Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 125
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстандағы алғашқы Интернет 1994 жылы пайда болды. «Релком» компаниясы электронды пошталар желісін Интернет қағидалары және әлемдік ғаламтормен ақпарат алмасу мүмкіндігі бар жүйені құрды. Көкшетау қаласында "нағыз" Интернет "Арна-Спринт" ("АСТЕЛ") компаниясының арқасында 1997 жылы енгізіліп, алғашында тариф бағасы - сағатына 10 $ болғанына қарамастан, бірден танымалдылыққа ие болды. Артынша Интернет қызметін Қазақстанның НацБанкі де "БанкНет" желісін ұсына бастады. Ол кездегі Интернетті қазіргімен салыстыруға келмейді - байланыс жылдамдығы небәрі секундына 14400 бит болатын. Алайда осының өзі сол мезетте болашаққа деген үлкен қадам болатын. www.site.kz мәліметі бойынша 2000 жылдың 17 қарашасында Қазақстанда барлығы 1945 сайт болған. Ал бүгінде күнделікті ғаламторда 8-12 жаңа сайттар пайда болып отырады. Ал бүкіл әлем бойынша ресурстар мен қолданушылар көлемі шамамен бір жылдың ішінде екі еселенуде.
1999 жылдың 1 қыркүйегінен "Қазақтелеком" және оның "Мәліметтерді жіберу желілерінің дирекциясы" ("Дирекция Сетей Передачи Данных") филиалы ауқымы мен маңыздылығы бойынша теңдесі жоқ "Интернет зонасы" ("Зона Интернет") атты жоба жасап шығарды. Оны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының әрбір облыс орталығында және басқа да ірі қалаларында "Cisco Systems" фирмасының құрылғылары орнатылды. Бұл кең байтақ еліміздің кез келген жерінен алдын-ала тіркелу мен ақысын төлеусіз ғаламдық Интернет желісіне шығуға мүмкіндік берді. Ол үшін тұрғындардың қолында компьютер, модем мен жалпы 87501010101 телефон номері мен ортақ тариф болғаны жеткілікті еді. Л сол тарифтер басқа Интернет-провайдерлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен еді, сондықтан өзгелер өз бағаларын түсіруге тура келді.
2000 жылдың мамыр айында тағы да бір бірегей жоба «Қазақстандық Интернет» пайда болды. Интернетпен 87501110111 номері арқылы байланысып, қолданушылар серверлерге, сайттарға және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан желілік адрестерге, яғни «.KZ» домендік аты бар барлық серверлерге қол жеткізе алды. Бұл ең алдымен еліміздің білім беретін барлық мекемелеріне қажет, және де аталмыш жобаның тарифі күннің мезгіліне қарамастан, сағатына небәрі 0,43$-ды құрайтын [8].
2000 жылдың жазында «Қазақстан Онлайн» ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып сол кездегі жаңа технология – VPDN (Virtual Private Dial-Up Network – Виртуалды Жекеменшік Желі) қызметін ұсына бастады. Осы технологияның арқасында Республиканың немесе белгілі бір елді-аймақтың әр жерінде филиалдары бар фирмалар өз компьютер желілерін Интернеттің арзан арналарын қолдана отырып бірікту мүмкіндігі туды. Бұл қызмет қолданушының желісіне бөтен адамның еніп кетпеуіне және ақпараттың шығып кетпеуіне кепілдік береді. Виртуалды Жекеменшік Желіні қолдану үшін бағасы 500-1000$
арнайы модем емес, қарапайым біреуі және жалпыға ортақ 87501210121 номері болса жетіп жатыр. Желімен байланыс орнату кезеңінде қолданушылар VPDN-ді тіркеу кезіндегі есім мен парольді енгізіп, серверге өтеді. Енгізілген мәліметтер рас болса, адам жергілікті желіге арақашықтыққа қарамастан бірден қосылады. Ал фирмаға бір ғана қалаішілік желі, қызметкерлер енгізген мәліметтерді сәйкестендіруге арналған тұрақты түрде қосылып тұратын сервер керек.
«Қазақтелеком» Интернетінің «Dial-Up» (қарапайым аналогтық модемдер арқылы желіге қосылу) қызметі Желіде секундына 56 килобит жылдамдықпен жұмыс жасауға кепілдік береді.
«Қазақстан Онлайн» ірі қалаларда 1999 жылдан бастап жаңа қызмет түрі – Интернетке ADSL (Asymetric Digital Subscribe line – ассиметрикалық сандық абоненттік желі) технологиясы арқылы қосылуды ұсынды. Оның арқасында қарапайым телефон желісі арқылы мәліметтерді секундына 1 мегабит жылдамдықпен жіберіп, секундына 8 мегабит жылдамдықпен қабылдауға мүмкіндік туды. Тағы бір ерекшелігі – ол жұмыс істеп тұрғанда телефон желісіне еш кедергі келтірмейтіндігі еді.
Отандық Интернеттің даму кезеңдеріндегі мына бір қызметті де айта кеткен жөн. Frame Relay (Кадрлар трансляциясы) деген протокол бойынша тұрақты түрде желілерді байланыстыратын технология негізгі қызметінен бөлек, қолданушы таңдаған сандық арнаны телефон арқылы хабарласуға бейімдейтін еді. Бұл үнемі қалааралық номерлерге хабарласатын және тұрақты түрде ғаламтор арқылы үлкен көлемдегі ақпарат алмасатын адамдар үшін қаражатын үнемдеудің бір жолы. Мысалы бір жағынан телефон немесе бейне арқылы конференция құрып отырса, сол уақытта дәл сол арналармен Интернеттің шексіз кеңістігінде ақпарат алмасып жатады.
Алғаш пайда болғанынан бері қазіргі күнге дейін өз маңыздылығын жоймаған қызмет – ол электронды пошта. 2000 жылдардан бастап отандастарымыз арасында кең қолданысқа ие болған «e-mail» қызметі оған дейін болған хат жіберу жолдарының ішіндегі ең операвтісі, сенімдісі және қол жетімдісі. Алғашында қазақстандықтар host.kz немесе mail.kz сайттарында жекеменшік электронды пошта ашатын еді.
1.3. Интернет пен телевидение салаларының бірігіп жұмыс жасауының даму тарихы
Медиаплатформалардың конвергенттігі – бүгінгі күннің өзекті трендтерінің бірі. Алайда сәтті шыққан жобаларды бүкіл әлем бойынша саусақпен санауға болады. Алғашқылардың бірі болған 2003 жылы эфирге шыққан «Sofia’s Diary» («Софияның күнделігі») атты португалдық сериал. Жасөспірім қыздың күнделікті өмірін аудиторияның теледидар, радио, басылым және интернет арқылы бақылауға мүмкіндігі болды. Ал әрбір эпизодтан соң SMS-хабарлама жіберу арқылы көрермендер ары қарай орын алатын жағдайларға үлесін қоса алатын еді. Аудиториясы 13-18 жас аралығындағы жастарды құрайтын аталмыш телехикая интерактивтілігімен ғана ерекшелінген жоқ, сондай-ақ ол өз көрерменнің ойында әрдайым жүретін. Әйгілі ағылшын сериалы «Skins» -тің («Молокососы») авторлары жаңа сериялардың анонсын MySpace-ке салатын еді. Арнайы қосымша бағдарлама арқылы хикаяның кейіпкерлері, саундтректері, анонстары және басқа да эксклюзивті ақпаратқа қол жеткізуге болатын [9]. Алайда интеграция деген белгілі бр өнімнің танымалдылығын арттыру үшін бірнеше медианы біріктіру ғана емес. Бұл ақпарат таратудың мүлде басқа жолы. Мұндағы оқиға мозаика тәрізді. Әр түрлі платформалардағы элементтерді біріктіріп қана толық нұсқасын көруге болады. Бірнеше қосымша құрылғылардағы контент бір-бірін қайталамайды, керісінше толықтырып отырады. Бұл жай ғана интерактивті технология емес, бұл аудиторияның эмоциясына әсер ететін күшті құрал. Сапалы конвергентті оқиға өзіне бас ала алмастай тартып әкетеді.
Телевизия және Интернет салаларының бірігуіне алғашқы болып ниет еткен жас буын. Nielsen компаниясының зерттеуінің нәтижесі бойынша шамамен 15 пайыз жасөспірімдер спорттағы жаңалықтарды дәстүрлі телевизиядағы трансляциялардан гөрі, Интернет арқылы біліп отырғанды жөн санайды. Басқа да жас категориялардағы бұл көрсеткіш небәрі 3 пайызды құрайды. Осыған қарап, Интернеттің пайда болғанға дейінгі кезеңде туып өскен ұрпақ әлі күнге дейін дәстүрлі телевидениеге көбірек сенетін көрінеді деген ойға келесің. Мысалға, АҚШ-дағы қарапайым тұрғын теледидар алдында Интернеттен гөрі 3 есе көп уақыт өткізеді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Интернеттегі видеоның сапасы нашар еді, ал бүгінде барлық видеолар HD форматына ауысуда. IBC 2008 жәрмеңкесінде өткізілген сауалнама бойынша, еуропалық контент-құраушылардың 80 пайызы алдағы жылдан бастап HD видео жариялайтын боламыз деп жауап қайтарған. Контентке келетін болсақ, негізінен қысқа роликтер жасаумен айналысамыз дегендер 64 пайызды құраған. Контент-құраушылардың 57 пайызы Интернет видеоны 4 Мбит/с жылдамдықпен жіберетінін алға тартқан.
Дәл сол сауалнама бойынша, контент-құраушылар Интернеттегі видеоны жіберетін терминалдар ретінде жеке компьютерлерден гөрі тұрмыстық электроника құралдары болғанын қалайды. Олардың 38 пайызы хабарды теледидар арқылы таратуды қаласа, 34 пайызы теледидарлық приставкалар арқылы, ал 9 пайызы DVD-ойнатқышқа сүйенсе, қалған 5 пайызы ойын консольдарына сенім артқан [10]. Мұның барлығы дерлік қазір орын алуда.
Дәстүрлі медиа-бизнестің кейбір түрлері ығыстырылуда: видеоны жалға берудің орнына Интернет арқылы жүзеге асатын Video-on-Demand қызметі келді. Ол қызметке теледидар приставкалары арқылы қол жеткізуге болады. АҚШ нарығында 2008-2009 жылдардан бастап Roku компаниясының приставкасы 99 доллардан сатылған. Ол приставка Интернеттегі ақылы контентті шынайы уақытта жүктеп, теледидар экранынан қарауға мүмкіндік береді, ол үшін ешқандай қатқыл диск керек емес, қажетті бейне streaming технологиясы арқылы жүктеледі. Дәл осындай режимде Microsoft Xbox пен LG компаниясының Blu-ray видеоойнатқышын қолдануға болады. Ал бүгінде бұл құрылғылар еліміздің кез келген қаласынан табылады әрі тұрғындар арасында кең таралып келеді.
Интернетте шығындалатын видеотрафиктің өсуіне байланысты шет елдерде және ресейдің ірі қалаларында қолданылатын кең жолақты қол жеткізудің безлимитті түріне негізделген бизнес-модель алдағы уақытта болмайтынға ұқсайды. Кейбір американдық Интернетпен қамтамасыз ететін компаниялар қолданушылар жарататын трафик көлемін шектеуге кірісіп кеткені жайлы айтылған болатын. Басқа американдық операторларының ойынша, трафиктің барынша жоғары өсімі болмас үшін контент жеткізу желісін (Content Delivery Network, CDN) кең қолданысқа енгізген дұрыс. Қазіргі таңда бұл үдеріс орын алуда: шығындалған трафикке ақылы тарифпен жұмыс жасайтын отандық Интернетпен қамтамасыз етушілер сол жұмыс жүйесін жалғастырып жатса, ал сәнге айналған безлимитті қолдетімді Интернетке көшкендер бұрынғы тарификациялау жүйесіне қайта бас қоюда.
Бүгінгі күннің жастарына бір ғана телевизия аздық етеді. Олар өз өмірлерін сансыз көп гаджеттерсіз елестете алмайды. Олардың әрқайсысы сүйікті сериалының жалғасын планшеттен қарауға, оны достарымен әлеуметтік желілерде талқылауға, ғаламтордың шексіз сілтемелерін ақтарып, өз керегіңн табуға мүмкіндік береді. Интернет – антропоцентрлі, яғни ол қолданушылардың арқасында ғана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда қолданушылар контентті өздері құрайды, сонысымен ғаламтор кеңістігін қалағандарынша өзгертуде. Осылайша қоғамдық және жеке коммуникацияның арасындағы шекара жойылуға шақ қалды. Желідегі әңгімелесу барынша ашық және формалды емес. Аталмыш кеңістікке еніп, актуалды ақпараттық және эмоционалды трендке сәйкес өз ойыңды қызықты етіп редакциялап, аудиторияға ұсынсаң болды – көпке дейін аудитория назарына ие болуға болады. Қарапайым пассивті қараумен салыстырғанда, интеграция көрерменді белгілі бір іс-әрекетке итермелейді, кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды.
Нарық үнемі тұтынушыға әсер етудің неғұрлым тиімдірек тәсілдерін іздестіруде. Алайда, құрал нәтижелі болып қана қоймай, сондай-ақ пайдалы болуы тиіс.
Батыстағылар мұны әлдеқашан түсініп қойған. Nokia компаниясы Conspiracy for Good атты онлайн мен оффлайн арасындағы шекараны жоюдың сәтті жолына инвестиция жасады. Сонысымен әлемді қазіргісінен жақсырақ қылғысы келді. Ал танымал MasterCard компаниясы «Coing to Like by Like» атты трансмедиалы жобаның барысында бір жас жігітті Брюссельден басталып Гавайиде аяқталатын саяхатқа жіберді. Әлеуметтік желідегі әрбір лайк үшін басты кейіпкердің кредиттік картасына 1 доллар түсетін.
Ал көрші Ресейде медиаларды біріктіру әдісін пайдаланудың басталғанына көп болған жоқ. Бұл дәстүрлі жарнама форматтарымен салыстырғанда әлдеқайда көп күш пен еңбекті, сәйкесінше көп уақытты талап етеді. Жақында YouTube смартфондар мен Smart TV-ді синхрондауға мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны қолданысқа берді, алайда бұл тұтынушыға контентті жеткізудің бір тәсілі ғана. Ресейде алғашқы болып ауқымды трансмедиалық жобаны іске асырып, оны экономикалық нәтижелі еткен «Нағыз махаббат» («Настоящая любовь») пішіні. Ал оған қолдау көрсеткен PepsiCo компаниясының «Любимый» атты бренді. Осылайша бірінші рет Ресей нарығында контенттті таратудың барлық жолдары біріктірілді: телевизиялық эфир, интернет порталдар, SmartTV, әлеуметтік желілер және мобильді құрылғылар.
Әлеуметтік желілердің қолданушыларына өз махаббат оқиғасын айтып беру керек болды және ұйымдастырушылар бұл ұсынысқа 3 мыңнан аса жауап алды. Ең үздік 50 оқиғаның сюжеті бойынша төрт минуттық кішігірім-фильмдер түсірілді. Монтажға шамамен бір айдай уақыт кетті. Ол уақыт аралығында СТС арнасының эфирінде жобаның анонстары, артынша прайм-таймда тизерлері көрсетіліп тұрды, ал роликтердің толық нұсқасы videomore.ru сайтында пайда болды. Яғни авторлар әрбір серияны телевизиядағыдай бірінен соң бірін берудің орнына, бәрін бірден жариялаған. Интернеттегі адамдар өзі ұнатқан бағдарламаның барлық санын бірден көргенді жөн санайды. «СТС Медианың» басқа да онлайн-ресурстары – www.domashniy.ru, www.ctc.ru жобаның сәтті шығуына атсалысты. Соңында қолданушылар үздік махаббат оқиғасына дауыс беріп, жеңімпазды анықтады.
Жобаның нәтижесі ұйымдастырушылардың күткендерінен әлдеқайда асып түсті. Жалпы қамтылған адамдар саны 50 миллионнан асты: 30 миллионы көрермендер және 20 миллионнан астамы интернет-қолданушылар. Бұл Ресей тұрғындарының үштен бірі. Алғаш рет телевизия мен Интернеттің қамтылуы салыстыруға келетіндей болды. Айта кетерлік жайт – аудиторияның 40 пайызынан астамы әлеуметтік желілерден келген. Бұл өз алдына жеке аудитория «Нағыз махаббатты» желіде ғана емес, оффлайн режимде де алға бастырды. Жоба жайлы ақпарат дәстүрлі бұқаралық ақпараттық құралдарында да көрініс тапты. Одан да маңыздысы, «Любимый» брендтің негізгі KPI-ларының әжептәуір өскенін атап өтті. «Брендтің денсаулығы» атты зерттеудің нәтижесі бойынша, «Любимый» шырынының махаббатпен ассоциациясы 30-40 пайызға өскен екен [11].
ХХІ ғасырда сандық және әлеуметтік технологиялар кең белес алуда. Бұл тенденцияларды теріске шығарып немесе байқамай қоюға болмайды. Әсіресе аудиторияны жан-жағынан қамтуға мүмкіндік беретін медиаплатформалардың барлық түрін иеленетін холдингтерге. «Нағыз махаббат» жобасы бірнеше кәсіби жүлделерді иемденді, трансмедиалық технологиялар жағынан әлемнің үздіктер қатарына енгізді, «СТС Медиа» каналдарына жаңа жарнама берушілерді тартты. Сондай-ақ жобаның авторлары мен партнерлеріне жақсы табыс табуына себепкер болды.
Тағы да Ресей тәжірибесінен: Останкино телемұнарасының жанып кеткені Ресей телеарналары үшін өз жұмыстарын интернетпен байланыстырудың тетігі болды десек артық айтпаймыз. Алғашқылардың бірі болып, хабар таратуды Интернетке көшіретіні жайлы жариялаған НТВ арнасы болатын, артынша РТР арнасы да ол қатарды толықтырды. Сонысымен РТР футбол жанкүйерлерінің бағына орай, телевизиядағыдай тәртіпте хабар таратуын жаңартты [12]. Алайда, Интернет желісінде хабар таратқандағы көріністің сапасы бүкіл мемлекет аумағын айтпағанда, Мәскеуде де нашар болды. Айта кетерлігі, жоғарыдағы жағдай компьютерлік технологияларға қатысы жоқ адамдар арасында Интернетке ақпараттық орта ретіндегі қызығушылықты оятты. Интернет пен телевизия салаларының біріктірілуінің негізгі жолы – телевизиядағы желідегі ақпарат көздерінің жарнамасы. Бағдарламалардың басында немесе соңында өз сайттарының адрестерін жазатын компаниялар осылайша аудиториямен орнатылатын интерактивті байланысты нығайтуды, жарнама берушілердің назарын аударуды және желі қолданушыларының кішкене бөлігін өз аудиториясына қосуды көздейді. Интеграция үдерісі телевизия желіде жоғары сапада, мүмкіндігінше аз техникалық талаптармен хабар тарататын жағдайға жеткенде тоқтап қалады деу қателік болар.