Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 433
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КСРО-ның басшылары 18 тамыз күні Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды.Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды.
Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиғалар КСРО-ның ыдырауын тездетті.
1990 -1991 жылдары КСРО-ның алдында тұрған негізгі проблемалардың бірі жаңа Одақ шартына қол қою мәселесі тұрды. Дайындық жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылы бірнеше жоба жарияланды. 1991 жылы наурызда М.Горбачевтің бастамасымен КСРО болуы керек пе және ол қандай болу керек деген мәселеге байланысты бүкілодақтық референдум өтті. КСРО халқының көп бөлігі КСРО-ны сақтап қалуға дауыс берді.
Бірақ, 1990 жылғы сайлаулар нәтижесінде құрылған одақтас республикалардағы жаңа билік органдары жаңа шешімдер шығаруда дербестік танытты. 1990 жылдың аяғында КСРО-ның барлық республикалары өздерінің егемендігі туралы, республикалық заңдардың одақтық заңдардан жоғары туралы Декларация қабылдады. Сарапшылар бұл жағдайды «егемендік шеруі» мен «заңдар соғысы» деп атады. Саяси билік біртіндеп орталықтан республикаларға көшті.
1991 жылдың көктемі мен жазында, КСРО Президенті М. Горбачевтың қатысуымен Мәскеу маңындағы Ново-Огарёво резиденциясында республика басшыларының кездесулері өтті. Ұзақ және қиын келіссөздердің нәтижесінде «9 + 1», яғни келісімге қол жеткізілді 9 республика мен орталық одақтық шартқа қол қойылады деп шешті. Келісімшартқа қол қою
1991 жылдың 20 тамызына жоспарланды.
1991 жылғы қарашада жеті республика (Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) Ново-Огарёвода жаңа мемлекетаралық ұйым - Егемен мемлекеттер одағын құруға ниет білдірді. Жеті мемлекет басшылары 1991 жылдың аяғына дейін одақ туралы жаңа шартқа қол қою туралы шешім қабылдады.
1991 жылы 25 қарашада оған қол қою жоспарланған болатын. Бірақ бұл болмады. Тек М.Горбачев қол қойып, жоба өзі жеті республиканың парламентіне бекітуге жіберілді. Шын мәнінде, барлығы 1991 жылы 1 желтоқсанға белгіленген Украинаның тәуелсіздігі туралы референдумның нәтижесін күтті. 1991 жылғы желтоқсанда Украина халқы Украинаның толық тәуелсіздігін жақтап, М. Горбачевтің КСРО-ны сақтап қалуға ниеті орындалмады.
Орталықтың әлсіздігі 1991 жылы 8 желтоқсанда Брестке жақын орналасқан Беловежя Пущасында Беларусь, Ресей және Украинаның басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Онда «1922 жылғы одақтық шартқа қол қойған КСРО құрылтайшылары КСРО халықаралық құқықтың субьектісі ретіндегі жұмысын тоқтатады» шешілді. Бұл келісім 1922 жылғы КСРО құру туралы шарттың күшін жойды және оның орнына ТМД құрылды.
97. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.
1991 жылдың «Тамыз бүлігі» оқиғасы :
18-21 тамызында елде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ТЖМК) құрылғаны жарияланды.
19 тамызға қараған түні КСРО Президенті М.С. Горбачевтің демалыста жүрген жерінде биліктен кетті. Таңғы сағат 4-тен бастап М.С. Горбачевтің денсаулығына байланысты Президенттік билікті атара алмайтыны мәлім болып, осыған байланысты төтенше жағдайдың 6 айға енгізілетіні мәлімденді.
«ПРАВДА» газетінде жарық көрген кеңестік басшылықтың мәлемдемесінде Президенттің міндеттер Вице-президент Геннадий Иванович Янаевқа өтетіні, ал елді басқару құрамында жоғары шенді партиалық кеңестік шенеуніктер бар ТЖМК-ға жүктелетіні хабарланды.
ТЖМК көшбасшыларының басты мақсаты – КСРО-ның құлауын болдырмау болды. Олардың ойынша ол КСРО-ны Егеменді Мемлекеттер Одағына айналдыратын жаңа одақтық шартқа қол қоюдың алғашқы кезеңі басталуы керек.
Президеттің міндетін атқарушы Геннадий Иванович Янаев «ЭХО МОСКВЫ» радиостанциясына берген сұхбатында «20-сы күні біз одақтық келісімге қол қоюға мүмкіндік бермедік, біз одақтық келісімге қол қоюды бұздық» -, деді. Мәскеуге әскерлер мен бронихнакалар енгізілді. ТЖМК бұрынғы тәртіпті сақтағысы келді. Елге Станилизм көлеңкесі , әскери диктатура және еркендікті шектеу қауіпі төнді.
ТЖМҚ-ға қарсылық тобын Ресей Президенті Борис Ельцин басқарды. Олардың Ақ үйге шақыруына көптеген мәскеуліктер, олардың арасында әртүрлі әлеуметтік топтар, демократилық қоғам, студет жастар, зиялылар және Ауған соғысына қатысушылардан бастап қылмыстық құрылым мен ұсақ буржуазия қатысушыларына дейін қатысты. Елде қауіпті жағдай орнады. ТЖМК-ның әскери күш қолдануына батылы бармай, әскерді казармаға қайтарды. Осылайша, Мемлекеттік төңкеріс жасау іске аспады.
«Тамыз бүлігі» -нен кейінгі өзгерістер:
КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге асты.
1991 ж. 9 желтоқасанында Минскіде Беларуссия, РКФСР, Украина Республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарты күшін жойып, «Беловеж» келісіміне қол қойды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының ТМО құрыланын мәлімдеді.
1991 жылғы 16 желтоқсан – республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылданды. Құжаттың 1- бабында Қазақстан Республикасы- тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп сипатталды.
Бүкілхалықтық президент сайлауы. 1991 ж 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы республика азаматтарының 98,78 % дауысына ие болып, жеңіске жетті.
ҚР мемлекеттік құрылысы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты.
1993 жылы қабылданған Конституция бойынша:
мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару жəне сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы жəне біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды.
Президенттік билікке көшу- объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен жəне барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Сонымен қатар əлемдік қауымдастықтың дамуының объективті заңдылықтары, бір партиялық жүйені жою, нарықтық экономикалық қатынастардың қалыптасуы, билікті тармақтарға бөлу, Қазақстанда президенттік институтын орнатуды жəне нығайту талап етті.
Мемлекет құрылысы:
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды. Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды. Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл.
98. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылдың 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертіліп, жаңа сайланған президент Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы 1991 жылдың 16 желтоқсанда қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демоктратиялық даму жолын қалаған, зайырлы әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Бұл Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.
Оның мазмұнында: ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты. Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді.
«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған:
«1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді.
2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады.
3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық.
4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады».
Жаңартулар мен өзгерістер:
1) Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
2) 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
Конституция құрылымы:
• I бөлім. Жалпы ережелер
• II бөлім. Адам және азамат
• III бөлім. Президент
• IV бөлім. Парламент
• V бөлім. Үкімет
• VI бөлім. Конституциялық кеңес
• VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
• VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
• IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелері
3) Соңғы өзгерту 1998 жылы болды.
99. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.
Тәуелсіз Қазақсттанның рәміздерін әзірлеу туралы байқау 1992 жылдың басында жарияланды. Оның қатысушыларының алдында күрделі міндет тұрды. Өйткені олар жас егемен мемлекеттің саяси мәні мен мақсаттарын айқын жүзеге асыратын көркем формаларды табу қажет болды. Нәтижесінде байқауға 1200 ту эскизі, әнұранның 750 нұсқасы, 300 ден астам болашақ елтаңбаның эскизі ұсынылды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Ал 2 күннен кейін Абай атындағы Опера және балет театрында Республиканың мемлекеттік рәміздерін ұсынуға арналған салтанатты рәсім өтті.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Әнұранды жазу оңайға түскен жоқ. Оның алғашқы нұсқасы 1992 жылдың 11 желтоқсанында бекітілді бірақ оның мәтіні тек 14 жыл қолданылды. 2006 жылы Қазақстан Парламенті мемлекеттік рәміздер туралы жарлыққа түзетулер енгізді және елдің жаңа әнұраны ретінде 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденов өлеңіне Шәмші Қалдаяқов әуеніне жазылған Менің Қазақстаным әні болды. Алайда, оның мазмұны мемлекеттік әнұранның жоғары мәртебесіне жете алмады. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев оның мәтініне өзгерістер енгізді.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
100. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап аумақтық тұтастықты қорғау қажеттілігі туындады. Н.Назарбаев осы басты міндетті негізге ала 1992 жылы 7 мамырда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскеріміз құрылды.
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Міндетті - «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған. Олар:
• «Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
• «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
• «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
• «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
ҚР жалпы қарулы күштері Құрлық қорғаныс күштері және Әуе қораныс күштері деп 2-ге бөлінеді.
101.Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу
Сонау тарихқа үңілсек, теңге еліміздегі алғашқы ақша емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бойы пайдаланылған. Сырдарияда, Отырарда түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 6-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Испиджапта монет сарайлары жұмыс істеген. 14 ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір-Темірдің монеталары айналымға енді.
Қазақстан рубль аймағынан 1993 жылы толықтай шығып, осы жылдың 12 ші қарашасында тұңғыш президент жарлығымен Ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізіліп әрі қаржыгерлер күні ретінде бекітілді.
2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
1991 жылы Тәуелсіздігімді алғаннан соң, Ұлттық валютаның атауы туралы бірнеше нұсқалар ұсынылды олар: сом, ақша, теңге
Қорытындысында комиссия Ежелгі қыпшақ даласында сауда айналымында болған теңге деген атауға тоқтайды.Теңгенің айналымға енгізілуі тарихи жылнамамызда ең маңызды оқиғалардың бірі болды.
Жалпы төл теңгемізді дайындау 1992 жылы қолға алынып, сол жылдың 27 тамызы күні ұлттық банк теңге кюпюрасының үлгілерін бекітті. 1993 жылы алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және оның ұлдары» фабрикасында басылды.
Осы кезде құпия кеңес құрылады, олар ұлттық валютада қазақ мемлекетін қалыптастырған тарихи тұлғалар бейнеленуі тиіс деген шешім қабылдайды. Ең алғашқы теңгемізде беделді тарихи тұлғалардың портреттері мен Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі пайдаланылды. Әл Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Әбілхайыр хан мен Абылай хандардың бейнесі сомдалды. Кейіннен тарихи тұлғалардың бейнелері алынып тасталғанымен валюта құны түскен жоқ. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалған 2, 5, 10, 20, 50 номиналды монеталар шықты.
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Бүгінде мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы, Каспий теңізіндегі шекараны есептемегенде, 13500 километрге созылып жатыр. 1993 жылдың 13 қаңтарындағы «ҚР-ның мемлекеттік шегарасы туралы» заңда мемлекеттік шегара тек қана ҚР халықаралық келісімшарттармен анықталатыны жарияланды. Осы заң аясында бізбен шекаралас 5 мемлекет:
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, шығысында Қытаймен шектеседi. Ең ұзыш шекарамыз Ресей, қысқасы Түркменстан
Мемлекеттік шекара 2 басты қызметті атқарады: елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, елдер арасындағы достық көршілес қарым-қатынасты орнатады.
ҚР шекарасына байланысты қабылданған шарттар: 1991 21 желтоқсандағы Алматы декларациясы, ТМД шеңберінде ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы декларация 1992 14 ақпан, екі жақты құжаттар т.б
102.Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
2022 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Бірқатар маңызды міндеттер қойды, бірқатар бастамалар көтерді. Талқылау барысында айтылған негізгі ой – жоспарлардың жүйелі әрі іргелі болуы жарқын болашаққа үміт және іске асыруға сенім ұялатады.
Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын уәделер үмітсіздікке әкеліп соқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында осы мәселеге айрықша тоқталды.
Осы жолдаудан кейін Ата заңдағы
-8 тарауға
-33 бапқа өзгеріс енгізілді
-7 конституциялық заңға
-15 кодекске
-29 заң өзгертілді
Қасіретті қаңтар оқиғалары мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін екі мыңға жуық адам ұсталды. Олардың қандай кінәсі барын анықтауды және ауыр қылмысы болмаса, жазасын жеңілдетуді тапсырдым. Соның нәтижесінде көптеген азаматтар қамаудан босатылды.Ал, нағыз қылмыс жасаған адамдар заң алдында толығымен жауап береді.
Стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынды:
- БІРІНШІ. Президенттің өкілеттігі туралы
-ЕКІНШІ. Өкілді билік тармағын қайта құру- біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек.
- ҮШІНШІ. Сайлау жүйесін жетілдіру
-БЕСІНШІ. Сайлау үдерісін жаңғырту
-АЛТЫНШЫ. Құқық қорғау институттарын күшейту
-ЖЕТІНШІ. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту
-СЕГІЗІНШІ. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру
Жолдаудың 7 көздеген нысаны:
-
Пандемиядан кейінгі экономикалық даму -
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру. -
Сапалы білім беру -
Өңірлік саясатты жетілдіру -
Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру -
Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау -
Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.
103.Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.
Орта мектепті бітіріп, білікті маман болғысы келген кез келген өреннің арманы шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсіп сапалы білім алу екендігі айдай анық. Ал 1 жылдық оқу құнының өзі бірнеше ондаған мың доллар болатын Оксфорд, Кембридж, ММУ сынды университеттерде баласын оқытуға ата-ананың қалтасы көтермейтіндігі айтпаса да түсінікті жайт. Бірақ, Тәуелсіздіктің елең-алаңынан-ақ мұндай шетелдік беделді оқу орындарында жастарымыздың білім алуына жол ашылды. Оған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік берген еді.
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Иә, «Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.
Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды.
Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - делінген еді Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында.
Жалпы, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған жастар бүгінде Үкіметте, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда, квазимемлекеттік секторда жемісті еңбек етуде. Болашақ түлектерінің төрттен бірі ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың топ-менеджері болып еңбек етуде.
104.«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
Мәдениет деген не - мәдениет бұл құндылық, ғасырлар бойы адам санасымен ойымен жасалған рухани құндылық.
Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтиды.
Елбасы «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр.