Файл: Таырыбы Таажайып кітап лемінде! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы: Таңғажайып кітап әлемінде!
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тарту. Көркем поэзия оқуға ынталандыру, тілін байыту, тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, кітапқа құрметпен қарауға үйрету.
Кітапханашы: Қайырлы күн, балалар! «Таңғажайып кітап әлемінде» сайысына қош келдіңіздер! Мен сіздерге ерекше көтеріңкі көңіл-күймен келіп тұрмын. Бүгін сіздердің алғыр, ұйымшыл, шапшаң болғандарыңызды қалаймын. Бүгінгі біздің сайысымыз –кітапқа арналады.

Кітаппен дос бол,

Кітаптың жомарт беттері,

Көзіңді ашар,

Адал дос жоқ тегі- деп, Расул Ғамзатов айтқандай, кітап-ақылшың, досың, сырласың.

Жиналыппыз   сәтті күні бәрімізде, 
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де. 
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым 
Гүл-гүл жайнап біздің, мына, төрімізге- бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарымызды ортаға шақырайық!

1.” Аққауырсын” тобы

2.”Құмсағат”тобы 
Кітапханашы:
Ақ көңілмен ниетпен 
Әділ баға берсін деп 
Шаршамай еш жалықпай 
Айтқанына көндік деп 
Әділ қазы алқасын сайлап алған жөн болар!

1._______________________________________________________________

2._______________________________________________________________

3._______________________________________________________________


Сайыс кезеңдері: 
1 бөлім – «Сәлем сөздің атасы» топты таныстыру 
2 бөлім – «Бұл қай оқулық?»
3 бөлім – «Сөзтуым» Оқушылар бірлесіп сөзжұмбақ шешеді.
4 бөлім – «Тіліңмен сөйлеме, жүрегіңмен сөйле» мәнерлеп оқу
5 бөлім – «Ең керемет» Қазақ ертегілері, балалар киносы және көрікті жерлерді табу

6 бөлім – «Кітаптар әлемі» кітапша шығарып, таныстырады
Кітапханашы:

Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары!

Қол соғып қошеметтеп отырайық,

Топтарымыз бүгін міне жарысады. 1-бөлім Таныстыру бөлімі. Екі топ өздерін таныстырады.
Кітапханашы:

Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады-дегендей, 2-бөлім «Бұл қай оқулық?» бөлімі. Кез –келген оқулық мәтінін оқу. Оқушылар сөйлеп тұрған оқулықтың атын айту керек.

  1. «Ауасыз адам, жануар және өсімдік тіршілік ете алмайды. Адам ауасыз бір минутта-ақ өліп кетеді» («Дүниетану оқулығы»)

  2. «Көкшенің асқан әншісі, композитор-Ақан сері әрі керемет орындаушы және ақын.» («Музыка « оқулығы)

  3. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді.

(«Математика» оқулығы)

  1. М.Мақатевтың «Үш бақытым» өлеңі?


(«Әдебиеттік оқулығы» оқулығы)

Кітапханашы:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста. 3-бөлім Сөзтуым бөлімі. Оқушылар бірлесіп сөзжұмбақ шешеді.
Кітапханашы:

Ана тілім-бүгінім, ертеңім де,

Ана тілім-өлеңім, ертегім де.

Сенің арқаң, туған тіл, сенің арқаң,

Сыйлымын да, азатпын, еркемін де. Келесі 4-бөлім -«Тіліңмен сөйлеме, жүрегіңмен сөйле». Мәнерлеп оқу. Екі топтан бір оқушы шығып, мәнерлеп өлең оқиды.
Кітапханашы:

Күн шаңырақты, күміс отау далам бар,

Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!

Кілем түсті қырларым бар керілген,

Қырларында қоңыр салқын самал бар! 5-бөлім «Ең керемет» бөлімі. Қазақ ертегілері, балалар киносы және Қазақстанның көрікті жерлерін табу.
Кітапханашы:

Тәлім  алған Кітаптардан өнегелі 
Білімділер таң қалдырған талай елді 
Кітаптар әлемімен таныстырып,
Ешкімнен қалыспаймыз біздер енді –деп, 6 бөлім – «Кітаптар әлемі». Топтар кітапша шығарып, жасаған кітаптарымен таныстырады.
Кітапханашы:

Осымен сайысымыздың алты бөлімі де аяқталды. Бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен «Таңғажайып кітап әлемінде» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын. Қош сау болыңыздар!