Файл: Сынып 6 А, , Б ткізген А. Кенжалина Р. Бердімратова 2022 жыл Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ

«Тапқыр математиктер» зияткерлік сайысы ­


Сынып: 6 «А», «Ә», «Б»

Өткізген: А.Кенжалина

Р.Бердімұратова

2022 жыл

Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2.Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3.Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов
2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская
3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс
4.«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков



1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс
шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.



Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.
1.Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).
2.Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Ұшақ Қостанайдан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
6. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
7. 4 балада неше саусақ бар? ( 40 )
8. Шеңбердің ұзындығының формуласы (2πR)
9. 2-ге бөлінетін сандар (жұп)
10. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай).
11. Төртбұрыш қабырғаларының қосындысы? Жауап: Перимаетр
12. Күн көзі жылына неше рет шығады? Жауап: 365
13. 444 саны 3 ке бөлінеме? (иа)
3. «Білім арқаны» оқушыларға орында отырып шығаруға жеке жеке тапсырма беріледі.
1. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100
2. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?
1 күн және түн 4-3=1 (м)
2 күн 1*2=2
3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)
3. Есептеңдер: 3 = ? ( -3 )
4. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.
1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде.
2- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын
Сыйлық бар сіздерге, қадырлі ағайын.




1. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
2. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
5. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
Алдында екеу,екеу келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде.(4)
6. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой.(15)

V. «Мен –саған, сен – маған»
Әр команда математикаға қатысты бір ребустан дайындап әкелуі тиіс. Осы ребустарды бір-біріне шешкізеді.
1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар. Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Екі жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет.