Файл: Сабаты таырыбы Блімдері ртрлі блшектерді осу жне азайту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту
Білім беру ұйымының атауы: | Алматы облысы Қонаев қаласы «№ 3 орта мектеп» МКМ |
Пәні: | Алгебра |
Бөлім: | Алгебралық бөлшектер |
Педагогтің аты-жөні: | Садуақас Арайлым Жомартханқызы |
Күні: | |
Сыныбы: 7 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.2.1.19 алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; |
Сабақтың мақсаты: | -Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін біледі -Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін таба алады -Алгебралық бөлшектерді түрлендіру арқылы тепе-теңдіктерді дәлелдей алады |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Өзін таныстыру. Психологиялық ахуал туғызу. «Тілекті әріптер» әдісі Ортаға үш оқушыны шақырып, «Қ», «А», «Б» әріптері жазылған қима қағаздардан біреуін таңдатады. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап беретіндері айтылады. Сұрақ:
Топқа біріктіру. Ортаға шыққан оқушылар өздері таңдаған әріптерден басталатын топ атауларын алатынын айтады. Отырған орындары бойынша «Қосу», «Азайту», «Бөлшек» топтарына біріктіріледі. Бағалауға арналған смарт сағаттар таратылады. Әр тапсырманың дескрипторы бойынша өзін бағалап отырады. | Оқушылар сәлемдеседі. Қима қағаздардың бірін таңдап,сұрақтарға жауап береді. Ортаға шыққан оқушылар өздері таңдаған әріптерден басталатын топ атауларын алып, топ атауымен таныстырады. | «Смарт сағат» әдісі | Қима қағаздар |
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 7 мин | «Галереяға саяхат» әдісі арқылы өткен тақырыппен оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу. Оқушыларға тапсырма беріліп, А3 қағазға жауабын жазу ұсынылады.Тапсырманы орындап болғаннан кейін галереяға саяхаттап, өз жауаптарын жинақтатады. Топтардың жасаған жұмыстарын мұғалім тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Топтық жұмыс. «Шам» әдісі. Әр топқа тапсырмасы бар шамдар беріледі. А3 қағазға тапсырманы орындатады. Әр топқа есептерінің шығару жолын, жауабын айтқызады. Тапсырманы орындағаннан кейін, жауабын мұғалім шам жағу арқылы көрсетеді. Тапсырма. Жұптық жұмыс «Macbook» әдісі Әр оқушыға Macbook таратылады. Тапсырма: | Әр топ галереяға саяхаттау арқылы А3 қағазға есеп шешімдерін жинақтап, қиынды қағаздарды жапсырады. Әр топқа берілген тапсырманы топта бірлесе орындап,А3 жазады. Әр топ есептерінің шығару жолын, жауабын айтады. Оқушылар macbook мониторында тапсырмаларды жұппен шығарып,жауабын жазады. | Дескриптор: Білім алушы - Бөлімдері бірдей алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды. Жалпы балл-1 Дескриптор: Білім алушы -алгебралық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді. -алгебралық бөлшектерді қосуды (азайтуды) орындайды. -Жауабын жазады. Жалпы балл -3 Дескриптор: Білім алушы -алгебралық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп, қосуды (азайтуды) орындайды. -Жауабын жазады. Жалпы балл -2 | Қима қағаздар А3 қағаз Шам Қима қағаздар А3 қағаз Макбук |
4 мин 5 мин | Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма «Тыңдалым» әдісі «Бонус» есебі Бір қорап чипси 150 теңге тұрады. Дүкенде жексенбі күндері 4 қорап чипсидің ақшасын төлеп 5 қорап чипси алуға болады (1 қорап сыйлық) деген ұсыныс бар. Сұрақ: 1400 теңгеге көп дегенде неше қорап чипси алуға болады? Бекіту. Оқушыларға сілтеме арқылы «Quizizz.com» платформасынан тақырып бойынша 5 сұрақтан, 4 жауап нұсқасынан тұратын тест тапсырмалары беріледі. Әр оқушының қалай орындағаны, сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс жауап бергендігі экраннан көрсетіледі. | Оқушылар жеке тапсырма орындайды Әр оқушы сілтеме, qr код арқылы кіріп, тест сұрақтарының жауабын белгілейді. | Дескриптор: Білім алушы -Есеп шарты бойынша заттың құнын есептей алады. -Ақшасын үнемдеуде алған білімін қолдана алады. Жалпы балл – 2 50%-дан төмен – 0 балл 50-79 % аралығы –1 балл 80-100% аралығы –2 балл | Слайд https://quizizz.com/admin/quiz/64350f26de289d001d355687?source=quiz_share |
Сабақтың соңы 4 мин | Кері байланыс «Tik tok» әдісі. Үй тапсырмасы: №6.44; 171 бет.(оқулық бойынша) Qr кодпен. Learningapps.org платформасы арқылы келесі тақырыпқа дайындық тапсырмасы | Бүгінгі сабақта не ұнағанын, пікірін, қандай ақпаратын бөлісетінін айтады. Qr код бойынша тапсырманы өздеріне сақтап алады. | Әр оқушының смарт сағаттарындағы баллдарына қарай бағаланады. | |