Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 653
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тапсырма 2. Науқас Ф., 45 жаста, жалпы әлсіздікке, басының қатты ауруына, ұйқышылдыққа шағымданады.
Анамнезінде: ауыр атопиялық дерматит, сондықтан науқасқа гипоаллергенді ас мәзірі тағайындалған. Бірақ науқас тамақтануын бірден шектеген.
Объективті: салмағы 35 кг, бойы 163 см. жалпы жағдайы ауыр, аузынан ацетон иісі келеді, ТАЖ- 10 мин-1, пульсі - 45 мин-1, АҚ – 85/50 мм сын.бағ.
Зертханалық зерттеулер деректері:
веналық қандағы глюкоза - 2,5 ммоль/л;
зәрінде кетонды денелер анықталған- 2,7 ммоль/л (норма 0-0,05 ммоль/л);
тыныстық коэффициент - 0,7
1. Науқаста қандай патологиялық процесс дамыды? Осы патологиялық процестің түрін, сатысын (кезеңін) және организм үшін салдарын көрсетіңіз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
2. Бұл жағдайда негізгі алмасу мен азот балансы өзгереді ме? Қандай қосындылар осы патологиялық процестің әр түрлі сатыларында энергия алудың негізгі болып табылады? Осы патологиялық процестің нәтижесінде қандай тіндер/ ағзалар басқаларға қарағанда, салмағын аз жоғалтады? Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
3. Балалардағы нәруыздық-энергия жеткіліксіздігінің патогенезін сипаттаңыз және этиологиялық факторларды атаңыз.
1) вариант
Науқаста көмірсу алмасу бұзылыстары дамыған.Гипогликемия.
Себебі:Веналық қандағы глюкоза - 2,5 ммоль/л.төмен
Гипогликемия қантты диабетпен ауыратын адамдарды жиі кездеседі.Сульфанилмочевиналық дәрілерді шеттен тыс қабылдағаннан пайда болуы мүмкін.Организм үшін салдары болып ми қызметінің бұзылысы болып табылады.Мида глюкозаның азаюына байланысты оттегі пайдалану азаяды.Сонын салдарынан адам жалпы әлсіздікке, басының қатты ауруына, ұйқышылдыққа шағымданады.
Бұл жағдайда азот балансы өзгереді.
АТФ барлық жасушалардағы энергияның әмбебап көзі болып табылады.
АТФ фосфорлану реакциясы, яғни фосфор қышқылының бір қалдығын АДФ молекуласына қосу арқылы синтезделеді.
АТФ АДФ-қа ыдыраған кезде макроэргиялық байланыстың үзілуіне байланысты жасуша шамамен 40 кДж энергия алады.
Аэробты организмдердегі органикалық қосылыстардың бөліну процестері үш кезеңде жүреді: дайындық, оттекті және оттексіз.
Организмде энергияның негізгі көздері қоршаған ортадан келетін заттар - көмірсулар, ақуыздар, майлар, ас қорыту процесінде қарапайым қосылыстарға бөлінеді. Бұл қосылыстар оттегімен әрекеттесіп, су мен көмірқышқыл газына тотығады. Бұл жағдайда энергия босатылады.
Этиологиясы
Тамақтанудың бұзылуымен байланысты себептер:
1. әлеуметтік-кедейлік
2. тамақтанудың калориялық құндылығының
3. тамақ сіңірілуінің бұзылуы
4. эндокриндік аурулар
5. метаболикалық ақаулар
6. жұқпалы аурулар
Нәруыздық-энергия жеткіліксіздік–ақуыздық энергетикалық аштықтан туындаған алименттік тәуелді жағдай. Негізгі метаболикалық процестердің өзгеруі, су - электролит теңгерімсіздігі, дене құрамының өзгеруі, жүйке реттеуінің бұзылуы, эндокриндік теңгерімсіздік, иммундық жүйенің тежелуі, асқазан-ішек жолдарының және басқа органдар мен олардың жүйелерінің бұзылуы түрінде гомеостаздың күрделі бұзылуымен көрінеді.
Бұл өсіп келе жатқан және дамып келе жатқан балалар ағзасына әсерін тигізеді. Балалардағы физикалық және нейропсихикалық дамуының айтарлықтай кідірісін тудырады, нәтижесінде иммунологиялық реактивтілік бұзылады.
Өмірдің алғашқы екі жылындағы балаларда нәруыздық-энергия тапшылығынан пайда болатын аурулар:
1. Гипотрофия түріндегі Дистрофия-дене ұзындығымен салыстырғанда массаның артта қалуы.
2. Гипостатура-дене салмағы мен ұзындығының біркелкі артта қалуы
3.Паратрофия түріндегі дистрофиялар-дененің ұзындығына қатысты артық салмақ.
Үлкен жастағы балаларда:
1. Балалардың семіздік (семіздік) түріндегі Дистрофия.
2. Алиментарлы ақылсыздық (мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сана сезімі артта қалуы).
2) вариант
1. Науқаста ашығу процесі дамыды. Түрі: толық ашығу, себебі науқас тағам да, су да пайдаланбаған.
Пациент ІІ сатысында болып табылады, себебі бұл сатыда тыныстық коэффициент 0,7-ге дейін төмендейді. Организм энергияның 84%-ын майды ыдырату арқылы алады, яғни майлардың тотығуы артады. Гликоген қоры біткеннен кейін бетта тотығудан түзілген ацетил КоА кетондық денелердің синтезін арттырады.
Организм үшін салдары – инсулин жетіспеуінен глюкозанын тіндерге тасымалы төмендейді, үшглицерид синтезіне глицериннің жетіспеушілігі. Глюкагон мен катехоламиндердің белсенділігі липолизді күшейтеді. Ол липемияға-май қышқылдарының қанға түсуіне әкеледі. Бауыр мен бұлшықетте май қышқылдары артады. Бауырда липогенез бен фосфолипид синтезі төмендеп, үшглицерид жиналып майлық инфильтрация тудырады. Бүйректе глюконеогенез реакциясы артады.
2. Негізгі алмасу мен азот балансы: ия, өзгереді. Ашығудың бастапқы кезінде негізгі алмасу жоғары болуы мүмкін. Энергияның үнемді жұмсалуына көшкеннен кейін ол 10-20% төмендеп, ІІ кезеңнің аяғына дейін сақталады. ІІІ кезең басталғанда өзгереді. Аштық кезінде негізгі алмасудың төмендеуі алмасу процесінің ауқымды өзгерістеріне әкеледі. Мұнда маңызды рөлді қалқанша безі қызметінің тежелуі ойнайды.
Азоттың зәрмен бөлініп шығуы аштықтың 3-ші күні байқалады. Аштықтық 6-шы күні көмірсу қоры таусылған кезде эндогенді майлар пайдаланылады, азоттың зәрмен бірге бөлінуі сәл көбейеді, одан соң 4-7 г дейін төмендеуі байқалады. Бауырдағы дезаминдену мен қайта аминдену процестері баяулайды, аминқышқылдарының альфа-кетоқышқыл мен аммонийден биосинтезделуі төмендейді. Бұл процестердің барлығын нәруыздың ыдырауы баланста ұстай алмайтындықтан, теріс азоттық баланс жүреді. Ашығудың ІІІ кезеңінде адам дене салмағын жоғалта бастайды.
Энергия көздері: І сатысында энергияның басым бөлігін көмірсуды ыдыратып алады. ІІ сатысында майлардың ыдырауы басымырақ болады (84%) глюкозадан (3%), нәруыздан (13%) энергия алады. ІІІ сатыда нәруызды ыдырату күрт өседі.
Басқаларға қарағанда салмағын аз жоғалтатын тіндер жүрек (3,6%), нерв жүйесі (3,9%) және сүйек (13,9%).
3. Балалардағы нәруыздық-энергия бұзылысының мысалы ретінде алиментарлы маразм мен квашиоркор ауруларын алсақ болады.
Алиментарлы маразм кезінде физикалық жүктемеге жұмсалатын АТФ энергиясының тамақпен пайда болатын АТФ энергиямен қамтамасыз етілмеуінен болады. Қанда глюкоза, холестерин, нейтральді май көлемі азаяды; глюкнеогенезді стимулдаушы глюкокортикоидтар мен глюкагон күрт артады. Балаларда ересектерге қарағанда ауру дамуы жылдам жүреді. Психикалық және физикалық бұзылыстардың дамуына әкеледі. Тері мен шаштың депигментациясы, бұлшықеттің сарқылуы байқалады. Әсіресе, 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалардың нерв жүйесіне осы ашығу түрі кері әсерін тигізеді. Себебі бұл уақытта нервтің миелинезациясы, глиогенезі, нервтердің байланысы орнайды.
Квашиоркор сәби туылғанда оның алдындағы баланың сүтке жарымауынан дамиды. Бұл ауруда эпидермистің мүйізгектелуінің бұзылуы және оның интенсивті түсуі байқалады. Бауырдың майлық инфильтрациясы, цирроз дамиды. Альбумин жетіспеуі мен альдостеронның артық болуынан ісіну, асцит дамиды. Ұйқыбез гиалиноз бен фиброзға ұшырап, фермент түзілуі нашарлайды. Кейде қантты диабет дамуы мүмкін. Жүрек пен бүйрек дистрофияға ұшырайды.
Этиологиялық факторлар: нәруыздың жеткіліксіздігі, суық, физикалық және нервтік жүктеме.
Тапсырма 3. Науқас П., 58 жаста, жүректің ишемиялық ауруымен сырқаттанады. Оған жасанды қанайналым аппаратын пайдаланбай миокардтың толық артериялық реваскуляризациясы жүргізіледі. Алайда операция барысында науқаста экстракорпоралдық қан айналымы аппаратын шұғыл қосуды талап ететін гемодинамикалық бұзылыстар пайда болған.
рН = 7,19
PаCO2 = 39 мм сын.бағ.
SB = 14 ммоль/л
ВВ = 29 ммоль/л
ВЕ = -12 ммоль/л
Лактат = 3,2 ммоль/л
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
рН = 7,19 ↓ теңгерілмеген ацидоз
PаCO2 = 39 мм сын.бағ. N
SB = 14 ммоль/л ↓
ВВ = 29 ммоль/л ↓
ВЕ = -12 ммоль/л -
Лактат = 3,2 ммоль/л ↑
Газдық емес, метаболизмдік, теңгерілмеген ацидоз.
(Толықтыру қажет қорытындылап)
Билет № 30
Тапсырма 1. Жиһаз жасайтын фабрикадағы жұмысшылардың бас ауыруына, мұрынынан қан кетуіне, бет аумағының жансыздануына шағымданып дәрігерге қаралуы жиіледі. Дәрігерге тексерілуге келген жұмысшылардың мұрын қуысында ұсақ жаралар пайда болған және ісінуі байқалған. Осы топтағы жұмысшыларды тексеру барысында «Мұрынның сілемейлі қабығының обыры» диагнозы қойылды.
1.Қандай типтік патологиялық процесс аурудың негізінде жатыр? Осылай орналасқан ісіктік процестің дамуымен жиһаз жасайтын фабрикадағы кәсіби зияндылықтың арасындағы байланыстың бар екенін болжауға болады ма? Осы патологиялық процестің дамуын тағы қандай этиологиялық факторлар тудыруы мүмкін?
2.Осы типтік патологиялық процестің патогенезінің геномдық және эпигеномдық нұсқаларының мәні неде?
3.Осы типтік патологиялық процестің алдын алу мен емдеудің негізгі принциптерін атаңыз және сипаттаңыз. Жиһаз фабрикасында қандай алдын алу шаралары жүргізілуге тиісті?
1) Жалпы жағдаяттық есепте тыныс алу жолдарындағы өспе, яғни мұрынның сілемейлі қабығының рагы типтік патологиялық процесс аурудың негізінде жатыр. Науқастардың анамнезіне сәйкес бас ауруы, мұрыннан қан кету, ұзақ уақыт емделмейтін мұрын жаралары, бет аймағының ұйып қалуы мен жансыздануы, сонымен қатар жиһаз өндіретін фабрикаларда жұмыс жасауы, олардан шыққан шаңның, смоланың, желімнің, еріткіштердің әсерлерін біле отырып мұрын қуысының сілемейлі қабығының рагы деп айтсақ болады.
Патологиялық процестің дамумен жиһаз жасайтын фабрикада жұмыс істеу арасында байланыстар бар
, атап айтқанда жиһаз фабрикасында никельді тазарту, ағашты өңдеу, былғары өңдеу, жиһаз өндірісінде қолданылатын ағаш шаңымен, желіммен, формальдегидпен, еріткіштермен ұзақ уақыт байланыста болу әсер етуі мүмкін (бұл канцерогенездің негізі шақыру механизмі болуы мүмкін).
Басқа этиологиялық факторлар: темекі шегу, алкогольді пайдалану сияқты жаман әдеттер. Мұрын қуысында қатерлі ісікке айналуға қабілетті неоплазмалар болуы мүмкін.
1. Геномдық канцерогенез канцероген репрессор 1 генінің мутацияға ұшырауынан, ол синтезделуді тоқтатады және жасушалардың бөліну бастамашысы ген клеткалардың хаотикалық бөлінуіне әкеледі.
Эпигеномдық канцерогенез, мұнда канцероген жасушалардың бөлінуін ынталандырады және ДНҚ-ны қалпына келтіру жүйесін, анти-онкогендер мен апоптоз гендерін блоктайды, яғни реттеуші жүйелердің бұзылуы орын алып, хаотикалық жасушалардың бөлінуі басталады.
2. Мұрын қуысында неоплазмаларды дұрыс емдеу, қатерлі ісікке айналуы мүмкіндігін төмендетеді.
Алдына алу шаралары:
• Жаман әдеттерден бас тарту: темекі шегу, алкогольді тұтыну деген секілді.
• Ағаш шаңына және формальдегидпен тікелей байланысты азайту үшін маска және арнайы киім сияқты жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және т.б.
• Өспе дамуының алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерлерге жүгіну.
Емдеу хирургиялық араласу және сәулелік, химиялық терапия көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар ота жасау. Зақымданған ағза мүшелерін алып тастайды және дайын имплантанттардың көмегімен қалпына келтіріледі.
Сәулелі терапия көптеген тіндердің зақымдануын азайту үшін жалғыз немесе химиотерапиямен бірге қолданылады.
Тапсырма 2. Экспериментте жыныстық тұрғыда жетілген ақ зертханалық егеуқұйрықты көлемі 5000 мл3, герметикалық қондырғыға отырғызып, (NH₄)₂C₂O₄ (щавель қышқылды аммоний) мен H₂SO₄ (күкірт қышқылы) қатынасынан алынған иісі жоқ, түссіз газ жіберіледі. Жануарда қозғалу белсенділігінің бұзылуы тез арада пайда болады, тыныс алу жиілігі мен ырғағы өзгереді, құрысулар дамиды. Эксперимент аяқталғаннан кейін түсі таңқурай тәріздес, ашық қызыл түсті қанның газдық құрамын зерттейді. Жануардың мәйітін тексергенде ішкі ағзаларының да түсі таңқурай тәріздес болады.
1. Осы экспериментте қандай типтік патологиялық процесс жасалғанын түсіндіріңіз? Эксперименталды жануардың қанында пайда болатын гемоглобиннің түрін атаңыз және қан түсінің өзгеруін түсіндіріңіз. Осы патологиялық процесс кезінде қанның оттегілік балансының көрсеткіштері қалай өзгеретінін атаңыз және көрсетіңіз.