Файл: 43. аза хандыыны айта рлеуі. Ханазар ханны билігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 430

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сармат ескерткіштерінің бірі Батыс Қазақстан жерінен табылған Сынтас қорымы болды. Қорымның бірінші обасы бөренелермен шатырланып салынған. Бұл обаның ішінде үш сармат жауынгері жерленген.Кейінгі сармат кезеңіне қатысты Атырау облысы Жылыой ауданында табылған Аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдар, абыз асатаяғының бөліктері, шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды. Көсемнің киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілген. Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған.

     III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б.з. бірінші мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар. Сармат тайпалары Еуразияның саяси-экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.

 

11.Сақтар. Сақтардың  Александр Македонскийдің  жаулап  алуына  қарсы күресі.

   Б. з. б. 4ғасырдың 30 - жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский ( Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. "Жеңілмейтін әскер" атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол Македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі - жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.

   Спитамен – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы. Грек – македондықтардың басқыншылығына қарсы күрес бүкіл Соғды және Бактрия жерлерін қамтыды. Көтерілістің басты орталығы ежелгі Самарқан қаласы болды. Ол көтерілісті Спитамен есімді ержүрек қолбасшы басқарды.Спитамен б.з.б. 329 жылы халықты ұйымдастырып, ежелгі Самарқан қаласына кірді. Спитамен өз елі мен жерінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен қолбасы еді. Ол бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырды. Жарты әлемді дірілдетіп, қарсы келгендерді аяусыздықпен жазалап, қатыгездігімен аты әйгілі болған, бүкіл әлемді жаулап алуды көксеген Александрға бірнеше рет тойтарыс берген соғдылықтар, бактриялықтар мен сақтар болды. Олардың үш жылдан астам уақытқа созылған ерлік күресі Александрдың әскерін қалжыратты. Оның жауынгерлері мен қолбасыларының арасында соғысты тезірек аяқтап, елге қайту туралы пікір көбейді. Ақыры бүкіл әлемді бағындырмақ болған Александр кері қайтуға мәжбүр болды. 
Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады. 

12.  Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары:

    Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.  Сақтар:

    Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.

    Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.

Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды.Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.

Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:

 1-көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды.

 2-қыстық және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы — Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады.

 3-отырықшы мал шаруашылығы.Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарында дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.

Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.



Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген.

Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.

Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақ тайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады.Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

Сарматтар:

       Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. Бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III – б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. Ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрaмында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. Б. тайпaлар болған.

      Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.Cармат тайпаларында аңшылық қ осымша кәсіп болды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.

      Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.

      Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.

      Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты. Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы, абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.


13.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихи мәселе

Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген. Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.

Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б.209 жылы болған деп көрсетеді.“Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып: “Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады”. Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған. Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған. Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” - деп жазылған.


Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды. Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.

Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.

Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды. Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.

 

14. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады ( б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген).

Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісудықосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Оларбатысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанаменұштасты. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды. Астанасы- Чигучен(Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасындаорналасқан.

Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші