ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 76
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.Боракс
Боракс Чиң хай ,Тибет, Шанши, Шынжаң, Гансу қатарлы өлкелерде өндіріледі. Бастысы жұтқыншақтың шұғыл қабынуына, жұтқыншақ-көмекей қабынуға, қызыл иек қабынуға, ауыз қуысы қабынуға, құлақ қабынуға, көздің қабынып ісуіне істетіледі.
Емдік қасиетімен қолдану əдісі:
-
Орта құлақ қабынуға: боракстан 9 гр, күйдірілген ашудастан 15 гр, борнеолдан 1 гр – ды қосып талқандап, құлақтың құлы-ғын əбден тазалап, дəріден аздап құлаққа үрлеп кіргізеді. Күніне 1 -2 рет істету керек. -
Ауыз ойылуға: боракс талқанынан 3 гр- ға 30 гр бал қосып, неболмаса, күйдірілген гипстен 3 гр қосып араластырып, ойылғанжергежағады. -
Өлеттенуге (некроздануға): боракстен аздап талқандап, өлеттенген жерге жағады.
1.2. Қолдану мөлшері: ішкізуге 1,5 – 3 гр, сыртқа істетуге лайықты мөлшерде.
Цистит ауруына тұз шипа
Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды. {6.752}
Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз. {10.160}
Адам ағзасында минералды тұздардың кездесу мөлшеріне қарай оларды микроэлементтер мен макроэлементтерге бөледі. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері оның денесінен несеппен, термен шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адам көп жұмыс істеп, ағзасына көп күш түскенде, ол ұзақ жүргенде, жаяу жүргенде, жаздың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда жұмыс істегенде термен, несеппен ағзадан көп тұз сыртқа шығатындықтан, тағам құрамындағы тұзды да арттыру, адамның мұндай жағдайда күніне 20 граммға дейін тұз тұтынуын қамтамасыз ету қажет, дейді кейбір мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, адамға күніне 10—15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл қажеттілік негізінен тамақ пісіргенде пайдаланылатын табиғи өнімдердегі (3—5 грамм), нандағы (3—5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3—5 грамм), тамақтану үстінде адамның қосымша себетін тұзының есебінен қанағаттандырылатын көрінеді. Жалпы адамдар ежелгі заманнан бері ас тұзын пайдаланып келеді. Және қай халықта тұзды ерекше қадірлейді. Тіпті бұрындары көне Русьте тұз ең бағалы тауарлардың бірі саналған. Оның қымбат болғаны соншалықты, кейбір елдерде ол ақша орнына жүрген. {6.752}
Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ.
Тұз тұрмыс қажетінде Ас тұзын тағам әзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, үй шаруасында да көп қажетке жаратады. Сол себепті ең бірінші тұзды дұрыс сақтай білу керек. Тұз үнемі құрғақ болып тұрсын десеңіз, оған аздап картоп ұнын (500 г тұзға — 30—40 г) қосып қойыңыз. Сонда тұз дәмін де, түрін де жоғалтпайды. Және де тұз салынған ыдысқа су сорғыш қағаз немесе біршым- шым күрішті салып қойсаңыз да тұз дымқылданбайды және түйіршіктенбейді. {8.152}
Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген.Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б.
Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен. {2}
1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.
2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.
6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.
7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.
8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
9. Таттанып кеткен баклашкаға тұз салса, тұз татты жоқ қылады.
• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.
• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
• Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
• Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.
• Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
• Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
• Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
• Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін үлкендердің көмегімен және жетекшімінң көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім.
2.2.Тұздың денсаулыққа зияны
Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым. Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.
1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтырады.
2. Түз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.
3. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады.
Тұз ағзаңыздағы кальциді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.{9.120}
Тұз қан қысымына қалай әсер етеді?{10.160}
Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігерлерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану.
Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма?
Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий - жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бүған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған.
Денеге тұз жиналса... Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады. {10.160}
Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егерде арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қозғалысыңыз едәуір жақсарып, денсаулығыңыз түзеледі. {10.160}
Қазіргі кезде тұзбен емделу жайлы сауалнама қорытындысы
МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМ
Йодталған тұзды алып, суға салып араластырамыз. Кәрлен табақшасына тұз салынған суды құямыз. Тұрғы сақинасына кәрлен табақшасын қоямыз. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, тәжірбиеде пайдаланылған сіріңкені дұрыс пайдаланамыз. Кәрлендегі су қайнағанша күтеміз. Су қайнағаннан кейін кәрлен табақшасының жиектеріне тұз жиналғанын көреміз. Бұдан қорытынды шығаратын болсақ, тұздың қасиеті - қайта кристалдану. Және де судан тұзды осылай бөліп алуға болады.
Мен екі платмасса стаканға су құйып, біреуіне тұз салып араластырдым. Екеуінде тоңыазытқышқа салдым. 8 сағаттан соң: тұз салынбаған су мұз болып қатып, ал тұзы бар стақан қатпаған. Тағы да екі күнге қалдырып едім, тұзы бар су қоймалжың болыпты. Бұдан шығатын қорытынды: тұздың қасиеті - өз күшін жоғалтпайды екен.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый». Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік. Әйтеуір жаңа туған баланы тұзды суға шомылдырып, денесінің пісіп-жетілуін жақсартудан бастап, тұздың өмірімізде қажетті кезі көп.
ҰСЫНЫС
1. Химикат дәрілердің орнына тұзды қолданса, қазіргі замандағы отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі;
2. Денсаулығын ойлаған адамзат тұзды мөлшерімен қолданса (кириешки, чипсы)
3. Тұздың адам денсаулығына пайдасы зор, игерілмей жатқан өз өңіріміздегі тұзды көлдерден арнайы шипажайлар ашылса
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Дүниетану : жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалкова.-Алматы : Алматыкітап баспасы,2014.-132б.,сур. ISBN 978-601-01-1710-5
2.Ғаламтор материалдары: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет, Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997, Қазақ энциклопедиясы I том