Файл: ойылан масата ол жеткізу аясында диплом жазу барысында келесі міндеттерді шешеміз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 115

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан өз тәжірибесіне инновациялық әдістерді енгізуге мемлекет тарапынан көмек беретін ел болып саналады. Қазіргі таңда бұл әрекеттерді жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, жұмыс істеуде. Жалпы Қазақстан Республикасында жүргізілетін бухгалетрлі есептің тиімділігін арттыру үшін іс-әрекеттер жасалып жатыр. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бухгалтерлерге жасалған іс-шаралардың бірі – ол Электрондық шоттар ақпарат жүйесін қалыптастыру. Барлық ҚҚС төлеушілер Электрондық шоттар ақпарат жүйесінде тіркелуі қажет. Электрондық шоттар ақпарат жүйесінің қатысушылары мынадай артықшылықтарды пайдаланады:


а) ілеспе бастапқы бухгалтерлік құжаттарды: тауар-көлік жүкқұжатын, төлем шотын ресімдеуді алып тастау, бұдан басқа, электрондық шоттар-фактураларда шарттың жекелеген деректемелерін көрсету мүмкіндігі;

ә) шот-фактураларды жазып беру бойынша құқықтарды бір мезгілде бірнеше қызметкерге сенімхат бойынша беру мүмкіндігі;

б) халықаралық мәмілелер (экспорт) үшін шетел валютасында электрондық шоттар-фактураларды жазып беру мүмкіндігі;

в) орналасқан жеріне қарамастан растау үшін алушыға электрондық шоттар-фактураны жедел онлайн-жеткізу;

г) контрагенттер арасында Электрондық шоттар ақпарат жүйесінің ішінде хабар алмасу мүмкіндігі;

д) бұрын жазылған электронды шоттар-фактуралардың қателерін жою және кері қайтарып алу мүмкіндігі, өйткені Электрондық шоттар ақпарат жүйесі толтырылған электрондық шоттар-фактуралардың дұрыстығы мен толықтығын тексеруді көздейтін форматты-логикалық бақылауды тексеруді жүргізеді, содан кейін Электрондық шоттар ақпарат жүйесінің операторы мақұлдайды;

е) сондай-ақ, Электрондық шоттар ақпарат жүйесі тағы бір артықшылығы - ҚҚС бойынша ұсынылатын салық есептілігі көлемін айтарлықтай қысқарту болып табылады. Сонымен, егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші барлық шот-фактураларды электронды түрде жазып берсе, онда сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынудың қажеті жоқ. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға (сатып алушыға) барлық шот-фактуралар электрондық түрде жазып берілген жағдайда, онда сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынудың қажеті болмайды.

Сонымен қатар, соңғы кездерде көптеген контрагенттер орындалған жұмыстар актісін электронды түрде жазуға бет бұрды. Электронды орындалған жұмыстар актілерін де электронды шот-фактуралар секілді Электрондық шоттар ақпарат жүйесінде жаза аламыз. Менің ойымша, бұл ақпарат жүйесі арқасында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен салыстарғанда еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, бухгалтерлік есептің дамуы белседірек.

Осы жасалып эатқан ұл тәжірибені жалғастыра отырып, одан да көп оңтайлы нәтижелерге жетуге болады. Бухгалтерлік есепті жетілдіру кез-келген мемлекетке қажет. Жетілдіру процесі бухгалтерлік қызметті ұтымды құрудан бастап тиімді жұмыс істейтін ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға дейінгі көптеген кезеңдерді қамтиды. Сол себептен, бухгалтерлік есеп жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі негізгі іс-шаралар:



- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдетілген қаржылық есептілік стандарттарын әзірлеу;

- кәсіби қоғамдық ұйымдардың қатысуын жандандыру;

- бухгалтерлік және аудиторлық кәсіптерді дамыту мен реттеудегі бірлестіктерді ашу;

- халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік есеп және аудит кадрларын, сондай-ақ қаржылық есептілікті пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

- мемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп пен есептілікті жетілдіру және халықаралық талаптарға сәйкес келетін стандарттарға көшу.

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту бухгалтерлік білім беруді жетілдірусіз мүмкін емес. Бір жағынан, міндет бухгалтерлік есеп пен есептілікте ақпаратты қалыптастырудың тұжырымдамалары мен нақты ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есепті жүргізудің, бухгалтерлік есепті дайындаудың және аудиттің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың жеткілікті санын дайындау болып табылады. Екінші жағынан, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің сапалы жүйесі бухгалтерлік есеп пен есептілікте қалыптасатын ақпаратқа мұқтаж, экономикалық шешімдер қабылдауда, атап айтқанда капиталды инвестициялау бағыттарын таңдауда және онымен байланысты тәуекелдерді талдауда оны пайдалану қажеттілігі мен дағдылары бар пайдаланушылардың жеткілікті санының болуын болжайды. Мүдделі пайдаланушылардың болуы бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытудың маңызды алғышарттарының бірі болып табылады. Сол себептен, заңды түрде бухгалтерлік қызметпен айналысатын қызметкерлердің мәртебесін заңды түрле көтерілуін талап ету қажет.

Бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесін дамыту гүлденген және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Орта мерзімді перспективада даму бойынша баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік және аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі қалыптастыру үшін негіз жасайды. Қазақстандық нарықты және жалпы қоғамды объективті және сенімді қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін мамандықтар. Экономика мен қоғамның игілігі үшін әрекет ететін кәсіптер. Тұжырымдаманы іске асыру қазақстандық ұйымдарға халықаралық нарықтың кең мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі қарсаңында ерекше өзекті.


ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының Заңы.

2 «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексы) Қазақстан Республикасының заңы. – 01.01.2023 жыл

3 Мадиева К.С. Халықаралық есеп. Оқу құралы.- Қарағанды.- 2018.-132 б

4 Нидлз Б.И. и др. Принципы бухгалтерского учета / Нидлз Б., Андерсон., Колдуэлл Д,: Пер.у с англ./ Под ред. Соколова Я.В. - М.: Финансы и статистика, 1998 г. – 496с.

5 Мазуренко, А.А. Зарубежный бухгалтерский учет и аудит: Учебное пособие / А.А. Мазуренко. - М.: КноРус, 2017. - 95 c.

6 http://www.glavbukh.ru

7 http://www.rosbuh.ru

8 http: // www.stels-1.ru

9 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары http://minfin/gov.kz

10 http://minfin.ru

11 http:// PARAGRAPH/kz.buhgalter

12 http://www zakon/kz

13 Учет.kz-бухгалтерлік есеп, ҚР заңнамасы, салықтық есептілік, ХҚЕС, ҰҚЕС

14 http://buhgalter.kz

15 Мюллер Г., Гернон Х., Миик Г., «Учёт: международная перспектива», Москва, «Финансы и статистика», 1999, с.44

16 Грицищен, Д.А. Регулирование бухгалтерского учета в мусульманских странах // Международный бухгалтерский учет. - 2011. - № 15. - С. 57

17. Гуляев, Н.С. Основные модели бухгалтерского учета и анализа в зарубежных странах: учеб. пособие / Н.С. Гуляев, Н.С. Ветрова. - М.: КНОРУС, 2004. – С

18. https://adilet.kz

19. Ковалёв В.В., «Введение в финансовый менеджмент», Москва, «Финансы и статистика», 2000, с 67

20. Лабынцев Н.Т. Международная стандартизация бухгалтерского учета//Фундаментальные исследования. - 2008. – 65

21. Миславская Н.А. Современные учетные системы и факторы, определяющие их развитие. Статья из номера N4/2004 журнала «Финансовый менеджмент»

22. Морозова Ж.А. Международные стандарты финансовой отчетности. М.: Бератор-Пресс, 2002, с.112-113

23. Мэтьюс, М.Р. Теория бухгалтерского учета: учебник / М.Р. Мэтьюс, М.Х.Б. Перера; пер. с англ.; под ред. Я.В. Соколова, И.А. Смирновой. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1999. - 263 с.

24. Ткач В.И., Ткач М.В. Международная система учета и отчетности. - М. - Финансы и статистка, 2003., с. 89

25. Кириянова З.В.: Теория бухгалтерского учета учебник. -М.: Финансы и статистика, 2011

26. Кондраков Н.П.: Бухгалтерский учет.: учебник. -М.: ИНФРА-М, 2012г .

27. Жарикова Л.А., Наумова Н.В. Бухгалтерский учет в зарубежных странах: Учебное пособие 2008г .


28. Бакаев А. С., Безруких П. С., Врублевский Н. Д. и др. Бухгалтерский учет: учеб. 5-е изд., перераб. и доп./ под ред.

29. П. С. Безруких. - М.: Бухгалтерский учет, 2008
Курмантаева А.С. Бухгалтерский учет: отечественная система и международные стандарты.– Караганда, 2015. – 486с.

30. Скала В.И. Реформа бухгалтерского учета./ сост. и др. А.: Lem, 2005. – 48с.

31. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэл Д. Принципы бухгалтерского учета. М., 2003. – 168с.

32. Даубасова Ш.К.Учет по международным стандартам: Учеб. пособие. – 3-е изд. / Под ред. – А.: Фонд Развития Бухгалтерского Учета, 2015. – 438с

33. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях. Алматы, 2007. – 472с

34. Камышанов П.И., Барсукова И.В., Густяков И.М. Бухгалтерский учет: отечественная система и международные стандарты.– М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2018.– 520 с.