Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 126
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоғарыда айтылғандарға қарағанда телекомпаниялардың аудиториясы ақпараттық үдерістің бейтарап мүшесі болып табылады, себебі оның еркін ізденіс пен саралауға мүмкіндігі емес, телекомпанияның құзырындағы уақыт аралығындағы ақпаратты батырмалы таңдауға ғана құқығы бар.
Мультимедиалық технологиялардың дамуымен және желі қолданушылар көлемінің өсуімен Интернет масс-медиа және жарнама салаларында қызмет атқаратын компаниялар үшін ақпараттық және маркетингтік орта ретінде қызықтыра бастады. Қазіргі таңда Интернет қолданушылардың ресейлік бөлігі шамамен 2 миллион адамды құрайды және әзірге орталық немесе ірі аймақтық телекомпанияның аудтиториясымен тең келе алмайды. Бірақ аудиторияның сапалық құрамы жоғары: қолданушылардың шамамен 60 пайызынан жоғарысының жоғарғы білімі бар. Осыған қарап, Ресейлік интернетті кері тартып тұрған факторы – тұрғындардың кірісінің төмендігі және телекоммуникациялық инфрақұрылымның жағдайы. Аймақтардағы қолданушылар көлемі материалдық және коммуникациялық жағынан барлық елдегімен салыстырғанда жоғары. Жағымды тұсы Интернет қолданушылар көлемінің өсу көрсеткіші және ғаламтордың қазіргі өмірдің қажетті элементтерінің бірі ретіндегі имиджін қалыпттастырғаны. Бұл үдерістегі телевизия саласының елеулі үлесін де атап өту керек.
Қазақстандықтар ақпаратты қай БАҚ арқылы алғанды жөн санайды? «Құқықтық медиа-центр» фонды осы тақырыпта зерттеу жүргізді. Фондтың жетекшісі Диана Окремованың сөзіне қарағанда, мұндай зерттеу жүргізудің себебі қазақстандықтар арасында қай БАҚ аса танымал екенін білу болған. Мемлекеттік тапсырыспен қызмет атқаратындар ма, жоқ әлде өз бетінше күн көріп жатқандар ма? Еліміздің 14 облысынан сұралған 1400 тұрғынның таңдауы негізінен телеарналарға түскен. Алайда интернет-ресурстар да халық арасында жоғары танымалдылыққа ие болып келе жатқанға ұқсайды [13].
1-кесте. Орын алып жатқан оқиғалар жайлы ақпаратты қандай қазақстандық ақпарат көздерінен білесіз?
Айта кетерлігі, қазақстандықтар интернет-ресурстарға көбірек сенетін болып шықты.
2- кесте. Қазақстандық ақпарат көздеріне қаншалықты сенесіз?
Отандық телеарналардың танымалдылығы жайлы айтатын болсақ, бұл тізімді бастайтын КТК арнасы.
3 – кесте. Қандай отандық телеарналарды көбірек қарайсыз?
- Осы зерттеу арқылы біз мемлекеттік тапсырыс бойынша аса көп мөлшерде қаржыландыратын арналар халық арасында аса танымал емес екендігін көрсеткіміз келді. Және біз мұны мүмкіндігінше айқын көрсеттік: мысалы, 2012 жылы бюджеттен 10 миллиард теңге алған «Хабар» арнасы танымал арналар рейтингінде тіпті үздік үштікке кірмей, 6-шы орынға жайғасқан. Салық төлеушілер тарапынан жақсы қаржыландырылатын «Казахстанская правда» газеті де ең танымал басылым болмай шықты, - деп баса айтты Диана Окремова.
Зерттеудің нәтижесі бойынша, ҚМО қызметкерлері Байланыс және ақпарат агенттігіне жекелеген арналар жайлы ұсыныстар жасайтын болады. Олардың тағы бір айтатыны мемлекет жекелеген БАҚ-тарды ғана емес, жалпы саланы қолдаса екен деген ниет-тілегі.
Журналистика әлем бойынша интернет арқылы біріктіріліп жатыр. Осыдан небәрі 10 жыл бұрын қазақстандық журналистің ресейлік немесе шет елдік БАҚ-тарына жұмыс жасағанын елестету де мүмкін болмайтын, Интернеттің жақсы дамымағанынан ақпаратты жеткізумен қиындықтар болды. Ал бүгінгі тенденцияның бірі – БАҚ-ның конвергенттігі. Осы бағыттың аясында біріншіден, БАҚ-дар жұмыстарын бір емес бірнеше платформада атқаруда, мысалы интернет-сайт интернет-телевидение ретінде де, ақпараттық агенттік ретінде де қызмет атқара алады. Екіншіден, көптеген журналистер түрлі салаларда және шет елдердің БАҚ-нда жұмыс атқара алады. Журналистер, шығармашылық адамдар ретінде, өздерінің жұмысымен әлемдік медиакеңістіктің бірігуіне атсалысуда.
ІІ. ИНТЕРНЕТ ПЕН ТЕЛЕВИДЕНИЕ САЛАЛАРЫНЫҢ БІРІГІП ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ АНАЛИЗІ («ЖЕТІНШІ АРНАНЫҢ» ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША)
2.1. «Жетінші арнаның» Интернет пен телевидение салаларын біріктіру тәсілдері
«Жетінші арна» астаналық «ЭРА» телеарнасының негізінде құрылып, 2009 жылдың 9 қыркүйегінен бастап республикалық арнаға айналды. Бүгінде «Жетінші арна» төл туындылары мен контенті бар, бағыт-бағдары айқын, көрсетілім страгетиясы жүйелі арна ретінде Қазақстанның медиа-нарығына тереңдей бойлап келеді. Алғаш құрылған кезден бастап «Жетінші арна» Қазақстандық медиа кеңістікте өзіндік орынға ие болды. Арнаның сандық және сапалық көрсеткіштері жыл санап өсіп келеді. Қазіргі таңда «Жетінші арна» медиа-нарықтағы ең ірі бес арнаның қатарына енді. Алғашында арнаның бағыты ақпараттық-танымдық болатын, ал 2016 жылдан бастап республикалық ойын-сауық арнасы ретінде көпшілікке хабар таратуда. Телеарна өз жұмысын бастағаннан бері оның басшылығымен қатар, концепциясы да бірнеше рет өзгерді. 2014 жылдың күзгі маусымында енгізілген концепция «Жетінші сен үшін» деп аталды және "7" саны арнаның символына айналды: 7 сезім, 7 ән, «7Мен» жобасының 7 тұлғасы, аптаның 7 тақырыптық күні. Осы бағыт бойынша әр көрерменнің «Жетіншідегі» өзіне ұнайтын, сүйікті күнді таңдауға мүмкіндігі болды – Бақытты дүйсенбі, Мінезді сейсенбі, Махаббат сәрсенбісі, Тылсымға толы бейсенбі, Көңілді жұма, Жұлдызды сенбі, Жексенбілік кино. Ал ағымдағы жылдың 22 ақпанынан бастап «Жетінші арна» отбасылық ойын-сауық бағытын ұстанып, «Бірге болған жақсы!» деген ұранмен көрерменге бұрынғыдан гөрі жақындай түсті [14].
Қуат Бахридинов, «Жетінші арнаның» экс-бас директоры: «Телевизия мен интернет көптеген елдерде одақтас емес, бір бүтін механизмге айналған. Мәліметтерді жіберу жылдамдығының дамуына байланысты телевидение контенті теледидар арқылы ғана емес, сондай-ақ түрлі гаджеттер, телевизиялық қосымшалар арқылы көрерменге жететін болады. Міне сол себепті, біз интернет пен телевизия салаларын біріктіріп, басқалардан өзгеше жаңа сайт пен мобильдік қосымшалар шығаруды мақсат етіп отырмыз» [15].
Интернет-телевидение
Телевизия ХХ ғасырдың басында пайда болды және сол кезден бері ұдайы өзгеріп және дамып келеді. Дөңгелек люминесценттік қара-ала экрандағы аналогтық ТВ іске қосылған сәттен бастап, аса қуатты сегіз ядролы смартфондардағы FullHD шешімі бар мобильді ТВ пайда болғанға дейін шамамен жүз жылдай уақыт өтті. Телевизия техникалық жағынан да, толықтырылуы жағынан да түрлене отырып, осы күнге дейін ешкімді бей-жай қалдырмайды. Бүгінгі таңда телевизияның аса өзекті және ілгерішіл технологиясы – ОТТ
технологиясы болып табылады, бұл – деректерді беру ортасы ретінде IP интернет хаттамасын пайдаланатын, ТВ дамуындағы соңғы жетістік. Мұндай жағдай мынамен байланысты: қазіргі таңда әр үйге дерлік интернеті бар кабель кіреді және контент пен арналарға қол жеткізу үшін мобильді құрылғыларды пайдаланатын адамдардың саны күннен-күнге артуда.
Технологиялар үлкен-үлкен қадамдармен алға жылжуда. 4G-құрылғылар ақырындап нарықты игеріп жатыр және «Жетінші арна» да қарыштап дамып жатқан технологиялардан қалыс қалмауға тырысуда. Телеарна эфирлік көрсетілімнен бөлек «ОТАУ ТВ», «Алма-ТВ», ID-TV секілді ірі кабельдік және спутниктік операторлардың, сондай-ақ басқа да аймақтық провайдерлердің пакетіне енген. 2014 жылдың қазан айынан бастап «Жетінші арна» www.tv7.kz сайтында, www.kiwi.kz және www.kaztube.kz видеосервистерінде, ұялы құрылғыларға арналған қосымшаларда - Galam TV (iOS , Android ) және IDTV Online (iOS , Android) онлайн-хабар таратуын бастады. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап қолданушыларға сайттың телефонда немесе планшетте қарауға ыңғайлы ұялы нұсқасы іске қосылды.
«Жетіншінің» партнерлерінің бірі OtauTV адамдардың ойындағы телевизияның образын өзгертетін GalamTV қосымшасының жаңарған нұсқасын жасап шығарды. Әзірге бұл қосымша тек көлденең «landscape» түрінде ғана жұмыс жасайды, оны Google Play мен Appstore-дан 500 мыңнан аса адам жүктеген. Аталмыш қосымшаның бірінші және ең басты ерекшелігі – бір тәулік көлемінде кез келген бағдарламаны қарау мүмкіндігі. OTT (over the top) телеарна бағдарламар тізімін кері айналдырып, өзіңіз қарай алмаған бағдарламаны немесе сериалды қарауға мүмкіндік береді. Қолданушыға бар болғаны кеше болған бағдарламаны басса жеткілікті, уақыт кері айналады. Ал екінші ерекшелігі – Time-shift функциясы. Көптен бері күткен бұл қызмет көрерменнің ойы бөлініп, басқа шаруасын жасап кетсе, қарап отырған бағдарламасын тоқтатып қоюға мүмкіндік жасайды. Play батырмасын қайта басқан көрермен тоқтаған жерінен әрмен қарай тамашалайтын болады [16]. Сондай-ақ экранның көлемін де өз қалауынша өзгертуге болады – 4х3 немесе 16х9 режимдері. GalamTV қосымшасы әзірге 100 пайыз кемеліне жеткен деуге келмес, кейбір құрылғыларда ақаулар орын алып жатады, алайда оперативті қолдаудың арқасында кедергілер мүмкіндігінше жылдам жойылады.
«Жетіншінің» тағы бір партнері – бәріне танымал IDTV. Өткен жылы қазақстандық телеарналарды интернетте қарауға мүмкіндік беретін IDTV Online қосымшасы пайда болды. Бұл қосымша горизонтальді де, вертикалды түрде де жұмыс жасайды. Айрықша қызметтерінің бірі – трафикті үнемдеу үшін видеоның сапасын өзгертіп отыру. LQ – орта сапалы, HQ – жоғары сапалы, Auto – интернеттің жылдамдығына байланысты.
«Екінші экран» технологиясы
2015 жылдың 15 наурызында «Жетінші арна» қазақстандық арналардың ішінде бірінші болып қазіргі заманға сай хабар таратудағы инновациялық интерактивті технологияны – «екінші экранды» ұсынды. Ол былай жұмыс істейді: белгілі бір шоуды теледидар арқылы қарап отырғанда көрерменнің смартфоны екінші экранға айналады, яғни онда суреттер, қатысушылар жайлы қызықты оқиғалар, ойындар пайда болады. Сонысымен көрерменді осы үдеріске қатысуға итермелейді.
Аталмыш технология интеллектуалды-ойын-сауық «BOOM» шоуының екінші маусымына енгізілген. Ал бұл шоуда 4 қатысушы түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы «бомбаны істен шығаруы» тиіс, жеңген команда 4 миллион теңге ұтады. Шоудың бірінші маусымына «Орда» тобы, Гүлнұр Дұсматова, Асель Сағатова және Айсұлу Азимбаевалардан құралған актрисалар тобы, тележүргізушілер Екатерина Краснова, Диана Снегина, Адиль Лиян, Дастен Шакиров, шоумен Мурат Мутурганов, әншілер Турал, Асель Садвакасова, Луина және басқа да көпшілікке танымал адамдардан тұратын барлығы 34 топ қатысып, өз бақтарын сынаған. Алайда әр ойынның жүлде қоры 4 миллион екенін ескерсек, тек 2 команда 2 миллион теңге ұтса, тағы 11-і 8 бомбаны «залалсыздандырып», бір миллион теңгеден иемденген болатын. Ал екінші маусымға қатысқан 32 команданың мүшелері шоу-бизнеске еш қатысы жоқ, қарапайым қатардағы мұғалімдер, бишілер, блогерлер, бизнесмендер, үй шаруасындағы әйел адамдар және тағы да басқа мамандық иелері. Олар 4 адамнан тұратын топ құрып, оған ат қойып, арнайы кастингтен өткен. «BOOM» шоуының екінші маусымының «Халықтық» («Народный») деп аталуының тағы бір себебі осыда.
Самсон Безмятежный, «Жетінші арнаның» сандық менеджері: «Егер сіздер жаңа маусымның бір шығарылымын қарап көрсеңіз, біз жай ғана эфирге арналған шоу емес, толыққанды интерактивті шоу жасағанымызды байқайсыз. Осындай қиын эфирлік интеграция үшін мен, арнаның өкілі ретінде түсірілім алаңында қонуға тура келген кездерім болды. Біз онда блог-тур өткіздік, Алишер Елікбаевтің командасын шақырдық, эфирлік көптеген біріктіру үдерістерін жасадық, ARAI Production-ге және жобаның барлық тобына алғысым шексіз. Халық арасында телевикториналарға деген сенімсіздігі бар – телевизияда барлығы сатылып алынған сияқты көрінеді. Барлығы әділетті түрде өтетінін дәлелдеу оңай істер қатарында емес» [17].