Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

     

Қазақ тілі 32-сабақ


Бөлім:

Демалыс мәдениеті

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақтың мақсаты

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап бере алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

- Оқу тапсырмасын тексеру.

Оқу материалын жариялау:

- Біз қандай тақырыптарды қайталап жатырмыз?

- Ендеше бүгінгі сабағымызда осы тоқсан бойында өткен тақырыптарды қайталауға арналған тапсырмалар орындауды жалғастырамыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі. «Санау» әдісімен топқа бөлу.

  1. Жаттығу жасайды.


Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.

Сұраққа жауап алады.


Топқа бірігеді.


Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау.

Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.




Жаңа білім

20 мин

2 мин

Бекіту

13 мин

(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

1-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқыңдар.

А) Мәтін не туралы? Тақырыпты анықта:

1) Қараторғай мен Қарға туралы;

2) туған жерге деген сағыныш туралы;

3) Қараторғайдың үйшігі туралы.

Ә)Төмендегі қай пікір ақиқат? Қай пікір жалған?

1. Солтүстіктен ұшып шықан Қараторғай үйшігіне әрең жетті.

2. Әр көктем сайын қайтып оралу Қараторғайдың әдетіне айналмаған.

3. Оның қасына Қарға ұшып келіп, сәлемдесті.

4. Қараторғай туған жерге деген сағынышын жеткізді.

Б) Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті тауып жаз. Мақалды сөз таптарына қарай талда.

Туған жерге деген сағыныш жүрегімді кернегенде қанатыма қуат, жанарыма шуақ толып кетеді. «Отан – оттан да ыстық» деген емес пе?!

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырыңдар және жауап беріңдер.

2-жаттығу.

Оқы. Әр қатардағы сөздерден сөйлем құра. Алдымен тұрлаулы мүшелердің, сонан соң оларды анықтап, толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшелердің сөзін таңда.

1.Біз көктемде орманға бардық.

2. Күн көтерілді.

3. Самал жел соқты.

4. Ағаштар ән салып тұр.

5. Бұл әнді естіп тату дос, батыл ер болғым келеді.

• Құраған сөйлемдеріңді жаз. Бұларды қандай тақырыпқа біріктіруге болады? Осы тақырыпты бір сөйлеммен толықтыр.

Ж: «Орманға саяхат» тақырыбы.

Орманға жасаған саяхат маған көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

• Бірінші сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Осы

сөйлемде тұрлаусыз мүшелер қандай рөл атқаратынын айт. (анықтауыш)

• Мәтіннің түріне ажырат.(әңгімелеу)
Сергіту сәтінде «Ертегілер» қосылып шырқайды.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

3-жаттығу.

Диалогтерді оқы. Неліктен күлгеніңді айт.

1.

Аян, сен әліпбиді жатқа білесің бе?

Иә.

А-дан кейін қай әріп тұрады?

Барлығы.

2.

Әже, зообаққа барайықшы?!

Қай аңды көргің келеді, күнім?

Динозаврды!

• Қай диалог қызықтау болды? Неліктен? Ойыңмен бөліс.

Қай сурет қай диалогке қатысты екенін анықта.

• Өзіңе ұнаған диалогті көшіріп жаз. Қаратпа сөздің астын сыз.

Динозавр сөзінің мағынасын сөздік арқылы анықта.

4-жаттығу.

Қай сөздердің мағынасы дұрыс анықталмағанын тап және дәлелде.

1. Сөз – заттың, сапаның, қимылдың атауы.

2. Мәтін – мағыналық жағынан өзара байланысты сөйлемдер тобы.

3. Түбір – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Сөз таптарының біріне мысалдар келтір. Оларды қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.

Тапсырманы орындайды.

Ән айтады.

Тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-Мәтінді оқып, тақырыпты анықтайды-1балл.

- Аиқат пікірді анықтайды-1балл.

- Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті тауып жазады-1балл.

Әр қатардағы сөздерден сөйлем құрайды -1балл.

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықтайды -1балл.

Тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазады-1балл.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді-1балл.

Дескриптор:

- Диалогке қатысты суретті анықтайды -1балл.

- Ұнаған диалогті көшіріп жазып, қаратпа сөздің астын сызады-1балл.

Термин сөздердің мағынасы дұрыс анықталмағанын табады және дәлелдейді-1балл.

Оқулық, дәптер

Оқулық, дәптер


Қорытынды

5 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Үй тапсырмасы: Сөз таптарының әрқайсысына 3 мысалдан жазу.

Пікір айтады.

Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.





Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

     

Қазақ тілі 33-сабақ


Бөлім:

Демалыс мәдениеті

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (Мазмұндама)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Сабақтың мақсаты

  • оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

- Оқу тапсырмасын тексеру.

Оқу материалын жариялау:

- Біз қандай тақырыптарды қайталап жатырмыз?

- «Серпілген сауалдар» әдісімен бір-біріңе өткен тақырыптар туралы сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

- Ал бүгінгі сабағымызда осы тоқсан бойында өткен тақырыптарды қайталауға арналған тапсырмалар орындауды жалғастырамыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі. «Санау» әдісімен топқа бөлу.

  1. Жаттығу жасайды.


Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.

Сұрақ қойып, жауап алады.
Топқа бірігеді.

Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау.

Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.


доп

Жаңа білім

15 мин

2 мин

Бекіту

20 мин


(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

Берілген сөздерден сөйлем құра. Алдымен тұрлаулы мүшелерді, сонан соң тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қойып анықтаңдар.

1.Біз отбасымызбен Астанаға саяхатқа бардық.

2. Астананың көрікті жерлерін тамашаладық.

3. Есіл өзенінде қайықпен серуендедік.

4. Бәйтеректің биігіне көтеріліп, Астананы алақандағыдай көрдік.

5. Астана әсем қала екендігіне көзім жетті..

• Құраған сөйлемдеріңді жаз. Бұл сөйлемдерді қандай тақырыпқа біріктіруге болады? Осы тақырыпты бір сөйлеммен толықтыр.

Ж: «Астанаға саяхат» тақырыбы.

Астанаға жасаған саяхатымыз отбасымызға ерекше көңіл күй сыйлады.

• Бірінші сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Осы

сөйлемде тұрлаусыз мүшелер қандай рөл атқаратынын айт. (анықтауыш)

• Мәтіннің түріне ажырат.(әңгімелеу)

• Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңдар.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Сөз таптарының біріне мысалдар келтір. Оларды қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
Сергіту сәтінде «Ертегілер» қосылып шырқайды.
(Д) 2-тапсырма-БЖБ.


Тапсырманы орындайды.

Ән айтады.

Тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

Әр қатардағы сөздерден сөйлем құрап жазады -5балл.

Тұрлаулы мүшелерді анықтайды-1балл. Тұрлаусыз мүшелерді анықтайды -1балл.

Тақырып қояды-1балл.
Тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазады-1балл.

Мәтіннің түріне ажыратады-1балл.

Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндайды-1балл.



Оқулық, дәптер


Қорытынды

3 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Үй тапсырмасы: Сөз таптарына мысалдар жазу.

Пікір айтады.

Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.





Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі 34-сабақ

Бөлім:

Демалыс мәдениеті

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біздің жобамыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян, хабарландыру жазу

Сабақтың мақсаты

  • өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаян жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ізгі тілек» әдісімен өтеді.

Топқа бөліну «Таңдау» әдісі арқылы фигуралар таңдап өтеді.

Оқу материалын жариялау «Күн шұғыласы» әдісімен жүреді.

-Есім дегенді естігенде не естеріңе түседі? Күн шуағына жазыңдар.

-Қандай есімдер білесіңдер?

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда не істейміз деп ойлайсыңдар?

Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Жаттығу жасайды.


Топқа бірігеді.
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.


Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.



Жаңа білім

15 мин


2 мин

Бекіту

15 мин

(Ұ, Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

А) 1-жаттығу.

Кейбір есімдердің түсіндірмесін оқыңдар.

2. Туыстарыңның қайсысы осы аттармен аттас? Олардың мінезі, жеке қасиеті есімінің білдіретін мағынасына сәйкес келе ме?

3. Өз есіміңнің білдіретін мағынасын анықта. Жоғарыдағы есімдер тізімінде жоқ болса, дереккөздерден ізде.

4. Өз есіміңнің шығу төркіні (білдіретін мағынасы) туралы

әңгімелеуге дайындал. Әңгімеңді өзіңе аттас адамдар туралы

қызықты мәліметтермен толықтыр.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Зат есімнің түрлеріне мысалдар келтір.
Сергіту сәтінде «Жұмбақ» ойынын ойнайды.

Бір оқушы шығып жұмбақ жасырады. Қалған оқушылар шешуін атайды.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

2-жаттығу.

Аяз сөзінде тағы қандай мағыналар барын байқап көрелік.



1. Сөздiң лексикалық мағынасы: қыстың бет қаратпайтын қатты ызғары.

2. Түбірлес сөздер: аяз, аязды, аязсыз.

3. Синонимдер: аяз, үскірік, ызғырық, суық.

Антоним: аяз – ыстық.

4. Сөз тіркесі: үскірік (аяз), қызыл шұнақ (аяз), ызғарлы (аяз).

5. Мақал:

Қар жауды деп қуанба,

Артынан аязы болар.

6. Жұмбақ:

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

7. Өлең шумағы:

Шытынайды тыста аяз –

Қызыл шұнақ үскірік.

Қылшылдайды жалаңдап,

Зәрлі деммен ысқырып.

Сәкен Сейфуллин

• Өзіңе ұнаған сөзбен осындай бет құрастырып көр. Жұмысыңның нәтижесін сыныптастарыңның алдында қорға және бағала.

Тапсырманы орындайды.


Жұмбақ шешеді.


Тапсырманы орындайды.


Дескриптор:

- Есімдерді оқып, туыстарының есімдерінің сырын анықтайды-2балл.

Өз есімінің білдіретін мағынасын анықтайды -2балл.

- Өз есіміңнің шығу төркіні (білдіретін мағынасы) туралы

әңгімелейді-2 балл.


Дескриптор:

- Аяз сөзінде тағы қандай мағыналарын анықтайды -2балл.

- Өзіне ұнаған сөздің мағынасын анықтап көрсетеді-2балл.



Оқулық, дәптер

оқулық, дәптер


Қорытынды

5 мин

Кері байланысты «Менің күнделігім» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Үй тапсырмасы: ұқсас тапсырма құрастыру.

Рефлексия береді.

Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар     

Қазақ тілі 35-сабақ


Бөлім

Демалыс мәдениеті

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тоқсандық жиынтық бағалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Оқу материалын жариялау:

-Бүгінгі сабағымызда осы тоқсан бойында алған біліміміз сынау үшін тапсырмалар орындаймыз.

  1. Жаттығу жасайды.









Жаңа білім

40 мин


(Д) Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары:


Тапсырмаларды орындайды.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе

Тапсырма парақтары

Қорытынды

3 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.



Сабақтан үйренгенін айтады.

ЖБ балын қояды.






Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77785448116 нөміріне ватсапқа жазыңыз.

Сонымен қатар, 2-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады.

Оның ішінде:

математикадан 3 бжб,1 тжб

қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжб

әдебиеттен 2 бжб, 1 тжб

дүниетанудан 1 бжб

жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады.


БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады.

ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.

БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.