Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 364

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Теп-те-гіс // жұрт-тың бә-рі // бол-ды а-лар-ман. 12
Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
V Сабақты бекіту:

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?


VІ Үйге тапсырма:

  1. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.



Тексерілді:
Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;



  2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;




  1. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» - Абайдың1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі – 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы – қосанжар өмір құбылысы. Алғашқысы –
аңшылық. Ержігіт қыран бүркіт баптаса, қалған жұрт аңға күйкентай мен қарға салмақ. Бабы келіскен қыранның қоян, түлкі түгілі қасқыр да алатыны анық. Алайда былайғы жұрт оған мән бермейді. Өйткені, «қыран шықса қияға жібереді, олар да екі қүсын екі жақтап». Қарға қарқылдап, қыранның арт жағынан қалмаса, күйкен-тай үстінде шықылықтайды. Қарға мен күйкентай иелері қыранға кедергі жасағандарына мәз, өз құстарын мақтап күпілдеседі. Абайдың бұл жерде айтқалы отырған негізгі ойы күллі қазақтың тірлігі өмірде осыған саятындығы, ортасынан озған азамат, ақын шығып жатса, оларға жасайтындары осындай кесірлік екендігі. Ақын «Басқа – сая,жанға – олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап» деп қорытады ойын. 1886 жылы өндіре жазып, ақындық жолына алаңсыз түскен ақынның ел ұстазы, ақылшысына айналып, үлкен өмірлік - өнерлік жинақтау жасай бастағанын байқаймыз. Осындай көркемдік кенеуімен, кемелді ойымен өрелі өлеңнің құрылымы да келісті. Өлеңнің алғашқы екі жолы өзара ұйқасып, егіздік байқатқан, алайда арықарай еркін ұйқаспен кестелеңген. Мазмұн-мағынажағынан да, пішім, ырғақтық жағынан да ешқандай жік білінбейді. Өлең алғашрет 1909 жылСанкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Туындының: «Өзі алмайды, қыранға аддырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап»,- деген 7, 8-жолдары 1909 жылғы жинақта берілмеген. Бірақ бұл 2 жол Мүрсейіт қолжазбасы негізінде тұңғыш рет 1933 жылғы жинаққа кіргізілген. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

ІV Сөзжұмбақ шешу: «Қансонар»

Қ
А
Н
С
О
Н
А
Р

1) Махаббат символы ……(аққу)
2) Құйрығы аша құс (Қарлығаш )
3) Бақыт құсы (Көгершін)
4) Жылтырға үйір құс (сауысқан )
5) Орман емшісі (Тоқылдақ )
7) Жыртқыш құс (Лашын)
8) Қыстап қалатын құс (Қарға)
9) Қыран құс (Қырғи )

V Жаңа сабақты меңгерту:

  1. Мәнерлеп оқу.


Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

Қыран шықса қияға, жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап.

Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,

Күйкентайы үстінде шықылықтап.

Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,

Күні бойы шабады бос салақтап.

Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,

Қуанар иелері сонда ыржықтап.

Не таптық мұныменен деген жан жоқ,



Түні бойы күпілдер құсын мақтап.

Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,

Қайран ел осынымен жүр далақтап.


  1. Талдау.


4 4 4

Қы-ран бүр-кіт // не ал-май-ды, // сал-са бап-тап, 12 а

3 4 4

Жұрт жүр ғой // күй-кен-тай мен // қар-ға сақ-тап. 11 а

4 2 4

Қы-ран шық-са // қия-ға, // жі-бе-ре-ді 10 б

3 4 4

О-лар да // е-кі құ-сын // е-кі жақ-тап. 11 а
Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11-12

Ұйқас түрі: қара өлең
VІ Сабақты бекіту: Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал-мәтел қалдырған.
1. Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
2. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
3. Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт.
4. Саятшылық сабырлыға жарасар.
5. Сонаршы ақпанды сүйер.

Викториналық сұрақтар қойылады.
• Қандай қыран құстар бар?
• Құсбегі деген кім?
• Құсбегіге қандай құрал - жабдықтар керек?
• Ең үлкен қыран қай құс?
• Оның қанат құлашы қанша?
• Бүркіт қанша жыл жасайды?
• Бүркіттің баласын не деп атайды?
• Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс?
• Қасқырды да алатын өте күшті алып құс?

VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.



VІІІ Үйге тапсырма:

  1. «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.



Тексерілді:
Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;



  2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;




  1. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;


4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  1. «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.


Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Бұл шақта ақынның дүние, әлем туралы танымы шығыстық рухани қазынамен байыған, кемеліне келіп, мейлінше толысқан еді. Рухани кемелдеңгейге кетерілген ақын заман сырын, адам құлқын терең философиялық тыныммен таразылайды. Қайғы ойлау, көзден ұйқы қашып, ойдың кермек тартуы – мұның бәрі қартайғандықтың белгісі емес. Заманынан, заманының адамынан озған, ақылымен, парасатымен озған ақын өзі жеткен рухани биіктен мұңдасарға, ойласарға сөз ұғарлық кісі таппай толғанады. Толғана отырып, заман, адам туралы, жақсы мен жаман адал мен арам туралы ойларын білім, ақыл жайын дағы адамгершілік нысана тұрғысы биігінен баяндайды, адам мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын анғарады. Өлеңнің әр шумағы негізгі тақырып пен идеяны әр қырынанашып, тұтаса келе күрделі көркемдік құбылысқа айналады. Алғашқы екі шумақ ақынның адам мен заман туралы жалпы ойларынан түзілген болса, кейінгі шумақтарда бұл ойлар бейнеге айналып, нақты да затты сипатқа иеленеді. Ақын ұстанған талап пен талғам өлшемдеріне қарағанда, бойдың салғырттығын жеңіп, ой қуып, ақылға еру ердің ісі болғанда, өз қашанда өздігін жасап, еріншек тартпақ, ортасынан шыға алмай, шығандап қылық та қыла алмай, қыр аспас қалпында көпке көніп қала бермек. Ермен ез, олардың бір-бірінен айырмашылығы хақындағы осы ойлар біртіндеп жақсы мен жаман, олардың бір-бірінен өзгешеліктері туралы тұтасқан ұғымдар жүйесіне жалғасады. Ақын танымы аясында жаман мен надан екі түрлі ұғым, екі басқа категория емес, бір ғана нәрсе. Жаманның жамандығы да білімсіздіктен, ақылдың кемдігінен. Білімсіз надан білімді адам айтқан ақылды құлағына ілмек емес, ақ пен адалды, шынды танымай, жоққа иланып, жалғанға сенбек. Көпті көрген, ақылы асқан ақсақалдың, білімдінің сөзінен сырдаң тартып, қылғанұрлығын, қуған қулығын мақтан етуден арыға бара алмайтын да сол. Сонымен қатар оның кісіге сырты күліп, ішіне жаулық сақтайтын, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіретін қасиеті де бар. Жамандығына, надандығына қарамастан, мұндай пенделер мақтан үшін болыс болмақшы, адамдық пен арамдықты бір-бірінен айыра алмаса да, ел билеп, жұрт меңгермекші. Осыныңбәрі Абай заманындағы білімсіз наданның, ақылсыз жаманның бейнесін, оның жан шындығын терең әрі жан-жақты танытады. Өлең 11
буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909жылы Санкт-Петербургте жарықкөрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістеркездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945 жылғы жинақта 2-шумақтың 1-жолы «Әуелде жас қартаймақ, туған өлмек» делінсе, қалған басылымдарда 1909 жылғы жинақ бойынша «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек» болып берілген. Осы шумақтың 2-жолы 1945, 1954, 1957, 1977жылғыжинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек», 5-шумақтың 3-жолы «Екеуініңбірі жоқ ауыл кезіп» деп алынса, 1909 жылғы басылымда «Тағдыр жоқ өткен адам қайта келмек», «Екеуінің бірі жоқ ауыл кезбек» түрінде басылған. 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 4-шумақтың 3-жолы 1909 жылғы жинақ негізінде «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас» делінсе, Мүрсейіт қолжазбаларында бұл жол «Арамдықтан жамандық таппай қалмас» болып алынған. Туынды ағылшын, араб, белорус, қарақалпақ, қырғыз, латыш, орыс, өзбек, украин, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.