Файл: 43. аза хандыыны айта рлеуі. Ханазар ханны билігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 435

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.

Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды. Түркеш мемлекетінде билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Билік әкеден балаға немесе ағадан ініге мұрагерлік жолмен қалып отырды.

Түркеш тайпалары қолайлы географиялық орналасуы, табиғи климат жағдайларына байланысты отырықшы, қала мәдениеті дамыған, көп салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түрі, егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласынан «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.

 

 

19.Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы.  

  Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.

Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. Олар туралы алғашқы жазба мәліметтер «Суй әулетінің тарихында» , Күлтегін жазбаларында кездеседі.

  Қарлұқтардың этникалық құрамында үш ірі ру бірлестіктері-моула, чжинси, ташида кірді.Ал араб парсы деректемелері бойынша Қарлұқ бірлестігі көптеген ру тайпа топтарынан тұрған және түрік тілінің әртүрлі диалектілерінде сөйлеген.Қарлұқтардың билеушісі жабғу болған.

  Қарлұқ қағандығы 775-875 жылдар аралығында Ислам дінін қабылдап, оның билеуші ақсүйектері арасында Ислам діні терең тамыр тарта бастады. Осының нәтижесінде, ежелгі Түркі жазуы және соғды жазуы ығыстырылып, араб әліппесі негізіндегі жаңа түркі жазуы қалыптасты. Қалаларда мешіт, медреселер ашылды. Осы дәуірде қазіргі Қазақстанның Сырдария алқабындағы Отырар (Фараб) қаласында туыпөскен Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) философ әрі энциклопедист-ғалым, “екінші ұстаз” (Аристотельден кейінгі) ретінде ғылым мен мәдениетте әйгілі болды.


  Қарлұқтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Негізінен қой, жылқы, түйе өсірді.Жібек жолы бойында орналасқан қалаларда сауда-саттық пен қолөнер дамыды.Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен әскери қақтығыста болды.Сыртқы әскери шапқыншылық пен ішкі талас-тартыстан Қарлұқ қағанаты 10 ғасырдың ортасына қарай әлсірей бастады.940 жылы Жетісуды қарахандықтар басып алғаннан кейін Қарлұқ мемлекеті өзінің өмір сүруін тоқтатты.

 

20.Сырдария  бойындағы  жабғу мемлекеті.  

Оғыз мемлекеті немесе Оғыз Жабғу мемлекеті (766 жыл – 1055 жыл) — IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл оғыздардың жаңадан әр үрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады.

Печенегтермен күресі 

Оғыздар қуатты Хазар қағанатымен одақтасып печенегтерге қарсы соғысты. Бұл шамамен 9 ғасырдың соңында еді. Ақыры печенегтерді ығыстырып Еділ мен Жайық аралығын өздеріне қаратты. Печенегтер болса, біразы батысқа көшті, біразы оғыздарға қосылды.

Оғызнама

Оғызнама бұл оғыздар жайлы дастан. Оғыздардың қайдан шыққаны, тұрмысы, әдет ғұрыптары және басқа жайттар баяндалады.

 

Шаруашылығы

➢ Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы

➢ Егін шаруашылығы

➢ Кәсіпшілік пен қолөнер

Оғыз мемлекетінің ыдырауы

Оғыздар арасында 10-11 ғасырларда салық мөлшері көбейген. Өзге елдерді бағындыру үшін көп қаржы қажет еді. Халық арасында наразылық туындады. Елде алауыздық көбейді. Оған қоса Сарыарқа даласынан қыпшақтар оғыздарға қысым көрсете бастады. Қыпшақтар Сыр бойын жаулап алды.Сосынсалжұқтар оғыздардың соңғы жабғуын екі жылдан кейін қолға ұстап өлтірді. Сөйтіп бүткіл оғыз еліне тиесілі Оғыз мемлекеті жоқ болды.


21.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.

  Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.

 

22.Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.

  Қарахан хандығы (942-1210 жылдар). Саяси тарихы:

  Қарахандықтар мемлекетінің калыптасуында Жетісуды мекендеген Қарлүқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарды. Қарахан әулетінің негізін салушы – Сатұқ Боғра хан (942 жыл). Мұса хан 960 жыл исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Қағанатка 990 жылы Тараз, Исфиджаб, 992 жылы - Хотан, Бұқара, 999 жылы - Саманилер мемлекеті қосылды.

  XI—XII    ғасырлардағы   территориясы:Мәуереннахр-Қашғар аралығы. XI   ғасырдың 30 жылдары мемлекет екіге бөлінді:

  • Батыс хандық; астанасы- Бұхар, территориясы- Мәуереннахр.

  •  Шығыс хандық; астанасы- Баласағұн, территориясы - Жетісу, Қашғар аймағы, Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана.

  1089 жыл - Қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті. 1102 Ж.Баласағүн мен Тараздың билеушісі Қаңырхан Жебірейіл Мәуереннахрды жаулап, Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. 1128 жыл - қарақытайлар Шығыс хандықты жаулап, Жетісуда Қарақытайлар билігі орнайды.

  Сұлтан Санжар тұсында селжұқтардың Мәуереннахрға ықпалы артқан кезде қарахандықтардың саяси құлдырауы басталды.


  Осыны пайдаланған қарақытайлар XII ғасырдың екінші ширегінде Шығыс Қарахандықтың қалған иеліктерін түгел басып алып, Батыс хандыққа шабуылдайды.

  • 1141 жыл - қаратықайлар Қарахан мемлекетін түгелдей бағындырды.

  •   XIII ғасырдың басы - Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

  Мемлекеттік құрылымы:

  Мемлекетті шығыл және яғма тайпалары басқарды. Билеуші титулы- хан. Ұсақ аймақтардың басшылары- илақ, тегін. Хандар өз туысқандары мен әскери қолбасшыларына белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау құқығын сыйлады. Бұл- икта, ал оны иемденуші-иктадар деп аталды.

  Отырықшы- егіншілік қоныстарда шаруаларды қанаудың бірнеше түрі болды:

  •   ұлыскерлік- жерді шаруаға жалға беріп, өнімнің жартысын салық түрінде төлеу.

  •   қамкорлыққа алу- тұтас қауым өздерін және мал-мүлкін байлардың қамқорлығына өткізді және сол үшін алым жинады.

  Х-ХІІ ғасырларда сәулет өнері дамыды: Бабаджахатун, Айша бибі, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Сырлытам мырзалары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы.

  •   960 жылы ислам діні алғаш рет мемлекеттік дін болып жарияланды. Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түркі тіліндегі мүсылман әдебиеті шыға бастады:

  •  Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік" шығармасы (1069 ж.).

  • Махмут Қашғаридың "Диуани лүғат ат-түрік " шығармасы (1074 ж.).

  Қарахандықтар кезеңі — саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.

 

  23.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.

  Қыпшақ мемлекеті. (XI ғасырдың басы — 1219 жыл).

  Қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетіледі. Толық мәліметтер 760 жылы ежелгі түрік руна жазуларында кездеседі (кибчак, қыпчақ). Орыс  жылнамашылары (ХІ-ХПІ г.)половецтер, сорочиндер; венгрлер-палоцылар, кундар; Батыс Еуропа саяхатшылары (XIII к.) - командар, кунандар деп атап.

  Қыпшақ этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезеңге бөлеміз:

  • VII-VIII ғасырлар. VII ғасырдың ортасында Алтайдың солтүстігі мен Ертісті жайлаған қыпшақтар қалмақ бірлестігінің негізін құрады.

  • VIII-ХІ ғасырлар. VIII ғасырда қыпшақтар этнос болып қалыптасып, Алтайдан Ертіске, Оңтүстік Орал тауларынан Еділге қоныстанды. Үш этно-саяси бірлестіктер - қимақтар, қыпшақтар, күмандар қимақ мемлекетінің билігінде болды.

  • ХІ-ХІІІ ғааырлар. Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі. XI ғасырдың басында қимақ қағанаты құлаған соң әскери-саяси басымдық қыпшақ тайпасының қолына көшті. Қыпшақтар өзендерді Сырдарияның төменгі және орта ағысынан,  Арал,  Каспий маңы далаларынан ығыстырды. XI ғасырдың екінші ширегіңде "Оғыздар даласының" ("Мафазат әл-гуз") орнына "Дешті Қыпшақ" ("Сахра әл-кыпчак") атауы пайда болды. XI ғасырдың ортасы - қыпшақтар Еділден өтіп, 1054 жылы орыс жерін, одан әрі Дунай өзеніне дейін аралықта қоныстанды.


Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы - Ертістен Днепрге дейінгі жер. 

  Қыпшақтың этникалық бірлестігі екіге бөлінді:

•   Батыс Кыпшақ- половецтер даласы.

•   Шығыс Қыпшақ- Дешті-Қыпшақ даласы (Қыпшақтың кең даласы).

  Мемлекеттік құрылымы:

 Билеушісі - хан. Билікке елбөрі руынан сайланды. Астанасы - Орда. Мемлекет екі қанатқа бөлінді:

  • Оң канат-орталығы Жайық өзені бойындагы Сарайшық қаласының орны.

  •   Сол қанат- орталығы Сығанақ.

Теңсіздіктің негізі- малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды: ұрланған ат 9 ат айыбымен қайтарылған. Бай ақсүйектің 10 мың жылқысы болған. Малдан айрылып кедей жатақ атанған. Құлдардың ешқандай құқы болмаған, оларды көбінесе сатқан, тек аз бөлігі жалпы малай ретінде пайдаланылған.

Қыпшақ тайпалары - ХІ-ХІІ ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа. Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы ол-Омари (XIV ғ.): "қыпшақтар қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары Орал тауының аймағында" - деп жазды. Қыпшақтардың қыстауы Арал мен Сырдария маңында, жайлаулары -Солтүстік, Орталық Қазақстанда.

Ыдырау себептері:

  •   Қыпшақ ақсүйектерінің Хорезмге қарай бейімделуі. Қаңлылардың ірі бірлестігінің қүрылуы.

  •   Хандық билік үшін тартыстың күшеюі.

XII ғасырдың "екінші жартысында Хорезм шахы Текеш қыпшақ ақсүйектерін ен жақындасу саясатын жүргізді. Қыпшақ көсемдерін белді қызметтерге орналастырды. Қыпшақ ханы Жанкешінің қызы Теркенқатынды әйелдікке алды.

Хорезм билеушілері қыпшақтарды мұсылмандыққа енгізуді көздеді, алайда Жент пен Фарабтың арасын мекендеген қыпшақтар XII ғасырға дейін пұтка табынушылар болып қалды.

Хорезм билеушілері қыпшақ ақсүйектерінен өз талаптарын қолдайтын құпия әскери ұйым құрды. XIII ғасырдың басында Хорезм шахы Мұхаммед Сығанақ аймағын қосып алды.

24.Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.

(Х-ХІІ ғасырлар). Наймандардың саяси тарихы.

 Найман тайпалық одағы VIII ғасырдың ортасында Ертіс пен Орал өзендері бойында пайда болған.

  •   Одақ құрамында 8 тайпа болған (найман-моңголша сегіз). Наймандар: батыста-қаңлы мен қарлұқтар, солтүстікте Енисей қырғыздары, оңтүстікте- ұйғырлар, шығыста керейлермен шектеседі.

  X ғасыр - найман мемлекеті құрылып, ол бірнеше ұлыстардан тұрды. Әр ұлыстың ханы болған. Билеушісі- хан. Салық жинаушы- герби. Ұлысәскері ондық принципке негізделді. Наймандар мен керейлер мемлекетінде құқық нормалары қарапайым әдет-ғұрып жүйесіне негізделді. Ісқағаздары ұйғыр жазуында жүргізілді.