Файл: 1. Жоары мектеп педагогикасыны даму болашаы мен тенденциялары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.

Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.

2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).

3.Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады.

4.Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет — адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет — қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі