Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 431

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
кедергілерге жолығып, қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен жеңе жүріп, өз дегеніне жетуін Т.А.Кошкинаға жазған хаттары растайды. Қазақстанды жаппай жайлаған 1932 жылғы ашаршылық, әке-шешесінен айырылуы, 1937 жылғы зобалаңды автор былай суреттеген: « ...Атышулы 37-жылдың зобалаңы Сәтбай әулетіне ерекше қатты тиген. Үш бірдей бас көтерер азаматынан айырылып, соларға қарап отырған топты бала-шаға мен күллі ағайын есінен танғандай болып жер сабап қалған-ды...Ең алдымен, әрине, есімі қазақ қауымына әйгілі, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері санатында болғаны үшін Әбікей Зейінұлы ұсталған: кең-байтақ қазақ жері пана болмай, әуелі Омбыға, одан да ығысып, 30-жылдары Қырғызстанның
астана сындағы мұғалімдер институтында орыс тілі нен дәріс оқуға ауысқаны білімдар ағартушыға септігін тигізбеді; жаза лаушылар құрығы оны сол жерден шалды.Екінші кезекте Әбдікерім Жәмінұлы тұтқындалды. Әбекеңдей саяси күреске қатыспаған, ән-әуен өнерін әуей көріп, Ақмоланың мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс істеп, бала-шағасын асырап жүрген бейкүнә жан еді. Амал қанша, оныкөрсетушілер Сәтбай қажының негізгі дәулетін иеленген Жәмін байдың тұқымы екендігін әрі Ақмоланың қалталы жуаны (С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» ғұмырнама кітабында даралап атайтын) Мәтжанның сұлу қызы Үминаға үйленгендігін мұрындық етіп, баяғыда ақ әскеріне еркінен тыс жол көрсеткен «күнәсін» қайыра қозғаған

...Бертінде мәлім болған деректерге қарағанда, ағайынды үш Сәтбаев та қамауға алынған 1937 жылы нақақ қаралаумен жер жастанған. Әбікей Зейінұлы сол қарсаңда 56 жаста, Ғазиз Имантайұлы – 43, ал Әбдікәрім (Кәрім) Жәмінұлынебәрі 40 жасқа енді ғана ілінген; демек, үшеуінің нағыз дер шағы...» [4].Қаныш Сәтбаевтың осы дүрбелеңнен аман қалуының баста себебіоның есімі күллі одаққа мәлім болуымен байланысты еді. Өндіріс басындағы белгілі тұлғаларды тұтқындау үшін республиканың бірінші басшысының, иә наркомының рұқсатын алу қажеттігі Қаныш Имантайұлын жергілікті жазалаушы органнан құтқарып қалды. Бірақ сол кезде оның ізін кесушілердің көп болғаны да жасырын емес. Осы роман жөнінде халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «
Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай-ақ болар...» десе, әдебиеттанушы-ғалыс С.Негимов: «Әдеби қауым М. Сәрсекенің Сәтбаев туралы ғұмырнама туындыларымен алғаш танысқанда-ақ оны деректі жанрдың шебері деп таныған-ды», – деген болатын [3].Романда КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалының ашылуы, оған директор болып тағайындалуы жолындағы түрлі қақтығыстар мен ашық айқастар тұсында шыныққан күрескердің бейнесі замандастарының, әріптестерінің естеліk эсселерімен толыққан. Оны Ресей ҒА-ның академигі Дмитрий Рундквистің мына сөзі растайды: «Қ.И.Сәтбаевтың кен орындарының орналасу заңдылықтарын түбегейлі зерттеуі сол күнде кен іздеушілерді қарадүрсін барлаудан тыйылып, ғылыми болжаммен жасауға үйретті. Академик
Сәтбаевтың жұрттан асқан көрегендігі де осында...».Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезең «Алатау баурайында» деп аталатын үшінші бөлімде қамтылған. Соғыстың алғашқы жылдарындағы «Жезді дауы», Қаныш Имантайұлының үмітін ақтау жолындағы кеншілердің жанкешті ерлігі нанымды бейнеленген. Жазушы Иосиф Николаевич Богданчиков пен Қаныш Имантайұлының диалогымен Қазақтың Қанышының көрегендігін көрсеткен: «– Жездінің марганецін мен 1928 жылы көргенмін, – деді Сәтбаев. Жолаушылар үйінің ескі еденін сықырлатып ерсілі-қарсылы жүре бастады. – Қарсақбай зауыты үшін флюстік шикізат іздеп жүргенде кездестім. Бұрғы салуға қаражат болмады. Жезқазғанның мысынан аса алмадық. Ал 1936 жылы, өзіңіз де білесіз, Жездінің жағасында бір жаз