Файл: 13 Саба Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп гимназиясы» КММ

13 - Сабақ Сабақтың тақырыбы: Біздің өміріміздегі алгоритм

Бөлім:

3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар:«Тағам және сусындар»,

«Дені саудың жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:

Нурахметова Сания Анетовна

Күні:

13.04.2023ж

Сыныбы:

1 «б»

Сабақтың тақырыбы:

Біздің өміріміздегі алгоритм

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.3 Алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру.

Сабақтың мақсаты:


Алгоритмді сөз түрінде құрай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы

«Жылдам фото» ойыны

Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.

Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/.

Топтастыру:«Жыл мезгілдері» әдісі. Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді



Сәлемдеседі.

«Жылдам фото» ойынын ойнайды, сұрақтарға жап береді. Соңынан дұрыс-бұрыстығына көз


1-топ: «Қыс»

2-топ: «Көктем»

3- топ: «Жаз»

4-топ: «Күз».жеткізеді.

  • Бәйге – қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы. Шабандоз бәйге алаңын толық бір айналып шықты

  • Шабандоздың әрекетін ретімен ата.





ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беру барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.




Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 26 мин.

МК, Т) Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Асқардың қысқартылған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмге блок-сызба құрастыр.


Дескриптор:

-Топта бір-бірімен ақылдасып, ой бөліседі.

-Берілген алгоритмге блок-сызба құрастырады.

-Топтар арасында бір-бірімен бөліседі.

ҚБ: Топтық жұмыста оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Жұмыс дәптері.


(Д) Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма Асқардың таңертеңгі іс-әрекеті 4-суретте берілген. Оның іс-әрекетін ретімен орналастыр. Алгоритімін сөз және блок-сызбамен ұсыныңдар.

Дескриптор:

  • Берілген суретпен танысады.

  • Асқардың іс-әрекетін реттілікпен сөз түрінде жазады.

  • Жазылған алгоритмнің блок-сызбасын құрастырады.

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.





«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

3-тапсырма Домино тастарын біреуі қалып кетпейтіндей орналастыру алгоритмін тап. Алгоритмнің блок-сұлбасын құрастыр.

Дескриптор:

-Жұптасып өз-ара ақылдасады, ой бөліседі.

-Орналастыру алгоритмін жазады.

-Алгоритмге блок-сұлба құрастырады.

ҚБ:

Жұптық жұмыста оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.


  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




ҚБ: «Кемпірқосақ» әдісі

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Интерактивті тақта