Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 124
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Екінші экранның арқасында көрермен де ойыншылармен бірге жүлделер үшін күш сынаса алады – операциялық жүйесі Android кез келген смартфон теледидардың өзіндік джойстигіне айналады. ТВ-да қандай сұрақтар болса, дыбыспен синхрондалатын мобильді қосымша арқылы телефон экранында да сол сұрақтар шығады. Онлайн-ойынның жүлделік қоры 2 миллион теңгеден асады: апта сайын үздік ойыншылар арасында мобильдік бірліктер, ай сайын iPhone 6 сматрфоны ойнатылды, ал басты жеңімпаз 2 адамға арналған шетелге саяхатты иемденді.
Самсон Безмятежный, «Жетінші арнаның» сандық менеджері: «Менің digital саласындағы арнайы жобалар бойынша, барынша көп жазылушылар қосып алудың және баллдар жүйесін құрастырудағы тәжірибем жеткілікті. Мысалға, сіз алдымен теледидардан қарап алып, артынша қосымшамен ойнап, баллдарды жинап алуға болады деп ойлайтын боларсыз. Иә, болады. Бірақ Ютубтегі жазба кезінде ойнағанда сіз бірнеше есе аз балл динайтын боласыз. Және де қосымшада біз ойлануға 1 минут емес, 30 секунд береміз – ал сізге дұрыс жауабын баса салу емес, дұрыс емес жауаптарын кесіп тастау керек, яғни сіздің Google.kz-ке кіріп, жауабын іздеп отыруға еш мүмкіндігіңіз болмайды. Ойынның сұрақтарын «Что?Где?Когда?» және «Своя игра» сынды танымал интеллектуалды ойындарға арнап сценарий жазған украиндық маман құрастырған болатын. Біздің көшіріп алудан қаншалықты сақтанғанымызды көру үшін ойын шарттарын қайта оқып шыққаныңыз абзал. Барлық жеңімпаздар ойын қағидаларына сай ойнаған, ойнамағанына сыналатын болады».
Интерактивті жаңалықтар
«Жетінші» ақпараттық-танымдық бағытты ұстанғанда, ондағы жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламалар халық арасында кең танымалдылыққа ие болды. Оған медиа нарықтың негізгі сарапшысына айналған TNS Gallup Media Asia Kazakhstan-ның рейтингі дәлел болады. «Былтыр жарыққа шыққан «Жетінші арна» нарықтан ойып тұрып орын алуда, ең үздіктердің қатарында болуды көздеп еді. Бір жылға жуық уақыт өтпей жатып, ұжымның ісі жігеріне сай бола бастады. «Жетіншінің» жаңалықтары ықшам да бейнелі, қызықты, сөзі аз. Жаңалық жеткізуші команда үшін шалғайдағы төтенше оқиға мен жабық есік жағдайындағы отырыстың бейнесін түсіру қиындық келтіре бермейді. Ресми жаңалықты тілшілердің міндетті түрде стенд-аппен жеткізуі қарапайым көрермен алдындағы жауапкершілік деп түсінген жөн болар. Қазір «Нысана» және «Другими словами» хабарлары танымал, жұрт қызыға көретін дүниелерге айналды. Бұл екі бағдарламаны өзге бәсекелес бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де мойындайды. Мұның сыры барлық болған және болып жатқан оқиғаларға мейлінше объективті және ең бастысы, тыңнан пайымдай қарауда шығар. Сондай-ақ шығармашылық ұжымның өзге арналардың беталысына қарап отырмай, әлемдік телевизиядағы тың, креативті, ұтымды әдіс-тәсілдерді бірден меңгері ала қоятыны байқалады. «Нысана» өз нысанына қоғамның жанды жерін ала біледі және өз мақсатына қажет тамаша кейіпкерлерді іздеп таппай қоймайды. Мәселені «басқаша түсіндіретін» Александр Журавлев пен Ольга Цой – арнаның харизмасы бар тұлғалары. Ал телевизияның тарихи тәжірибесінде көп жағдайда жүргізушілердің осындай ерекшеліктері арқасында хабардың бағы ашылатыны дәлелденген.» деп жазған Болатбек Мұхтаров есімді «Алаш айнасы» газетінің тілшісі [18].
Арна өз жұмысына жаңашылдықтар енгізуден еш қорықпаған. Сондықтан жаңалықтар қызметінің пішіні де бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ соңғы форматтың, яғни «7NEWS» -тің өзгелерімен салыстырғанда артықшылығы бар еді. Ол эфирден көрсетіліп қана қоймай, артынша бірден арнаның сайтына орналастырылатын. «Жетіншінің» сандық бөлімі Алматыға көшіп келгенде де олар сюжеттерді сайтқа салып отырды. Ал «7NEWS»-тің студиядағы түсірілімі Астанада болатындықтан, эфирге шыққан жаңалықтар бас кеңседегі компьютерден TeamViewer бағдарламасы арқылы алынатын. Ары қарай бірнеше сатыдан тұратын жұмыс атқарылатын:
1) дайын сюжеттерді «Жетінші арнаның» www.youtube.com видеохостингіндегі каналына жүктеу;
2) қазақ және орыс жаңалық редакторларының жіберген сюжет мәтіндерін
сайт форматына сәйкестендіріп, өңдеу.
3) YouTube видеохостингіне жүктелген сюжеттердің аттарын мәтінге сәйкес ауыстыру;
4) Жаңалықтар шығарылымын толықтай компьютерге жазып алып, әр сюжеттің скриншотын жасау. Ол үшін Total Commander және GomPlayer деген бағдарламалар қолданылатын.
5) Әрмен қарай басысы - әрбір жаңалықты сайтқа орналастыру басталады. Ол үшін www.tv7.kz сайтының администратор панеліне кіру керек. Жаңалықтар бөлімін ашып, әр жаңалыққа жеке парақша ашылады. Оған жаңалықтың аты, YouTube видеохостингіндегі сәйкес сюжетке сілтемені, скриншотты және мәтін орналастырылады. Жаңалықты іздеген интернет қолданушылар дәл осы сайтқа өтуі үшін тегтер жасау да естен шықпайтын. Орыс және қазақ жаңалықтары бөлек бөлімдерге орналастырылады. Күнделікті сайтқа орналастырылатын мұндай жаңалықтар саны 20-25 шамасында болатын.
6) Барлық жаңалық сайтқа орналастырылған соң, ақпарат агенттіктеріне әрбір жаңалықтың сілтемесі жіберіледі. Бұл «Жетінші арнаның» www.gmail.com -дағы электронды поштасы арқылы жүзеге асады [19].
7) Ең соңғы саты – өзекті мәселелер жайлы жасалған сюжеттерді www.facebook.com әлеуметтік желісіндегі «Жетіншінің» парақшасына жүктеу. Олар түнде жүктеліп, таңертең сағат 9 бен 10 шамасында жарияланатындай жоспарланып қойылады. Осылайша, таңертең Фейсбуктағы парақшасын ашқан жазылушылар жаңалықтарды көре алады.
Бұл үдеріс аптасына 5 күнге созылатын. Одан бөлек демалыс күндері эфирге шығатын ақпараттық бағдарламар да бар. Олар: сенбі күні 22.00-дегі Майя Бекбаева жүргізетін «Другими словами» және жексенбі күні 20.00-дегі Армангүл Тоқтамұрат жүргізетін «Нысана». Олар эфирге шыққан соң, артынша «Жетінші арнаның» www.youtube.com видеохостингіндегі каналына жүктеледі.
Сәйкесінше олардың толық шығарылымы мен жеке репортаждары сайтқа мәтінімен, скриншотымен орналастырылады. Фейсбук парақшасында да жарияланады. Осылайша «Жетіншінің» көрермендері аптасына 7 күн әлем мен еліміздегі жаңалықтардан теледидар арқылы ғана емес, интернет-портал мен әлеуметтік желілер арқылы да хабардар болып отыратын.
Эфирге шығатын бағдарламалар тізімі (телепрограмма)
Интернет жоқ кезде, ол пайда болып әлі де кең таралмаған кездері көрермендер телеарналардың бағдарламалар тізімін түрлі газет беттерінен білетін. Ол басылымдарға да арнайы жазылатын еді. Ал соңғы жылдары ол қызмет ғаламтордың еншісіне көшті. «Жетінші арна» да өз сайтына бір апталық телебағдарламасын орналастырып тұрады. Әр сейсенбі сайын арнаның бағдарламалық бөлімі басқа да бөлімдер мен жалпы телеарналардың бағдарламалар кестесін жариялайтын басылымдарға алдағы аптаның бағдарламасын Microsoft Word форматында жібереді. Ал ол бағдарламаны сайтқа орналастыру үшін оны Microsoft Excel-дің кестесіне енгізу шарт. Эфирге шығатын өнімдердің атын, уақытын, сілтемесін жазып болған соң, www.tv7.kz сайтына жүктеледі [20]. Осылайша арнаның тұрақты көрермендері бағдарламар кестесіндегі өзгерістер мен премьералардың уақытын сайтқа кіру арқылы біле алады.
Жоғары сапалы видео
«Жетінші арнаның» сайты www.youtube.com видеохостингімен тығыз байланысты, себебі арна эфирінде көрсетілетін бағдарламалардың барлығы дерлік сонда жүктеледі. Олардың дені HD сапасындағы бағдарламалар. Көрермендер сүйікті бағдарламасының кезекті санын өткізіп алған болса, сайтқа немесе арнаның ютубтағы каналына кіру арқылы еш қиындықсыз көре алады [21].
Самсон Безмятежный, «Жетінші арнаның» сандық менеджері: «Қазір біз контенттің көп бөлігін HD сапасына көшірдік. Неге дейсіз ғой? Эфирлік сапа SD болып тұрғанда, Ютуб арқылы көретін шағын ғана аудитория үшін сонша күш кетірудің не керегі бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Мен олай ойлайтындармен дауласуға әзірмін, себебі, HD сапасындағы контентті құрай отырып, ұзақ жылдарға жарайтын тарихты жасаймыз, өзі қатысқан кез келген адам өз немерелеріне де ұялмай көрсетсе болады. Сонымен қатар, Фэйсбуктегі аудитория да нашар сападағы бейнені көргілері келмейді. Ол да дұрыс, оларға ақпаратты әдемі түрде HD-де беру қажет».
Арнаның www.youtube.com-дағы каналына жүктелетін бағдарламалардың көп қаралатындары «Айна онлайн», «Кыздар арасында», «Кiм бiлген», «Я-шопоголик», «СвиДЕТИли», «Моя история», «Жан сырым» сынды төл туындылар. Аталмыш бағдарламалардың көрермен арасында үлкен танымалдылыққа ие болғанына байланысты арна алдағы уақытта өз өнімдерінің санын арттырмақ.
Қуат Бахридинов, «Жетінші арнаның» экс бас директоры: «Сатып алынған өнімді қарап отырғанда, көрермен арнаның өзгешелігін байқамайтын болады. Және белгілі бір бағдарламаны немесе сериалды алғашқы болып көруді қалайтын адамдар жетіп артылады. Ал көрерменнің бұлай тартылуы төл туындылар болғанда ғана мүмкін. Яғни, өз туындың болса, ол қандай да бір сенімсіз сайтта нашар сапада шығып қояды деген қорқыныш болмайды. Сатып алынған контенттің алғашқы боп көрсетуге құқықты компаниялар болады, сондықтан тұсаукесер болатын өнімді иемдену қиын әрі үлкен көлемдегі қаражатты талап етеді. Шетелдік өнімдерден мүлдем бас тарта алмаймыз, әрине. Себебі, телеарнаға 100 пайыз төл туындыдан тұратын хабар тарату сапаға, қымбатшылдығына және көрерменнің дайындығына байланысты әзірге қиынға соғатын болады. Оған әлі де уақыт керек. Сонда да, «Жетінші арна» төл жобаларға сенгенді жөн санайды. Әрбір телевизиялық маусымда біз абсолютті тұсаукесерлермен қатар, «Айна онлайн», «Кыздарарасында», «Кiм бiлген», «Я-шопоголик», «СвиДЕТИли» сынды сүйікті бағдарламалардың кезекті маусымдарын да көрсетеміз. Олардан бөлек біз BOOM, «Экстремальные игры», «Танцуй, Танцуй», «Свекровь и невестка» сынды әлемдік шоуларды отандық телевизияға бейімдеп жасаймыз. Ең бірінші кезекте төл контент деген – жобаның өзіндік ерекшелігі, көрермен осыған ұқсас бағдарламаны біздің арнадан басқа еш жерден көрмейтін болады. Сондай-ақ жоба бірегей болады, өйткені онда аудитория мен нарықтың дүниетанымы ескеріледі. Өз өнімдерімізге сену арқылы біз жанама түрде болса да, қазақстандық продакшн-индустриясы ішінде бәсекелестіктің туындауынаүлес қосып, жобалардың көрсеткішін көтеріп, өз жұлдыздарымзды жасап жатырмыз. Біздің жобалар арқылы отандық көрермен сүйікті әртістердің қатысуымен болған бірегей контенткке қол жеткізеді».
Фиджитал
«Жетінші арнаның» әрбір бағдарламасының арнайы хэштегі бар және олар әлеуметтік желілерде ғана қала бермейді. Электронды әлемдегі сол хэштегтер басылып шығарылып, жүргізушілер мен қатысушылар қолдарына ұстайтын затқа айналады. Оны фиджитал деп атайды [22].
2.2 Интернет пен телевидение салаларын біріктірудегі әлеуметтік желілердің орны
Интернеттің қарыштап дамуы әлеуметтік желілердің әлем бойынша жаһандану үдерісіне алып келді. Алдымен оның анықтамасына мән берген жөн. «Интернеттегі БАҚ: Теориясы мен практикасы» атты оқулықтың авторларының пікіріне сүйенсек: «Бұл желідегі адамдарды ортақ қызығушылығы мен айналасатын ісіне байланысты біріктіретін қызметтің түрі. Олар өзара пошта, форумдар мен жедел хабарлама алмасу арқылы байланыс орнатады». Қазіргі таңда дәл осы қызметтің айқын түрлері анықталмаған. Әйесқой зерттеушілер мен желідегі бизнеспен айналысушылар әлеуметтік желілердің бірнеше түрлерін ұсынған болатын. Сондықтан оларды ғылыми классификациялау деп атауға келмес [23].
Қазақстандағы әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданатын адамдар саны 3,3 миллионды, яғни ел тұрғындарының бестен бір бөлігін құрайды. Бұл мәліметтер Brand Analytics қызметінің көмегімен жасалған «Медиа-Систем» агенттігінен алынған. Зерттеу ағымдағы жылдың қыс мезгілінде жүргізілген. Негізгі назар кем дегенде айына бір рет жарияланым жасайтын белсенді қолданушыларға ауған. Осы зерттеудің қорытындысы бойынша, еліміздегі ең танымал әлеуметтік желі – 1,945 миллион қолданушы «отыратын» «ВКонтакте» желісі болып шықты. Айына ол адамдар шамамен 45 миллион жазба жариялайды. Қолданушылар арасында 53,8 пайызы – ер адамдар, ал қалған 46,2 пайызы – әйелдер. «ВКонтакте» аудиториясының басым бөлігі – 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Олардан кейінгі буын 18 бен 24 жас аралығындағы қыз-жігіттер.
Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда Instagram желісі кең өріс алуда. Бұл желінің қолданушылар арасында 1,336 миллион қазақстандықтар бар. Аталған желіні еліміздің 74,9 пайыз арулар мен 28,1 пайыз ер азаматтар белсенді түрде қолданатын көрінеді. Жас мөлшері белгісіз. Instagram әлеуметтік желісінің танымалдығы жазылушылар санына байланысты [24].
Тізімде келесі орынға жайғасқан «Мой мир», оның қолданушылар қатарында 155,3 мың қазақстандық, 59,5 пайызы – әйелдер, ал қалған 40,5 пайызы ер адамдар екен. Мұндағы негізгі жас мөлшері – 25 пен 34 арасындағы отандастарымыз. Сондай-ақ «Мирде» 35 пен 44 жас аралығындағы қолданушылар жеткілікті. Ал жастар үлесінің небәрі 20 пайызды құрайтындығы оның жас буын өкілдері арасында танымал емес екендігін аңғартады.
Марк Цукерберг ойлап тапқан Facebook желісін күнделікті ашып қарайтын қазақстандықтар саны 125,8 мың адамды құрайтын көрінеді. Бұл желіні негізінен әйел адамдар қолданады екен – 60,3 пайыз. Бір қызығы, мұнда 18 жастан төменгі қолданушылар мүлдем жоқ десе болады, небәрі 0,1 пайыз. Аудиторияның негізін 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар құрайды екен – 45,4 пайыз. Facebook желісінде өз парақшасын ашып, күнделікті қолданатын 55 жастан жоғары 5 пайыз адам бар екен.
Ал егде жастағы азаматтардың шоғырланған желісі деп «Одноклассники» желісін айтсақ болады. 69,3 мың қазақстандық қолданушылардың дені 25 жастан жоғары. Және әрбір бесінші адам 55 жастан жоғары екен. Бұл әлеуметтік желінің қолданушылары 74 пайыз әйелдер мен 26 пайыз ер адамдардан тұрады.
Танымалдығы жағынан соңғы орынға жайғасқан Twitter желісі болып шықты. Оның белсенді қолдануышылары – 16,6 мың адам. Айта кетерлігі, олардың көп бөлігі ер адамдар – 52 пайыз [25].
Жеке сайттарын құрудан бөлек, отандық БАҚ-тар 2000 жылдардың ортасынан бастап әлеуметтік желілерде өз парақшаларын аша бастады. Төл өнімдерін жариялау үшін олар қолданушылары көп әлеуметтік желілерді қолданады. Алғашқыда «Одноклассники», Google Plus, LiveInternet және басқалары болса, қазіргі таңда олар «Вконтакте», «Facebook» және «Instagram»-мен алмасқан.
Кейбір БАҚ-тардың бір әлеуметтік желілерде бірнеше парақшаларынан бар. Олардың әрқайсысы жекелеген бағдарламаларға арналған болуы мүмкін. Сайттар мен әлеуметтік желілер БАҚ-тардың көрерменге жақындай түсуге қадам жасап жатқанын аңғарамыз.
Әлеуметтік медиа технологиялар теледидарға әр түрлі жолдармен қол жеткізуге және ортақ болуға мүмкіндік береді. Көрермендер бағдарламаны көріп отырып, белсенді түрде қатысып, басқа да көрермендермен өзара байланыс орнатуына болады. Cмартфондар, планшеттер және портативті компьютерлер сияқты технологиялар бұл iс-әрекеттер кез келген уақытта, кез келген жерде, телеарналардың хабар тарату уақытына қарамастан орын алуына мүмкіндік жасайды. Теледидар станциялары мен бағдарламалары осы жаңа қолжетімді қызметті тиімді пайдалануда. Олар әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарының аспектілерін бағдарламалар сапасы мен мазмұнын жақсарту үшін көрермендердің пікірлерін қолданады. Олар сондай-ақ, қосымша жарнамалық табыс табу үшін танымал әлеуметтік платформалар, Facebook, Twitter және Snapchat тікелей теледидардан қысқа бейнеклиптерді жариялап тұрады. Мұндай тенденцияны қазіргі таңдағы еліміздегі барлық арналардың жұмысынан байқауға болады.