ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эстафеталық ойындарСабақ жоспарыПәні: дене шынықтыруПән мұғалімі: Сынып: 5-сынып Сабақтың өтілетін мерзімі: 09.01.2023-25.02.2023 Сабақтың тақырыбы :Эстафеталық ойындар Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы менбілімін арттыру.Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын, ептілігін,икемділігін дамыту.Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,шапшаңдаққа тәрбиелеу.Түрі: Командалық жарысСабақтың әдісі: ОйынКеректі құрал жабдықтар: Ысқырық, кедергілер, шеңберлер, доптар,кеглилер, кішкене доптар, таяқшалар, секіртпелер, плакаттар.Кіріспе бөлім 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.2. Кезекшінің мәліметі.3. Сәлемдесу.4. Сабақтың мақсатын түсіндіруЖүру жаттығулары:Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру;Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;Қол белде жартылай отырып жүру;Қол тізеде, толық отырып жүру,Жүгіру жаттығулары:Жеңіл жүгірісОң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау.Жалпы дамыту жаттығулары:-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.1-топ-«Қыран» тобы2-топ- «Барыс» тобы1. Картоп отырғызуМұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.2. Картоп жинауМұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.3. КенгуруМұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.4. Допты бастан асырып беруБастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.5. Допты аяқтың астынан беруОйын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.6. Допты себетке салуДопты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді.7. КеглиТізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.8. Орыннан секіруМұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.
9. Мәреге кім бұрын?Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.Қорытынды бөлімСапқа тұрғызуДенені қалыпқа келтіретін тыныс алуЖаттығуларын жасау.Сабақты қортындылау.БағалауҮйге тапсырма:Ертеңгі бой жазу жаттығуларын жасау.Саппен шығаруСабақ барысындажіберілген қателіктіайту, түзеу.Қорытындылау.Эстафеталық ойындарОрындаған: Озбеков АТексерген::Әбілқайыр Б.Сарышаған кенті ЖОББ мектебіҚарағанды 2023