Файл: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бауыржан Момышлы атындаы орта мектебіні аза тілі мен дебиеті пні малімі Таырыбы Маал сзді мйегі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кунтуарова Эльмира Маликажиевна
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі»
Мақсаты: Білімділік: Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жақсартуға тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, проблемалы мадақтау
Тәсілі: Сайыс
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен, қонақтармен сәлемдесу.
Ә) Оқушылардың тәрбие сағатына қатысуын тексеру
Б) Кабинет тазалығына назар аудару
Кіріспе сөз:
Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 7-8 сыныптар аралығында өткізілгелі отырған «Мақал сөздің - мәйегі» сайысына қош келдіңіздер!
Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,өйткені мақал-мәтелді мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны ,ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.
Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де ,ақылы да арта түседі.
Келген қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:
Мақал – мәтел жарысы
Мақалмен жауап беру.
Сөздерге мақал-мәтел құрау
Аудармашылар сайысы
«Полиглот»
«Мақал – сөз атасы» дегендей бүгінгі сайысымызға қатысушылармен танысып өтейік.
« Дарын » командасы
«Достық» командасы
(Әр топ өздерін таныстырып өтеді, команда мүшелерімен)
Бүгінгі сайысымызда әділ төрелік етуші әділ-қазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Сайысымыздың бірінші шарты мақал – мәтел айтудан жарыс. Мен бір сөз айтамын сол сөзге сіздер мақал құрайсыздар. Сол мақалдың ішінде қандай сөз бар, сол сөзге келесі топ мақал құрайды.
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте– дей келе сөздік қорымыз қанша екенін байқап көрелік. Сайыс шарты түсінікті болса, командаларға сәттілік тілеймін.
Сайысымыздың бірінші кезеңі аяқталды.
Еңбек, батыр, білім, отан, тіл.
Талаптың мініп тұлпарын
Самғай бер көкке сұңқарым
Талаптыға нұр жауар,
Талапсыздан қорқамын!
Сайысымыздың екінші шарты. Мұғалім қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді. Мысалы: жыланды інінен қалай шығарамыз. Жылы – жылы сөйлесең жылан інінен шығады. Ендеше іске сәт деп екінші турымызды бастайық!
1-команда
Қар жана ма? (қалауын тапсаң қар жанады)
Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)
Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
Киіз қазық жерге кіре ме? (тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді)
Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)
Қой мен қасқыр ойлана ма? (қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)
Қарғыстың жаманы не? (қаралы қарғыс киесін табар, қарасыз қарғыс айналып иесін табар)
Жігітті шал деген жөн бе? (жаман жігіт жасында шал болады)
Ең тәтті не? (ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)
Адамның қай мүшесі қорқақ? (көз қорқақ, қол батыр)
2-команда
Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)
Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (шашу оңай, жинау қиын)
Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)
Ер неше ре, қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет, қорқақ мың рет өледі)
Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
Отан неден ыстық? (Отан оттан да ыстық)
Отқа түсіп күймеуге бола ма? (отан үшін отқа түс, күймейсің)
Шошқа үре ма? (ит жоқта шошқа үреді)
Рахмет осымен көзді ашып-жұмғанша сайысымыздың екінші бөлімі де аяқталды.
Енді сайсымыздың үшінші бөліміне тоқталып өтейік. Мына сөздерге мақал-мәтел құрыңыздар:
Қой, қойшы, қозы
Арпа, бидай
Бірлік, тірлік
Жер
Ит
Еріншек
Білім
Отан
Қылыш
Әке
Тіл
Той
Ет
Өтірік
Көрермендермен ойын. Сұрақ-жауап.
1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)
2.Жас келсе неге? (іске)
3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)
4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)
5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)
6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)
7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)
8.Көпке не шашпа?(топырақ)
9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)
10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)
11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)
12.Бейнет түбі не?(зейнет)
13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).
14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)
15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)
Рахмет бұл бөліміміз де өз мәресіне жетті.
Музыкалық сәлем!
Гүл жайнасын жастардың ажары
Тарқалмасын бүгінгі күн базары
Болашақтың берік ұстап тұтқасын
Сайыскердің болсын жарқын жолдары – дей келе сайсымыздың келесі шешуші бөліміне де жеттік.
Бұл бөлімде мақал-мәтелдердің орысша аудармасын табамыз
ІҮ.Аудармашылар сайысы.
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару
Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.)
Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)
Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.)
Отан - оттан да ыстық. (Родина –жарче огня.)
Оқу –білім бұлағы, білім- өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.)
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.)
Бесінші турымыз «Полиглот», Берілген мақал мәтелдің ішінен түсіп қалған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударамыз.
………. – инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study)
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge)
Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос,друг,friend)
Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей,досың, friends)
Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand)
Учение –……. ,а не ученье- тьма. (свет,жарық,light)
Қазылар алқасы дайын боламын дегенше музыкалық сәлемдеме.
Қазылар алқасы шешімі.
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі,мұрасы.,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.
Осымен бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды, қатысқандарыңыз үшін рахмет!
Жеңісті күндерде жолыққанша!