Файл: Таырыбы Шетел тілін оытуды масаттарымен оны мазмны жне ралдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 59
Скачиваний: 2
Тақырыбы: Шетел тілін оқытудың мақсаттарымен оның мазмұны және құралдары
Орындаған: БОПмӘ 2/2 2курс студенті Альмуханова Акмарал Ақтөбе,2022жылЖоспар:1. Кіріспе:2. Негізгі бөлім.1/ Шетел тілін оқытудың басты мақсаты.2/ Сабақтың әдіс-тәсілдері.3/ Шетел тілінің басқа пәндермен байланысы.4/Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарын тиімділігі.Қорытынды.Қолданылған әдебиеттер.Шетел тілін ұйрету ең алдымен, тілді басқа оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытқанда ғана толыға түседі.Шетел тілін басқа пәндерімен, қоршаған ортамен , музыкамен , бейнелеу өнерімен, тарих пен еңбекпен тағы басқа байланыстыра оқыту нәтижесінде ғана қарым қатынас әрекеті жүзеге асады. Әсіресе, шетел тілдерін қазақ және орыс тілдерімен байланыстыра оқытудың маңызы зор. Бұл пәндер тілді мәдениеттен үлгі тәжірбие алуға өз елінің мәдениетін бойына жақсы сіңіруге сөйлеу әрекеті арқылы мүмкіндік тудырады.Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл –күйін бақылауға,ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады.Әсіресе оқу сабақтарында берілгенматериалды талдау арқылы тақырып жөніндегіайтар ойы , идеясы бала жүрегіне жетіп , талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық әдептілік тағы басқа сияқты, тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.Ізденіс- табыс кілті Ізденген мұғалім пәннің төңірегіндегі ғылыми жаңалықтармен оқушыларды қаруландырады.-
Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп ізденуге бағыт береді.
Танымдық бағыт бойынша:
-
Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; -
Тілдік қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсіру.
Мысалы: қазақ елінің мақал- мәтелдерінен ой тастап, ағылшын халқымен ұштасатын жауаптарды алу. Біз «Өз үйім - өлең төсегім» десек американдықтар « My home is my castle » « East or West home is best » дейді екен. Осындай мағыналарының үқсастығын тілге тиек етуімізге болады. Шетел тілі саласында онымен іргелес басқа да керекті, өзін қызықтыратын хабарды алу үшін мәтінге шолу жасау, мақалалардан, газеттен, журналдан қажетті хабарды оқып түсінуі керек.Оқушылардың өз құрбы – құрдастарымен әлеуметтік – тұрмыстық, оқу- еңбек, мәдени –әлеуметтік қарым –қатынас аясында төмендегі жасай білуге үйретуісіз тиіс. Ағылшын тілін оқыту құралдарыОқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар, заттар жатады. Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады. Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
-
Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша -
Оқушыға немесе мұғалімге арналған -
Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту -
Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
тарату материалдары, ойыншықтар , т.б.заттар жатады.
1.Бағдарлама – бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып,оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2.Екінші маңызды құрал – мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі – оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3.Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 –сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.5.Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
| Ағылшын тілінде оқыту құралдары | ||
| Оқыту құралдары | Оқушыларға арналған | Мұғалімге арналған |
| 1.Оқытудың негізгі құралдары | 1. Оқулық 2.Оқуға арналған кітап 3.Оқытуды тыңдау-көру құралдары – сурет жинағы,диафильм,аппликация,диапозитив,кинофрагмент, үн таспа,лингофондық практикум,дыбысты үй тапсырмасы (2-3сыныптар),үлестірмелі материал(2,3-сыныптар) | 1.Бағдарлама 2.Оқулық |
| 2. Оқытудың көмекші құралдары | Кодоскоп. Ойыншықтар,суреттер, карточкалар,сөздіктер, оқушыға арналған көмекші кітаптар | Әдістемелік әдебиеті: «Шет тілі орта мектеп» журналы |