Файл: 6саба Сабаты таырыбы Берілген санны пайызын табуа есептер шыару Мугалим Умбетва Меруерт Мирзамидиновна.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 135
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Қысқамерзімді жоспар №6-сабақ Сабақтың тақырыбы: Берілген санның пайызын табуға есептер шығару Мугалим Умбетва Меруерт Мирзамидиновна | |||
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4.А Пайыз. Мектеп: Күні: Сынып 5 Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||
| Сабақтың тақырыбы | Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу | ||
| Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.34 Берілген санның пайызын табу. 5.1.2.35 Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу. 5.1.2.36 Берілген пайызы бойынша санды табу. | ||
| Сабақтың мақсаты | Оқушылардың бәрі: берілген санның пайызын табу; бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу; берілген пайызы бойынша санды табу. Оқушылардың көбі: мазмұнды есептерді шығаруда пайызды қолдана алу. Кейбір оқушылар: күнделікті тұрмыста кезесетін пайызға байланысты есептерді мысалға келтіріп дәлелдеуге, талдайды және айызды табу алгоритмін түрлендіріп қолдану. | ||
| Бағалау критерийі | 1. Берілген санның пайызын табады; бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табады; берілген пайызы бойынша санды табады. 2. Мазмұнды есептерді шығаруда пайызды қолдана алады. 3. Күнделікті тұрмыста кезесетін пайызға байланысты есептерді мысалға келтіріп дәлелдейді, талдайді және айызды табу алгоритмін түрлендіріп қолданады. | ||
| Тілдік мақсаттар | 1. Бөлшектерді пайыз арқылы және керіінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады. 2. Санның пайызын табу және пайызының мәні бойынша санды табуды түсіндіре алады. 3. Пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады. | ||
| Лексика мен терминология | Жай бөлшек, ондық бөлшек, айыз, санның пайызын табу,пайызы бойынша санды табу. | ||
| диалогтік | -пайыз деп нені айтады? -пайыз жай бөлшекпен қалай жазылады? -берілген санның пайызын қалай табады? -Пайызы бойынша санды қалай табады? | ||
| Құндылықтарға баулу | Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу | ||
| Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, экономика | ||
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Пайыз, ондық бөлшек,жай бөлшек | ||
| Сабақтың барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | ресурстар | |
| Сабақтың басы (5 минут) | 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сыныптың тазалығы, сыныпты түгендеу ) «Шаттық шеңбер» әдісі арқылы балаларға бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сабағымызды жақсы көңілмен бастаймыз.(1мин) 2.Топқа бөлу «Пазл» әдісі арқылы (екі топқа банк пен ақшаның қиындыларынан сурет құрастыру) . (1мин) (W). «Миға шабуыл». (3мин) 60км-дің 1%-ы, 20метрдің 1%-ы 1%-ы 10-ға тең, 1%-ы 5-ке тең болатын санды табу керек | Оқулық Интербелсенді тақта | |
| Сабақтың ортасы (22 минут) | 1.Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру. «Жаңа білімді меңгеру». (7 мин) І топқа: Берілген санның пайызын табу ІІ топқа: Пайызы бойынша санды табу Тақырыпты топ ішінде өзара талқылап,топ көшбасшысы қорғайды Екі топ бір-бірін «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалайды Топтар бірін бірі бағалағаннан кейін мұалім тақтаға слайд арқылы тақырыпты түйіндейді. (G). «Ойлан тап» (жұптық жұмыс) . (5мин) Әр оқушы көршісіне ойлаған санын айтады және сол санның пайызын таптырады. Екеуі бір-біріне тапсырма жасырады Мысалы: 20 санының 25%-ы, 120 санының 40%, 52%-ы 52-ге тең болатын санды табыңыз «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды «Кім жылдам» (бекіту жаттығулары) . (3мин) «Шапалақ» арқылы бағалайды (G) .«Өрмекші» ойыны (деңгейлік тапырмалар,оқулықпен жұмыс құндылыққа байлансты есептер). (5мин) А деңгейі А) Бұйымның бағасы 15%-ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 5000 тг болса, оның қымбаттаған бағасы бағасы неше теңге. В) Еркін флэшкасына 50%-өлең жазды.3 гигабайт флэшкада қанша бос орын бар. В деңгейі А)Банк салымшыларға қысқа мерзімді салым бойынша 3,5% жылдық сыйақы төлейді ( сосын жыл сайын 3,5% -ға өсіп отырады.) Бір жылдан соң салымшы 207000 теңге алса, ол банкке алғашқыда қанша теңге салған? В) Мектеп кітапханасында 2800 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптың 85%-і. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар? С деңгейі А) Атай жинақ кассасына 10%-тік өсіммен 36 В) Мұнай қоймасына әрқайсысы т-дан 30 цистерна мұнай әкелінді. Бірінші күні әкелінген мұнайдың 30%-ы,екінші күні қалған мұнайдың 80%-і сатуға жіберілді.Қоймада қанша мұнай қалды? «Смайликтер» арқылы оқушыларды бағалайды | Флипчарт, Маркерлер оқулықпен жұмыс | |
| (I) Дарынды оқушыға тапсырма. (2мин)
«Мадақтау» сөздер арқылы бағалаймын Сергіту сәті: «Көңілді би» . | |||
| Сабақ соңы (13 минут) | (G) «Топтық жұмыс» . (10 мин) 1 топ 30,150,210 сандарының 10%-н табыңыз. 28,68,100 сандарының 50%-н табыңыз. 2 топ Сыныпта 16 қыз бала бар, бұл сынып оқушыларының 80%-н құрайды. Сыныпта неше оқушы бар? 3 топ Кітапханадағы25000 кітаптың 40%-і оқулықтар. Олардың 12%-і математика оқулықтары.Кітапханадағы математика оқулықтары нешеу? Үй тапсырмасын беру (деңгей бойынша) А деңгейі №405 В деңгейі №412 С деңгейі №418 «Бес сұрақ» стикерде жазылған бес сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз. (3 мин) Жасыл- толық мeңгeрдім, қолдана аламын. Сары- толық мeңгeрдім, бірақ қoлдануда қинaлaмын. Қызыл-түсінбeдім. | «Жарaйсың», «жaқсы», «өте жaқсы» деген мaдақтaу сөздeр aрқылы бaғaлaу. Интербелсенді тақта | |
| Саралау | Бағалау | Пәнаралық байланыс- денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | |
| 1.Тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға тілдіқ мақсаттың лексика және терминология, диалогтік тармақтарын пайдаланамын. 2.Есеп шығаруда есептердің деңгейін(А,В,С) қадағалаймын және кейбіреулері үшін қосымша есепті ұсынамын. 3. Үй тапсырмасына оқушылардың деңгейлеріне қарай саралап беремін. | 1.Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. 2.Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру үшін деңгейлік тапсырмалар беремін.Белсенді оқу тәсілдеріне- -«смайлик», -«шапалақ», -«басбармақ», -«бес сұрақ», -«бағдаршам» секілді оқу тәсілдерін қолдандым |
| |
| Сабақ бойынша рефлексия
Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма
Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? | |||
| Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1 2 Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? | |||