Файл: апланбек жоары аграрлы техникалы колледжі. Км 03 км 03 Бадарлама топтамаларын орнату, деу жне баптау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 66

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-жаттығу.

1. Төмендегі берілген текст сақталған Жемчужина.doc деп аталатын құжат жасаңыз. Текст:

Отель «ЖЕМЧУЖИНА» - это туристический комплекс, занимающий значительную площадь. Отель приспособлен для отдыха с детьми. Лыжный подъемник, лыжная школа расположены рядом. В отеле есть ресторан, бассейн, сауна и гимнастический зал. Кроме того, в отеле есть:


  • Детский сад, в котором воспитатели заботятся о детях, устраивают праздники, просмотр детских фильмов или чтение сказок.

  • Апартаменты с цветным телевизором, телефоном и балконом, лоджией или террасой. Тип 1 – жилая площадь около 27 кв.м, тип 2 – около 34 кв.м.

  • Буфет для завтраков с большим выбором блюд.


2. Берілген текстегі маркирленген тізімді (маркированный список) алдын –ала белгілеп алып, Формат – Колонки командасының көмегімен бағандарға бөліп орналастырыңыз. Текст жаңа бағаннан басталу үшін әрбір бағаннан кейін Вставка – Разрыв – Новая колонка командасы орындалады. Келесі түрде болуы керек
Тест тапсырмалары:

  1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?

А) Жіберу — Программалар — Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы

В) Файл – Ашу

С) Файл – Құру

  1. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:

А) аспаптар панелінде

В) тақырып жолында

С) есептер тақтасында

  1. MS Word программасының терезесінің құрылымы:

А) әдеттегі, веб-құжат, беттерді белгілеу, құрылым.

В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама

С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі,т.б.

  1. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?

А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер

В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін

С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта

  1. Мәтінді туралаудың түрлері:

А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау

В) шегініс және аралық

С) жоларалық интервал түрлерімен

  1. Жол аралық интервалдың қызметі?

А) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді.

В) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.

С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.

  1. MS Word-та мәтінді әсерлеп жазу командасы

А) Формат – Қаріп – Әсерлеу.

В) Формат – Шекаралар мен құю.


С) Формат – Абзац

  1. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?

А) Файл – Беттің параметрлері – Бағдарлау – кітаптық, альбомдық.

В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке

С) Қою – Беттің нөмірлері

  1. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?

А) Қою – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК

В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке  — ОК

С) Файл – Беттің параметрлері

  1. Абзацтық шегініс түрлері:

А) нөлдік, оң, теріс

В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.

С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.
 Тест жауаптары


Р\с

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауаптар

































ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4



ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторы. Word мәтіндік редакторында шаблондармен жұмыс

Жұмыстың мақсаты:

  1. MS Word мәтіндік редакторында мәтін терудің негізгі ережелерін пайдалану.

  2. Мәтінді түзету тәсілдерін меңгеру (әртүрлі әдістерді қолдану).

  3. Мәтін үзінділерін көшіру және ауыстыру амалдарымен танысу.

  4. Microsoft Word шеберінің және шаблондарының көмегімен жаңа құжат құруды уйрену. Құжаттарды мәтінмен толтырып объектілер енгізу, шекараларын қою.


Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

  2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.


Бос құжатты даярлау : Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:

Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.

1.Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.

2. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. 3. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.

Тапсырма 1: MS Word мәтіндік редакторын пайдаланып құттықтау ашық хатын жаса.

Жұмыс барысы:

  1. MS Word мәтіндік редакторын іске қос.

  2. Құжат бетінің параметрлерін орнату қажет: ені - 18 см, биіктігі – 11 см; Түрі\Альбомдық (Ориентация \ Альбомный); Жиек өлшемдері (Размеры полей) сол және оң жақ жиектері, жоғарғы және төменгі жағы– 1,7 см.

  3. Абзац үшін шегініс (отступ), қатар аралық қашықтық, түзету орнату; егер өлең түрінде болса, шегіністі сол және оң жақтан беруге болады.

  4. Құттықтау ашық хатының мәтінін жаз; өлең түрінде де орындауға болады..

  5. Сурет түрінде рамкамен әдемілеу.

  6. Қаріппен жұмыс: өлшемін, сызбасын және түсін таңда.


Тапсырма 2: Рефераттар мен курстық жұмыстар үшін алғашқы бетін (титульный лист) дайында.

Жұмыс барысы:

  1. Құжат бетінің параметрлерін келтір: ені - 21 см, биіктігі – 29,7 см; Түрі\Кітаптық (Ориентация бумаги – Книжный); Жиек өлшемдері: сол жақ - 3 см, оң, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см.

  2. Caps Lock батырмасын қосып, бас әріптер регистрімен мәтіннің үлкен бөлігін тереміз.

  3. Қаріп өлшемі – 14, сызбасы – қоюланған, мәтір түзету – ортасы бойынша (по центру).

  4. 1-ші қатарға <Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі>, 2-ші қатарға <Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті>, 1 қатар қалдырып, 4-ші қатарға <.... факультеті>, 5-ші қатарға <... кафедрасы>, 10 қатар төмен түсіп, қаріп өлшемін – 26 етіп орнатып, <Курстық жұмыс> немесе <Реферат> деп жаз.

  5. Caps Lock батырмасы арқылы бас әріптер регистрін істен шығар.

  6. Жаңа қатарға көшеміз. Қаріп өлшемі – 14, қаріптің сызбасын қалыпты түрге келтір.

  7. <Тақырып: «Ақпараттану»> деп жаз.

  8. 5-6 қатар төменге түсіп, мәтінді сол жағы бойынша түзету қажет.

  9. <Орындаған: [топ аты, номері] тобының студенті, студенттің тегі, аты, әкесінің аты>, келесі қатарда <Қабылдаған: [оқытушының атағы, дәрежесі] оқытушының тегі, аты, әкесінің аты>.

  10. Соңғы екі жолды ерекшелеп, Формат \ Абзац \ шегініс \ сол жақ [9 см] командасын орында.

  11. 15 (он бес) қатарға төмен түсіп, мәтінді ортаға түзетіп қоюланған қаріппен Орал [жыл] деп жаз.



Тапсырма 3:Резюме шеберінің көмегімен өзіңнің жеке резюмеңді құр, ол келесі мәліметтерді қамтитын болсын: туған жерін және жылын, ұлтың, білімің (орта, орналасқан жері көрсетілген мектеп нөмірі, аттестаттағы орташа балың), компьютер меңгеру деңгейің, шетел тілдерін білу, жеке және қызметтік тұлғаң, қызығатын кәсібің (хобби), мақтаулар мен наградалар, қоғамдық жұмыстарға қатысуың және т.с.с..
Жұмыс барысы:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу.

  2. Файл \ Создать командасын орындау.

  3. Ашылған терезеден басқа құжаттар (Другие документы) қабаттамасын таңдау. Резюме шебері белгісін, әрі қарай ОК батырмасын басу.

  4. Резюме шеберін іске қосқан соң бір терезеден екінші терезеге <Далее> батырмасын басу арқылы көшу, алғашқы екі терезеден резюменің типі мен стилін таңдайсыз, келесілерде жеке мағлұматтар енгізіліп, жаңа пункттер таңдалып алынады.

  5. Готово батырмасын басу арқылы резюме дайындау аяқталады.

  6. Экранда пайда болатын резюме бланкісіне қалған мәліметтерді енгіз.

  7. Резюмені дискіге сақта.


Ескерту: Жұмыс барысында келесі командалар қолданылады: Файл - Параметры страницы, Файл -Предварительный просмотр, Вид - Колонтитулы, Вставка - Объект, Вставка - Символ, Формат - Шрифт, Формат - Абзац, Формат - Границы и заливка, Формат - Буквица, Сервис - Язык - Расстановка переносов и т. .д.

Тест сұрақтары


1. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжатты құру                  Б) құжатты ашу             С) алдын-ала көру

2. Аспаптар панеліндегі   батырмасы мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжатты ашу                      Б) құжатты ашу          С) алдын-ала көру

3. Аспаптар панеліндегі    батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) көшіру                 Б) қою                  С) жаңа құжатты ашу

4. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) алдын-ала көру                Б) қайталау                   С) болдырмау


5. Аспаптар панеліндегі    батырмасы мына әмірге сай келеді:

А) мәтіннің курсивтік кескіні
Б) мәтіннің жартылай жуан кескіні
С) асты сызылған қаріп

6. Мәтіндік процессормен жұмыс кезінде мәтінді теру мынаның көмегімен жүзеге асады:

А) пернетақтаның                   Б) тінтуірдің                 С) принтердің(жазғының)

7.  Қандай аспаптар панелі құжат файлын сақтау, көшіру және т.б.     әмірлерден тұрады:

А) стандарттық               Б) форматтау           С) сурет салу

8. Аспаптар панеліндегі    батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжат құру          Б) құжатты сақтау                   С) алдын-ала көру

9. Аспаптар панеліндегі    батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қию                   Б) көшіру            С) қою

10. Аспаптар панеліндегі    батырмасын мына әмірге сай келеді:        

А) қою                  Б) көшіру            С) құжатты ашу

11. Аспаптар панеліндегі    батырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қайталау                  Б) болдырмау                 С) алдын-ала көру

12. Аспаптар панеліндегі    батырмасын сай мына әмірге келеді:

А) мәтіннің курсивтік кескіні      Б) асты сызылған мәтін        С) мәтіннің жартылай жуан кескіні
Тест кілттері


Р/с

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жауап

а

б

а

с

а

а

а

б

а

а

а

с