Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 430
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
барлау тобын ұстадық: жеті ұңғыма, он шақты жыралар қазылды. Олардың құжатын Қарсақбайдан табасыз. Пастуховтың не бітіргенін өзінен естисіз, ол да құралақан емес... Менің шамалауымша, нақ осы екі өзен түйісетін тараң аңғарда ферромарганецтің сүбелі қоры бар. Ол болса – соғыс өрті күшейіп тұрғанда стратегиялық мәні ерекше зор шикізат!.. Нені меңзеп отырғанымды ұқтыңыз ба, Иосиф Николаевич?Богданчиков басын изеді.– Айтқаным айтқан: кісіні де, техниканы да керегінше аласыз. Бұл – бір. Екінші, есіңізде болсын, Жездінің қыртысы Жезқазғаннан бөлек...Оған станоктың ең мықтысын, бұрғылаушылардың таңдаулысын салу керек. Үшінші, Жездіде ешқандай баспана жоқ. Демек, барлауды қар түскенге дейін аяқтау қажет» [3].Романды жазу барысында жазушының көп ізденгендігі пайдаланылған тарихи құ-жаттар мен мол деректерден байқалады. Мәскеу, С.Петербург, Ташкент, Павлодар, Се-мей, Қарағанды, Жезқазған, т.б. қалалардағы Мемлекеттік мұрағаттарды, аталған ел-дердің Ғылым Академияларының құжаттары пайдаланылған. Ресей ҒА-ның, Өзбек КСР ҒА-ның, Қазақ КСР ҒА-ның, ҚР ҰҒА ҒА-ның академиктерінің пікірлері Қаныш Иманта-йұлының ғылымдағы табыстары мен көргендігін толықтырып тұр. Қорытынды. Қорыта айтқанда, роман соңындағы академик Қ.И.Сәтбаевтың есімін мәңгілік жадымызда сақтау мақсатында жасалған шаралар оның екінші өмірі ғұмырлы екендігін байқатады. Әлемдік жұлдыздар картасында 2402 санға ие – «СӘТБАЕВ ҒА-ЛАМШАРЫ» тәрізді ғарышта мәңгі шардың жүруі, Е.Бөкетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаяты, К.Салықовтың өлеңдері мен поэмалары, М.Рәштің «Қарсақбай хикаясы», Ж.Бөдештің «Қаныштың картасы», Б.Жақыптың «Қарсақбай», И.Тасқараұлының «Жезқазғанға тағзым», т.б. ақындардың поэмалары мен өлеңдері, қызШ.Сәтбаеваның
«Сәулелі әулет» естеліктер кітабы, Г.О.Батырбековтің «Академик К.И.Сатпаев и его современники» еңбегі – осының жарқын мысалы. Ал, жазушы Медеу Сәрсеке – өз шығармашылығында қазақтың жоғын, тарихи тұлғаларын түгендеп жүрген қаламгер
.
25. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз
Бұл шығармаға қарап біз Абай өмір сүрген дәуірдегі қазақ халқының тұрмысынан, өмірінен, тіршілігінен, көзқарасынан жан-жақты құнды мағұлматтар ала алмыз. Сондықтан да қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты айналып өте алмайды: филолог қазақ әдеби тілі мен сөздерін зерттесе, этнограф көнерген небір тұрмыстық белгілер мен құбылыстарды қарастырады. Романда халықтың салт-дәстүрі мен тұрмысы бейнеленетін тараулар бір-бір этнографиялық ғылыми еңбекке татиды. Олардың әрбірі жеке зерттеуді қажет етеді. Экономистер Қазақстанның ХІХ ғасырдағы халық шаруашылығының бақташылық құрылысынан дәлме-дәл нақты мағлұмат алады, ондағы тап қайшылығының, яғни бай мен кедей арасындағы қайшылықтардың өзіндік ерекшелігімен танысады. Заңгер шариғаттан бастап, билер кесіміне дейінгі даланың жазылмаған заң жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды.
Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Оған дәлел орыс совет жазушысы К.Федин: «Ұлт туралы толық та, тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ болып кеткен тәріздімін...» - деп жазды. Шынында да бізге ұлт туралы толық мәліметті жазушының өнері береді. М.Әуезов өзінің жазушылық қабілеті арқылы, осы «Абай жолы» роман-эпопеясында біздің ұлтымыз, яғни қазақ халқы жайлы толық мағлұмат берді. Ол көптеген халықтардың, жазушылардың мәдениеті бай қазақ халқы жайлы түсінігін толықтыра түскеніне ешкімнің де таласы жоқ. Тағы да бұл сөзімізге дәлел ретінде француз ғалымы Л.Арагонның: «Эпикалық «Абай» романы XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі» - деген пікірін алсақ болады. Бұл пікірлер «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетінің зор жетістігі екенін дәлелдейтіндей.
«Абай жолы» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім
ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жекебастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды.
Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, әсіресе шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз.
26. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз.
Абай және Әуезов, Абай тәлімі, Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі
Мұхтар Әуезовтің абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры қпалы туралы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге себін тигізеді. Абай мен Мұхтар Әуезовтің екі заманның перзенті екені рас. Алайда Мұхтар Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғүмыр кешкен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес. Әуезов жасы ұлғайған Абайды бес жастағы көзінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы екендігін біліп, түсіне алмаса да, ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген, білген, өлеңдерін естіген, сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында есіп, ержетті. Мұхтар Әуезовтің Абайдың елендерін, калдырған енегесін осындай ортада жүріп қабылдап, жасынан көңіліне құйып ескені, олардың арасында рухани жалғастык тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби зандылық шеңберінде осылай бола тура, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының сыры мен сипаты бөлек. Өзгені былай қойғанда, «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай замены, дәуірі, халықтың тағдыры аса мол, терең бейнеленетінін ескерсеқ осы мәселелерге
Абайдың кезқарасы мен Мұхтар Әуезовтің кезқарасы, уғым-тусініктері арасындағы үндестіктер бар екені анық анғарылады. Абай мен Мұхтар Әуезов үндес, жақын болумен қатар, бірін-бірі қайталамайтын, біртуар өзгеше дарын екенін де есте тұту шарт. Абай ойшыл, философ, сазгер, ағартушы екені рас, бірақ ең алдымен ақын. Ақын болғанда, ұлы ақын, классик ақын. Мұхтар Әуезов акын емес, бірақ шебер прозаик-суреткер, драматург ретінде ақынға жақын. Мұхтар Әуезовтің прозалық шығармаларында да, драмалық туындыларында да лирикалық сарындар, лирикалық сезімталдық айқын керініс беретін тустар аз емес. Бірақ ол алдымен кең құлашты романист-жазушы, эпостық жанрдың асқан шебері және оқиғаны шиеленіскен таластартыс, қақтығыстармен керсете білетін драматург. Бұлар оның өнерпаздық шеберлігіне тән сипаттар, Мұхтар Әуезовтің шығармаларында Абайдың ақындық өнерімен астаса алатын бұл айтылған жайлар бірінбірі ешбір жоққа шығара алмайды. Өнер салалары, қырлары әр алуан, арасында пышақ кесті жік жоқ, ауыс-түйіс болуы толық мүмкін, тіпті қажет те. Тек Абай поэзиясындағы кейбір сарындардың Мұхтар Әуезов прозасынан, айтапық, «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс табуы үлкен ізденісті, жаңаша көркемдік шешім табуды қажет еткен. Абайдың әдебиеттегі орнын тұңғыш рет бағалап, ақынның әдеби мұрасы туралы қүнды деректер берген Кәкітай Құнанбайұлы мен Ә. Бөкейханов мақалаларына қоса, А. Байтурсыновтың және М. Дулатовтың құнды пікірлері ұлы ақын шығармашылығын дұрыс танып-бағалауға жол ашқанын, мұның абайтану ғылымына тірек боларлық апғашқы қадамдар екенін айтуымыз керек. Абайтануды дербес ғылым дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылым саласының мызғымас негізі болып табылады. Абай шығармаларының 1933 жылғы жинағын баспаға дайындау барысында Мұхтар Әуезов ақынның жас көзінде шығарған, ел арасында ауызша айтылып жүрген бір топ елендерін жазып алып, сол жинаққа енгізді, «Әзім» поэмасы да алғаш осы жинақта жарық көрді. Мұхтар Әуезов осы кезден бастап 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мұрсейіттің бірнеше қолжазбасы және басқа кейбір белгілі жазбалар негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтін басшылығымен және тікелей қатынасуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Өйткені осы 1957 жылғы жинаққа