшықтаған. Ұлттық дәстүрлі киім-кешек пен үй жабдықтарын, көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін терең ашып көрсеткен. Құрбанғали Халидтің еңбектері XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ халқының тарихын зерттеуде құнды дерек саналады.

8-слайд

00:04-

04:05

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)-қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, энциклопедист-ғалымы. Ол дала тұрғындары үшін дана да қасиетті адам саналады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Баянауыл сыртқы окургінің Қызылтау тауының етегінде орналасқан «Ашамайтас» елді мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының азан шақырып қойған есімі Адам Жүсіп. Ол 9 жасқа толғанда аға сұлтан Мұса Шорманов халық аңыздары мен дастан, поэмаларын жатқа айтқаны үшін «Мәшһүр» атандырды. «Мәшһүр» сөзі араб тілінен аударғанда «атақты», «даңқты», «белгілі» ұғымын білдірді. Ол осы Мәшһүр Жүсіп есімімен халық арасында кең танылды.

9-слайд

00:05-

05:06



1861 жылы алапат жұт кезінде оның отбасы бар малынан айырылады. Сол кезде Мәшһүр Жүсіптің әкесі: «Адамның тірегі мал емес, білім!» деп баласын сауат ашуға медресеге береді. Мәшһүр Жүсіп 1872-1874 жылдары Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқып, араб, парсы және шағатай тілдерін меңгеріп алады.

10-слайд

00:06-

06:07

Мәшһүр Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, лингвистика, педагогика т.б. ғылымдарды зерттеумен белсене айналысты. Діни зерттеулер де жүргізді. Даланың бай мәдениеті жайлы, қазақ халқының тарихы мен діни наным-сенімі туралы материалдар жинастырды.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен Мәшһүр Жүсіп бала кезінен айналысты.

11-слайд

00:07-

07:08

1865 жылы ұстазы Қамар хазіреттің көмегімен «Ер Олжабай батыр» эпосын жазып алды. Бозбала шағында Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және т. б. Тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар жинастырды. Ол Омбы, Павлодар, Семей, Петрапавл, Атбасар, Ақмола қалалары төңірегіндегі және басқа өлкелердегі ауылдарда болды. Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағын түгелдей дерлік аралап шықты. Бұл сапарларының барысында қазақ даласының әйгілі тұлғалары, атап айтқанда, Мейрам қажы Жанайдарұлы, Кенесары ханның ұрпақтарымен және Ақан сері, Саққұлақ билермен танысты. Ел арасынан жинаған материалдары бүгінде ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар, тарихшылар мен филологтар үшін бағалы еңбек болып табылады.

12-слайд

00:08-

08:09

Мәшһүр Жүсіп білікті өлкетанушы еді. Ол халықтың әйгілі жырауы Бұқар Қалқаманұлының жерленген жерін тауып, анықтады. Мәшһүр Жүсіптің қажырлы ізденушілік еңбегінің арқасында ұлағатты сөздер, тарихи аңыздар, этнографиялық мәліметтер, хан, сұлтан, би, батыр, қожалардың шығу тегі жайлы құнды деректер жинастырылды. Ол Орталық Азияның тарихына қатысты деректерді түпнұсқасынан оқи алды. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының тарихын көрнекті тұлғалар өмірімен байланыстыра жазды. Мәселен, Абылай ханға «Ұлы Даланың айбынды билеушісі» ретінде баға береді.

Ақын қазақ халқының ең шұрайлы жері Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған шаруаларға тартып алынып берілуіне қарсы тұрды.

13-слайд

00:09-

09:10



1907 жылы Қазан қаласында үш кітабы жарық көрді. Соның бірі «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында автор тарихи деректер негізінде Дала өлкесінің байырғы тұрғындар қазақтарға тиесілі екендігін дәлелдеп шыққан. Патшалық билік өкілдері бұл кітаптың барлық таралымын жойып жіберді. Ал ақынның өзін саяси саяси сенімсіздер тізіміне енгізді. Басқа кітаптарында ақын сөз бостандығы мен халық ағарту ісі мәселелерін көтерді.

1880 жылы «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттері мен «Айқын» журналында мақалалар жариялай бастады. Оның шығармалары патша цензурасы тарапынан аса қауіпті деп есептеліп, ақын саяси қудалауға ұшырады. Ол өзі туып өскен Баянауыл жерінен кетіп, өзге өңірде өмір сүруге мәжбүр болады.

14-слайд




Мәшһүр Жүсіп дінге адал берілген адам еді. Өз өлеңдерінде шала-сауатты молдаларды қатаң сынағанымен, қазақ халқы арасында ислам дінін кеңінен насихаттады.

Абайдың ұлы Әбдірахман да Мәшһүр Жүсіптің асқан білімдарлығына тәнті болып: «Бұл ғаламда ол білмейтін дүние жоқ!» деген сөз қалдырыпты. Атақты балуан Қажымұқан ақынмен бірнеше рет жолығып, әр кездескен сайын оның батасын алған.

15-слайд

00:10-

10:11

Мәшһүр Жүсіп ұлы Жаратушыға сенді, өзінің ойы мен ісін парасаттылық, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерге негіздеді. Өз халқын оқу-білімге, рухани тазаруға, адамгершілік қасиеттерге шақырды. Ақын қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасын алдын ала болжап, бізден жүз жыл бұрын жүзеге асыра бастаған. Ол ата тарихымызбен біте қайнасып келе жатқан рухани құндылығымыздың жоғалып кетпей, сақталып қалуына көп көмегін тигізді. Ақынның ондаған жылдар бойы талмай ізденіп, жазған мақалалары материалдары бүгінде 20 том болып басылып шықты.

Қазақ халқы Мәшһүр Жүсіп әділдік, адалдық, даналық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі болып қала бермек. Ол өз ұлтына адал қызмет етті. Оның өмірі шығармашылық жолы бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге болып саналады.

16-слайд

00:11-

11:13

  1. Тапсырма

Төменде келтірілген деректер қай тарихи тұлғаға қатысты екенін анықтаңыздар.

Қазақ халқының , соның ішінде қазақ сұлтандары мен хандар шежіресін жан-жақты зерттеді.

Қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасын алдын ала болжап, бізден жүз жыл бұрын жүзеге асыра бастаған.

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

Оның «Жарида», «Тауарих хамса» атты тарихи этнографиялық зерттеулердің авторы.


17-слайд




Жауабы:

Қазақ халқының , соның ішінде қазақ сұлтандары мен хандар шежіресін жан-жақты зерттеді. –Ш. Құдайбердіұлы

Қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасын алдын ала болжап, бізден жүз жыл бұрын жүзеге асыра бастаған.- М. Көпейұлы

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

Оның «Жарида», «Тауарих хамса» атты тарихи этнографиялық зерттеулердің авторы.- Қ. Халид

18-слайд




2-тапсырма.

Кестені толтырыңыздар.

Ағартушылар

Еңбектері

Зерттеген салалары

Шәкәрім Құдайбердіұлы








Құрбанғали Халид




















19-слайд




Жауабы:

Ағартушылар

Еңбектері

Зерттеген салалары

Шәкәрім Құдайбердіұлы


«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» , «Қалқаман-Мамыр», «Мұсылмандық шарты» т. б.


Қазақ халқының шежіресін зертеп, тарихи оқиғаларды суреттеді. Философиялық ой қозғады.


Құрбанғали Халид


«Жарида», «Тауарих хамса» т. б.


Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуге үлес қосқан.


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы


«Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Ер Олжабай» т. б.


Ол философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, лингвистика, педагогика т.б. ғылымдарды зерттеумен белсене айналысты. Діни зерттеулер де жүргізді.




20-слайд

00:13-

13:14

Сабағымызды қорытындылайтын болсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындадыңыз. Сау болыңыздар.

21-слайд