Файл: Диплом жмысы 5B050400 Журналистика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 123

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Телевизия белгілі межеге дейін жетті де, тұралап қалды. Бұл қатып қалған шеңберден асу үшін, басқа күштің ықпалын қажетсінді деуге де болады. Осы орайда қуатты «жаһандық желі» – интернет – әсерін тигізді.

Қазірдің өзінде интернет платформасында түрлі бағдарламалар шығарылып, даму үстінде. Қазіргі дәстүрлі БАҚ өз жұмысын интернет бетінде ғана жалғастыра алады. Сөйтіп бүгінгі таңда байланыс технологияларының, нарықтардың, БАҚ-тың, тұрмыстық және кәсіби техникалардың бірігуі – «конвергенция үрдісі» етек жайып келеді. Конвергенция латынша «convergere» - жақындау, қосылу деген мағынаны білдіреді. Конвергенция – бұл нарықтардың қосылуы. Қазіргі уақытта БАҚ индустриясының телекоммуникациялық сектормен, тұрмыстық техника өндірісімен, ақпараттық технологиялармен бірігу үрдісі жүріп жатыр. Мультимедиялық қызметтер, желілік қызмет көрсету және бағдарламалық өнімдерді жасау істері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жаңа біріктірілген нарық пайда болды.

Конвергенция ақпараттық өнімді жасау, жинау және таратуға зор ықпал етеді. Конвергенция БАҚ құрылымын қайта құрып, ақпараттарды басқару тәсілін түбегейлі өзгертіп қана қоймай, мәтіндік, визуалды, аудио, аудиовизуалды, графикалық және т.б. элементтерден тұратын жаңа бизнестің негізін салып отыр. Ол медианың әр түрлі қырларын бір ғана өнімде қолдану. Конвергенттік журналистика – ақпараттық және комуникативтік технологиялардың ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануы.

Жаңа БАҚ байланыстар мүмкіндігін көбейтіп, қолданушы мен өндірушіге әртүрлі интерактивті өзара әрекеттесуді, сондай-ақ материалды таратуды ұсынып отыр. Осындай үрдістер барысында жеке модернизацияның дамуы жүреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында жаңадан тәуелсіз БАҚ пен медиа ұйымдардың пайда болуымен ақпараттар ағымының көбеюіне алып келетін үрдістер орын алады.  Соның нәтижесінде коммуникациялық, ақпараттық алаңдар туралы бұрын қалыптасқан пікірлер түбегейлі өзгеріске ұшырайды.

Қазақстандық нарық үшін «журналистиканың конвергенциясы» дамып келе жатқан сала. Отандық ақпарат құралдары мультимедиялық редакцияларға көшуді белсенді қолға алып жатыр. Ірі медиа холдингтердің барлығы дерлік өз ішінде мультимедиялық кеңістіктерді құруда.

Журналистің жұмысы шығармашылық жұмыс болғандықтан, үнемі ізденісте болу – әр журналистің парызы.

Тележурналистиканың дамуына баспасөзден басқа театр, кино, соңынан телевизияның ықпалы зор болды. Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, жанрлар арасындағы шекара жойыла бастады.


Телевизия дәстүрлік жанрларды игеру жолы арқылы дамиды. Телевизия бағдарламаларында репортаж мен сұхбат қалай үйреншікті болып кетсе, солай тең дәрежеде экрандық ойындар, байқаулар немесе ток-шоулар да пайда болды. Телевизия бағдарламаларының құрылымы қаншалықты күрделі болса да, оның негізінде тұрақты жанр белгілерін табуға болады.

Конвергенция үрдісі негізінде интернет-телевизия қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар-ау деп есте жүргендердің жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңаша жанрлар мен пішіндер сыйлады.

Қазіргі телеарналар Қазақстан Республикасы аудиториясы үшін әлемнің әр тарабынан түрлі ақпараттар жеткізуге, халықтың көзқарастары мен ой-пікірлерін эфир, интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды деуге болады. Мысалы, бүгінде телекөрермендер кабелдік телевизияның 70-тен астам арнасы арқылы бірнеше тілде ақпарат алып отыра алады. Еліміздің ақпарат комитетінде ресми тіркелген БАҚ саны 10 мыңнан асып кеткені мәлім.

Телевизияның басты ерекшелігі радио және кино өнерінің сипаттары мен мүмкіндіктерін өн бойына бірдей сіңіргендігінде деп айтуға болады. Телевизиядағы дауыс, дыбыс және бейне қозғалыстың қосарлана берілуі бір деңгейде болумен қатар бағдарлама нысанының  ерекшелігі мен жалпы жағдайына қарай қайсы бірі артық сипатта да көрініс табуы мүмкін.

Телевизияның аталмыш ерекшелігі – көркемдік, ғылыми-танымдық, публицистикалық секілді барлық жанрлардағы бағдарламалардың ерекшеліктерін анықтайды. Ақпаратты дауыс, дыбысымен, бейнесімен бар болмысы негізінде жеткізетіндігінің арқасында телетуынды адам жүрегіне тікелей жетіп, көрермендердің ең көп бөлігін кеңінен қамти алады.

Телевизияның аталмыш ерекшеліктеріне конвергентті тележурналистерге тән үш түрлі ерекшелік шықты:  тележурналистің сөзі көрерменге тікелей емес, ақпаратты жеткізетін белгілі бір тәсілдер арқылы қабылданады; көрерменнің психологиялық жағдайының елеулі ықпалы болады; тележурналист халық алдында таратып отырған ақпаратының шынайы әрі негізді екендігіне ең алдымен өзі сенімді болуға тиіс. Журналистер үшін өз ісін жаңалықтар мен репортаждардың мәтіндік мазмұнын дайындаумен ғана шектелмей, оны өңдеу, тарату секілді түрлі амалдарын игеру маңызды болады.

Заманауи журналисттің басты құралдары тек қалам, дәптер немесе диктофон, ноутбук ғана емес. Оған қоса «сирақты» камера, микрофон, фотокамера дегендей «бес қаруы» болуы керек.  Өтіп жатқан оқиғадан дәл сол кезде бейнесюжет, «синхронды» бейнені де түсіріп алып, дереу монтаждап редакцияларға жөнелту дағдыға айналуы керек; содан кейін мәтінін дайындап, қосымша фотосуреттермен бірге жіберуге де болады. Осы қызметтердің бәрін дұрыс және тиімді атқаратындар

мультимедиа журналист, конвергентті тележурналист болып шыға келеді.

Мәселені түйіндей келе мынандай қорытындыға келдік:

Біріншіден, әлемдік медиа жүйесінің даму тенденциясы қазіргі қазақ журналистикасына елеулі түрде ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, БАҚ жүйесінде, оның туындыларының мазмұнында, жанрларында, жазу шеберліктерінде елеулі өзгерістер пайда болды. Дүниежүзілік демократиялық журналистика дәстүріне бет бұрушылық көрініс тауып келеді.

Екіншіден, Қазақ журналистикасының 100 жылдан астам тарихи даму дәстүріндегі озық үлгілерін сақтай отырып, оны қазіргі заман талаптарымен сабақтастырып дамытуға мерзімді баспасөз саласы  жіті назар аударып келеді.

Үшіншіден,  Қазақстанда БАҚ сан жағынан аздық етіп тұрған жоқ. Алайда, қоғамдағы ақпараттық сұранысты қамтамасыз етуге келгенде артта қалушылық байқалуда. Ұлттық және коммерциялық телеарналардың бәрі дерлік кешкі жаңалықтар шығарылымдарында бір ғана оқиғаны, жалғыз синхронды алма кезек қайталаудан аса алмай отыр. Сондықтан, саннан сапаға көшуді қолға алатын уақыт жетті.

Қазіргі уақытта БАҚ индустриясының телекоммуникациялық сектормен, тұрмыстық техника өндірісімен, ақпараттық технологиялармен бірігу үрдісі жүріп жатыр. Нәтижесінде мультимедиялық қызметтер, желілік қызмет көрсету және бағдарламалық өнімдерді жасау істері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жаңа біріктірілген нарық пайда болды.

Жаңа медиа қоғамда интернет-телевизияның конвергентті журналистика ретінде жаңа пішіндерін туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет-журналистика деген атпен танымал, ол тікелей интернет пен жаңа технологиялық мүмкіндіктермен сипатталады.

Жаңа медиа – бұл интерактивті коммуникациялық технологиялардың жəне сандық ақпарат тасымалдауының бірігуі. Бұл ортада басты делдал болып интернет табылады.

Конвергентті журналистика тек дамыған елдердің БАҚ жүйесіндегі құрылымды ғана емес, ол әлемдегі бүкіл медиаэкономиканы өзгертуге мүмкіндігі бар құбылыс, сондықтан осы жаңа нарықты зерттеу өте маңызды.

Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскен. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медиа ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

  1. Быков А. Ю., Георгиева Е. С., Михайлов С.А. История зарубежной журналистики. // М.: РИП-холдинг, 2001. – 66 с.

  2. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. – М., 1998. – 35 бет.

  3. Барманқұлов М. Телевизия: Бизнес әлде билік? - Л.: 1996,48-б.

  4. Барманқұлов оқулары. «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: Ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстел материалдары – Алматы, 2004. – 288 бет.

  5. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. - Алматы: «Қазақ университеті», 2012.

  6. Козыбаев С.К. Справочник журналиста Казахстана. – Алматы: Санат, 2002. – 113, 160, 178 беттер.

  7. Мелюхин И.С. Информационное общество: истоки, проблемы, тенденции развития. – М.: МГУ, 1999. –5 бет.

  8. Калмыков А.А., Коханова Л.А. Интернет журналистика. – Москва: Юнити, 2005. – 6 с.

  9. Wikipedia.org//Social media and television.

  10. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. – Алматы: Білім, 2003. – 380 б.

  11. Багиров Э., Кацев И. Телевидение – XX век. М.: 1968. – 89-б.

  12. Та­шімова Ә. Жаңа медиа мен дәстүрлі БАҚ: өзара кірігуінің (конвергенция) мәселелері. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика – 5B050400, баспа ісі – 5В0042200, жұртшылықпен байланыс – 5В051400 сериясы. – 2 (30) 2011. –77-80 б.

  13. Азаматтық журналистика – citizen journalism// arsenal 777.wordpress.com.

  14. Шамахайұлы Қ. Телевизия журналистикасы: теория және практика. – Астана: «Тұран-Астана» университеті, 2013.

  15. Шындалиева М. Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы: Оқулық. – Астана: ЕҰУ АББ, 2012. – 248 б. –10 б.

  16. https://tengrinews.kz/internet/skolko-lyudey-sidyat-v-sotssetyah-v-kazahstane-288639/

  17. Тулупов В.В., Колосов А.А., Цуканова М.И., Сапунов В.И., Бобряшов А.А. Техника и технология СМИ: печать, телевидение, радио, интернет. – Издательство Михайлова В.А.

  18. Барманкулов М. К. Журналистика для всех. Общность и специфика жанров печати, телевидения и радиовешания. – Алматы, 1979. – 16-б.

  19. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен. Тәжірибелік нұсқаулық. – Алматы, 2008. – 246-247-б.

  20. Қазақстандағы  Интернет порталдың жұмысы http:// www.russia.kz/index.html.

  21. Оспанов С. Сырбай Мәуленов – журналист, публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 2000. – 32 б.

  22. Жақсылықбаева Р. Шерхан Мұртаза – публицист, редактор. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 2002. – 34 б.

  23. Асанов К. Е.А.Букетовтің публицистикасы. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 2002. – 32 б.

  24. Сұлтанбаева Г. Саттар Ерубаев – журналист, публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1998. – 22 б.

  25. Жақыпов Б. Мұхтар Әуезов – публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1994. – 32 б.

  26. Есдаулетов А. Публицистика Ануара Алимжанова. // Автореферат дисс. канд. филол. наук. – Алматы: 1999. – 25 с.

  27. Нуртазина Р. Публицистика Габита Мусрепова. // Автореферат дисс. канд. филол. наук. – Алматы: 1995. – 26 с.

  28. Сердәлі Б. Камал Смайылов – публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1999. – 30 б.

  29. Телевизия жаңалықтарының бәсекелестігі қандай? // Алаш айнасы.

  30. Ғаламтордағы журналистиканың қадамы нық па? // Алаш айнасы.


Авраамов Д. Когда умрут газеты. – М., 1991. – 165 c.

  1. Амзин А. Новостная интернет-журналистика. - – М.: Изд-во РГБ, 1995. - №6. – 5-8 с.

  2. www.tv7.kz сайты

  3. «Жетінші арнаның» Instagram желісіндегі парақшасы – http://instagram.com/tv7_kz

  4. «Жетінші арнаның» Facebook желісіндегі парақшасы - https://www.facebook.com/tv7kz/

  5. «Жетінші арнаның» Вконтакте желісіндегі парақшасы - https://vk.com/tv7_kz

  6. «Жетінші арнаның» yvision.kz блог-платформасындағы жеке блогы – http://7channel.yvision.kz/