Файл: азастан Республикасындаы туризм инфрарылымын дамытудаы мемлекеттік бадарламаларды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орындаған: Қарағойшина Аяжан

Топ: ТҚИҰ20-02

Оқытушы: Курбаниязов А.К.

Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңызы

Туризм саласын мемлекеттік тұрғыда қолдау саланы нақты тұрғыда яғни орнықты дамытудың негізгі жолы болып табылады. Халықаралық тәжірибе туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау басты шешім болып табылады. Осындай жағдайларға инвесторлар тарту, туристік мекемелердің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайлар ұйымдастыру немесе нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруды жатқызар едім. Туризм дамуының әлемдік көрсеткіштері мен Қазақстандағы оның жай күйінің арасындағы алшақтық еліміздегі туристердің жағдайы үшін ұйымдастырылған инфрақұрылымның деңгейі өте төмен екенін көрсетеді. Деңгейдің төмендігіне ойын сауық индустриясының жеткілікті түрде дамымағандығы, қонақтарға көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігін жатқызар едім.

Тағы бір шешімін талап ететін проблеманың бірі отандық инвесторлар тәуекелге бармауын жатқызар едім. Бұл туристік объектілердің құрылысына инвесторлардың одан әрі қаражат салмауына әкеліп соғады. Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несие беру секілді мүмкідіктер бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға және инвестициялардың өсуіне ықпал жасайтынына сенімдімін.

Қазақстан туризмінің дамуы және оның жеке индустрия болуы - туризм нарығындағы дамыту жолдарының жаңа бағыттарын талап етеді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа 2006 жылғы Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлерін дамытудың бастамасын көтердік»,– деген болатын .

Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм индустриясы да жатады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық Азияда туризм орталығына айналдыру. Осы міндетке жету үшін еліміздің туристік инфрақұрылымын арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар тәуелсіздік алғалы іске асырылып жатыр.Инфрақұрылым ол туристің тиімді саяхаты мен ел экономикасын көтеру үшін жасалған барлық жағдай мен қызмет көрсету мекемелері, яғни қарапайым қонақ үй мен транспорттық жол жүйелерінде жатқызамыз. Ал осы уақытқа дейін туризм саласын дамыту үшін жасалған қадамдардың ең тиімдісі мемлекеттік бағдарламаларды құру идеясы деп есептеймін. Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға сонымен қатар экономиканың сабақтас секторларын дамытуға мүмкiндiк бередi. Олар туризмдi дамыту саласындағы негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, елдiң тартымды туристiк имиджiн қалыптастырудың негiзгi жолдарын шешеді деп ойлаймын. Қойылған мақсатқа сәйкес бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылды:


– туризм инфрақұрылымын дамыту;

– туризмдi мемлекеттiк тұрғыда реттеу;

– елдiң тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру;

– туристiк әлеуеттi арттыру;

– рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

Осы бағдарламалар міндеттерінде еліміздің туристрге тартымды аймақтарын дамыту керек деп есептеймін. Мысалы Жiбек жолы бойында туризмдi дамыту, Каспий теңiзiнде жағажай және круиз туризмiн дамыту, Қазақстан ғарыш айлағы Байқоңыр қаласында ғарыш туризмiн дамыту дер едім. Өзгеде Қазақстан облыстарын қаржыландыруды тоқтатпай кең байтақ жерімізді ел халқы үшін жандандыруға деген үлке мақсат болады деп есептеймін.

Қорытынды

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туризм саласы қарқынды даму үстінде. Оған себеп ретінде көптеген бағдарламалар құрылуы мен ауқымды туристік орталықтар салына бастауын жатқызамыз. Мемлекеттiк бағдарламалар елімізде қазiргi заманғы және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың өзгеде сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретініне шүбәсіз сенімдімін. Олар туризмдi дамыту саласындағы негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, туристiк әлеуеттi арттырудың және ең бастысы халықты жұмыспен қамтып олардың әл ауқатын көтеретін ең тиімді жол дер едім. Инфрақұрылым халық үшін және туристер үшін комфорт пен сапалы өмір сыйлайды. Еліміздің азаматтары үшін осы саланың болашақ маманы ретінде ат салысуым керек.