Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 657
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
3-тапсырма.
1. рН = 7,2 (теңгерілмеген ацидоз)
PаCO2 = 35 мм сын.бағ. (Артериялық қандағы СО2 парциальды кернеуы қалыпты)
SB = 16,5 ммоль/л (газдық емес ацидоз)
ВВ = 35 ммоль/л (ацидоз кезіндегі буферлік негіздердің дефициті)
ВЕ = - 9,5 ммоль/л (газдық емес ацидоз)
Зәрдің титрленетін қышқылдығы = 8 мл сілтілер (бөлінулік ацидоз/выделительный ацидоз)
Зәрдегі NH4 = 11ммоль/л (бүйрек жеткіліксіздігі)
-
Пациентте парацетомолды қолдану нәтижесінде тубулоинтерстициальды нефрит дамыған. Парацетомол – температураны түсу эффектісі бар анальгетик. Дегенмен, пациентте патология парацетомолдың токсикалық нәтижесінде дамыған ацидоз.
Билет № 33
Тапсырма 1. Ғарышкерлерді даярлау орталығында экскурсия барысында медициналық тексеруден өткен қатысушылардың бірі центрифугада сынақтан өтуге рұқсат алды. Құрылғыны айналдыру кезінде сынақтан өтушінің денсаулығы қатаң бақылауда болды. Арнайы пультке - сынақтан өтушінің тыныс алу жиілігі, жүрек жиырылуы, артериялық қысымы, электрокардиограмма, SpO2 және т. б., параметрлері үнемі тіркеліп отырылды. Айналудың 3 минутынан кейін ер адам бозарып кетті, содан кейін тершеңдік, бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, мұрыннан қан кету пайда болды. Тыныс алу жиілігі 28 мин-1 дейін өсті, жүректің жиырылу жиілігі – 110 мин-1, артериялық қысымы = 150/100 мм сын.бағ.
1. Бұл шағымдар мен объективті белгілердің дамуына не себеп болды? Ол этиологиялық факторлардың қай тобына жатады? Центрифугада айналу кезінде осы этиологиялық фактордың қандай түрлері адам ағзасына әсер етеді?
2. Осы этиологиялық фактордың сынақтан өтушінің организміне әсер ету бағыты қандай? Осы себептік фактордың әр түрлі бағытта әсер етуінде айырмашылықтар бар ма? Жауаптарды негіздеңіз. Оның организмге патогендік әсер ету механизмдерін көрсетіңіз.
3. Осы ықпалдың әсеріне төзімділіктің жыныстық ерекшеліктері бар ма? Ерлер мен әйелдер организмдерінің реактивтілігінің ерекшеліктері қандай? Патологияларда реактивтіліктің рөлі қандай? Реактивтіліктің негізгі сапалық сипаттамаларын атаңыз.
1. Обективті белгілердің дамуынан центрифугада сынағында жоғары барометрлік қасымның әсерінен дамиды. Ол этиологиялық фактордың ішіндегі экзогенді факторға жатады . Центрифугамен айналу ол осы экзогенді фактордың ішіндегі физикалық ықпалға жатады.
2. Ол дененің қысылуына бағытталған , әсер ету бағыты жоғары барометрлік қысымның әсерінен сыртан жоғары барометрлік күштің организмді қысуы. Осы әсерден газдардың сұйықтыкта еруін көтереді, яғни сатурация дамиды. Азоттың әсерінен май тіндерінің саны көбейіп, мида липидтердің көп болуынан, онда азот көптеп жиналады, осыдан жүйке жүйесінің қызметі бірінші бұзылады. Жүйке жүйесі азотпен уланып, бас ауру, бас айналу зәрдің бүлінуі болады, естен таниды.
3. Ия Әйелдерде жалпы организмнің тіршілік үрдістеріне, гормондық реттелуіне төзімді болып келеді. Әйелдер мен еркектердін айырмашылығы оларлың эртүрлі ауруларға байланысты түсінсек болады. Еркектерде көбісі атеросклероз, коронасклероз, миокард инфаркты, гипертензиялық аурy, асказанн мен ұлтабардың ойық жаралары, падогра, өт жіне ішек жолдарымен ауырады. Ал әйелдерде эндокриндік жүйенің аурулары, құздама, өттас ауруы, ішек пен тері ауруларымен ауырады. Реактивтіліктің патологияда организмге эртүрлі бүлдіргіш әсерлерден дамиды , эртүрлі созылмалы аурулар кезінде
мысалы атеросклероз, кант диабеді , гепатит, гипертониялық аурулар кезінде дамидыда организм кызметін өзгертіп, оған жауап кайтарып, резистентілік калыптастырады. Реактивтіліктің негізгі сипаттамасы сыртқы ортаның ықпалынан тұтас организмнің өз ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап кайтару кабілеті
Тапсырма 2. Науқас Д., жіңішке ішекке резекция жасалған, операциядан кейінгі кезеңде тігістердің дәрменсіздігінен ішек жыланкөзі түрінде асқыну пайда болған.
Объективті: терісі құрғақ, болбыр; терісінің тургоры төмен; басқанда көз алмалары жұмсақ; бұлшықеттердің тонусы төмен. артериялық қысымы = 80/35 мм сын.бағ., пульсі әлсіз, минутына 100 соққы.
Зертханалық зерттеулер деректері: гематокрит = 59%; плазманың осмоляльдығы 275 = мОсм/кг Н2О; рН = 7,22, РаС02 = 35 мм сын.бағ., BE = - 8,8 ммоль/л. Тәуліктік диурез = 400 мл.
1. Науқаста зат алмасудың қандай типтік бұзылыстары дамыды? Зертханалық деректерді пайдаланып, дәлелді жауап беріңіз. Бұл жағдайда экстрацеллюлярлы және интрацеллюлярлы кеңістік арасындағы су алмасуы бұзылады ма? Бұл жағдайда SB және ВB көрсеткіштері қалай өзгереді? Неліктен?
2. Осындай өзгерістердің дамуына тағы қандай себептер ықпал етуі мүмкін? Осы клиникалық және зертханалық белгілердің патогенезін түсіндіріңіз. Бұл жағдайда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі өзгере ме? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
3. Осы жағдайдағы метаболизмдік бұзылыстарды емдеудің патогенездік принциптерін көрсетіңіз.
1. рН=7,22 ↓ теңгерілмеген ацидоз
РаС02 = 35 мм сын.бағ., N, газдық емес ацидоз
BE = - 8,8 ммоль/л, буферлік негіздердің дефициті, газдық емес ацидоз тән.
Науқаста қышқылдық-сілтіліктің үйлесімділіктің бұзылысы, оның ішінде – газдық емес ацидоз дамыған. Газдық емес ацидоз кезінде SB және BB төмендейді. Себебі, газдық емес ацидоз кезінде теңгеру механизмдерінің әсерінен, қышқыл өнімдер гидрокарбонаттармен әрекеттесіп, бейтарапталады. Сондықтан қан плазмасында гидрокарбонаттардың мөлшері азаяды. Бұл метаболизмдік ацидозға тән көрсеткіш болып саналады.
2. Газдық емес ацидоздың дамуынна бірнеше себептер әсер етеді. Олар:
1. Организмге сырттан көп мөлшерде қышқылдардың түсуі;
2. Зат алмасу бұзылыстарының салдарынан организмде тотықпаған өнімдердің жиналып қалуы. Оның өзінің бірнеше себептері бар: гипоксия, микроциркуляцияның бұзылуы, ашығу, бауыр жеткіліксіздігі, ішкі секреция бездерінің аурулары, т.б.
3. Қышқыл өнімдердің сыртқа шығарылуының бұзылуы;
4. Организмнен сыртқа сілтілердің көп мөлшерде шығарылуы
Жиі газдық емес ацидозды метаболизмдік ацидоз деп атайды. Себебі, ацидоздың бұл түрі көбінесе зат алмасу бұзылыстарының салдарынан болады. Одан басқа экзогендік және эндогендік түрлері бар.
Газдық емес ацидоз кезінде теңгеру механизмдерінің әсерінен өкпенің гипервентиляциясы байқалады. Ол рCO2 –ның төмендеуіне әкеледі. Теңгеру механизмдері таусылған кезде рН мөлшерінің төмендеуімен сипатталатын ацидоздың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бұл кезде рСО2 одан сайын төмендейді де, ол тыныстың бұзылуына, қан тамырлары тонусының және қан қысымының төмендеуіне әкеледі. Бүйрек қанайналым бұзылып, осыдан несептің сүзілуі азаяды. Несеппен К, Na, Са иондарының көп мөлшерде шығарылуы жүрек ырғағының бұзылуына, жүйке-бұлшықеттің қозудың тежелуіне әсер етеді.
Бұл кезде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенуі мүмкін. Себебі, су және элоктролиттер алмасуы бұзылады. Жоғарыда айтылып өткендей, несеп сүзілуі азаяды, несеппен бірге натрий иондары көптеп шығарылып кетеді. Оларды тұтып қалу үшін альдостерон белсенуі қажет болады. Сонымен қатар, бұл жүйе су-электролиттер балансын сақтауға ықпал етеді. Яғни, теңгеру механизмі ретінде дамуы мүмкін.
3. Емдеу принциптері алдымен ацидозды туындатқан себептерді аластатуға бағытталады. Содан соң қан айналымын қалпына келтіру қажет болады. Өкпеде зат алмасуын жақсартып, тотығу-тотықсыздану үрдістерін арттыруға жағдай жасау қажет. Сутегі иондарының артық мөлшерін байланыстырып, буферлік жүйені қалыпқа келтіру үшін натрий гидрокарбонатының сұйықтығын енгізуге болады. Сонымен қатар, метаболизмдік ацидозды қалпына келтіру үшін үш гидроксиметиламинометанның 0,3 М сұйықтығын енгізеді.
Тапсырма 3. Науқас Ц., 77 жаста, анамнезінде III дәрежелі гипертониялық аурумен ауырады, жүрекше фибрилляциясы, пароксизмі бойынша кардиологиялық бөлімшеге жеткізілді. Жалпы жағдайы ауыр. Ритмі ауытқыған, жүрек соғу жиілігі 140 мин-1, артериялық қысымы - 190/120 мм сын.бағ.
РаО2 = 90 мм сын.бағ.
РvО2 = 30 мм сын.бағ.
SаО2 = 96%
SvО2 = 34%
О2 бойынша а/в айырмашылық = 10,8 көл %
ҚОС = 20,8 көл %
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.
1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.
РаО2 = 90 н
РvО2 = 30 ↓ веналық гипоксемия
SаО2 = 96 н
SvО2 |= 34 ↓ веналық гипоксемия
О2 бойынша а/в айырмашылық = 10,8 ↑
ҚОС = 20,8 н
2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз
Науқаста эндогендік гипоксияның циркуляциялық түрі дамыған. Веналық гипоксемия, тіндердің О2 –ні утилизациялауы жоғарылауы-циркуляциялық гипоксияны көрсетіп тұр.
Билет № 34
Тапсырма 1. Науқас әйел, 57 жаста, отбасылық жанжалдан кейін жүрек аймағындағы ауырсыну, жүрек лүпілі, бас ауруы, ентігу сияқты шағымдар пайда болған.
Объективті: жүректің жиырылу жиілігі – 100 мин-1, артериялық қысымы 170/100 мм сын.бағ.
Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректері:
• жүректің минуттық көлемі – 8,0 л/мин;
• лейкоциттердің жалпы саны – 9,2∙109/л: эозинофильдер – 1%, базофильдер- 0%, таяқшаядролы нейтрофильдер – 5%, сегментядролық нейтрофильдер – 60%, лимфоциттер – 29%, моноциттер – 5%;
• қандағы глюкоза– 7,3 ммоль/л;
• қандағы эстерифицияланбаған май қышқылдары – 1,37 ммоль/л (норма 0,3-0,9 ммоль/л);
• зәрдегі 17-оксикортикостерон – 7,2 мг/тәулігіне (норма 2 - 8 мг/тәулігіне);
• зәрдегі ванилилминдаль қышқылы – 12,8 мг/ тәулігіне (норма 0 - 7 мг/тәулігіне);
• зәрдегі несепнәр – 38,5 г/ тәулігіне (норма 20-35 г/тәулігіне).
1. Әйелде организмнің қандай жалпы реакциясы пайда болды? Оның даму сатысы мен кезеңін анықтаңыз. Жауаптарды негіздеңіз.
2. Туындаған бұзылыстардың себебі қандай? Этиологиялық факторлардың қай тобына жатады? Пайда болған клиникалық және зертханалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.