Файл: Алтын кз рметті атааналар, онатар, оушылар Алтын кз байауына ош келдііздер !.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Алтын күз»
Құрметті ата-аналар, қонақтар, оқушылар «Алтын күз» байқауына қош келдіңіздер !
Уа, халайық,халайық, Бәріміз назар салайық. Мерекесі мектептің, Сайысты біз бастайық. (Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы топтарымызды шақырамын. Музыка ойналып тұрады) Топтар өзімізді таныстырып өтейік.Әділқазы береді, Өздеріңе билікті. Өнерде кім жеңеді, Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін: Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу. Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін: Сайыс шарттары: 1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.) 2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету) 3. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету) Алдарыңыздағы күзгі дәрумен, тағамдар мен күз тақырыбындағы қолөнер жұмыстарына әділ-қазылар өз бағаларыңызды бере берулеріңізге болады.«Менің ата-тегім» 1.Өзін-өзі таныстыру Менің сайысқа келген топтарыма дайындаған жұмбақтарым бар. Сол жұмбақтарымызды шешіп көрейік.1. Жұдырықтай қызыл шар Тілді үйірген шырын бал (Алма)2 Гуілдейді құлаққаОны ешкім көрмейді? (Жел)3 жауып жаңбыр, жер сабырШөп жапырақ солады, бұл қай кезде болады? (Күз)4 Жер астына түседі, Сап-сарғыш боп піседі ( Сәбіз)5 Күннен көзін алмайды. Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)6 Суда мұз бар, жерде қар барБоран боп соғады, бұл қай кезде болады? (қыс)7. Күздің бірінші айы? (қыркүйек)8. Қабат қабат қаптамаақылың болса аттама (кітап)9. Үй үстінде алтын тасАлайын десем табылмас (Жұлдыз)10. Тақтаны досым дейдіӨзін сол досы жейді (Бор)2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету) Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билеп, бірі ән айтады. (Жаңылтпаштар айтуға да болады)Әділ-қазылардың берген бағасы. Әр топтың ханшайымдары сән үлгісіне дайындалғанға дейін, топтарымызды ойын ойнауға ортаға шақырамыз.Ойындар ойнатылады.3. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету ) Әділ-қазылардың берген бағалары.
Білім,ғылым,өнерге, Қанат қағар кездерің. Еліміздің ертеңі , Үміт етер өздерің. -дей отырып, бүгінгі «Алтын күз» мерекесін аяқтаймыз.