Файл: 1 ндірістік практиканы мазмны 6 2 студентті шыармашылы Жмысы 10.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Label s1.s2;

………;

Goto s2;

S1:…..;

S2:readln(n);

Goto операторы көмегімен аттап кеткен программа болігіне қайтып келу үшін ол бөлікті де таңбалап кеткен жөн.Әйтпесе программаның ол бөлігі орындалмайды.

Шартты операторлар.

IF-THEN-ELSE Берілген шарттың орындалуын реттейді.Егер шарт нәтижесі ақиқат болса онда басқару THEN операторына беріліп тек сонда тұрған программаның тармағы ғана орындалады.ары қарай басқару ELSE операторын оқымай аттап кетіп программаның келесі операторына беріледі.

Егер шарт нәтижесі жалған болса онда программаның орындалуы THEN операторынан аттап кетеді де ELSE операторына беріліп программаның осы операторы тармағы орындалады.Ары қарай басқару программаның келесі операторларына беріледі.

IF шарт THEN 1-блок

IF шарт THEN 1-блок ELSE 2-блок
CASE-Таңдау операторы.

Кейде белгілі бір өрнектің немесе шамалардың мәндерінің өзгеруіне байланысты программада жазылған әртүрлі операторлардың бір бөлігін ғана таңдап орындау керек болады.Таңдау операторы CASE -OF қызметші сөзінен тұрады.

Case N of

1-тізім:1-блок;

2-тізім: Begin 2-блок; End.

…. …………………………

М-тізім: м-блок; End.

Else 0-блок; End.

Практика жүзінде

Мысалы Екі санның үлкенін табу.

Есептің программасын 3 түрде жазып талдау.

1-әдіс.

Program maxsan;

Var a,b,max:integer;

Begin

Readln(a,b);

If a>b then writeln(“max=”,a)else if a=b writeln(“eki san ten”) else writeln(“max=”,b);

Readln;

End.

2-әдіс.

Program maxsan1;

Var a,b:real;

F:Boolean;

n:integer;

Begin

Readln(a,b);

F:=a

If not f then n:=1 else n:=2

Case n of

1:writeln(“max=”,a)

2: writeln(“max=”,b);

End.

3-әдіс.

Program maxsan2

Label s1,s2,s3:;

Var a,b,max:integer;

F:Boolean;

Begin

Readln(a,b);

F:=a>b;

If f then goto s1

Else goto s2;

S1:writeln(“max=”,a);

Goto s3;

S2: writeln(“max=”,b);

S3:Readln;

End.readln;

End.

Жаңа сабақты бекіту жеке формада жүргізіледі.

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР.Өз жұмысын жауап парагымен тексеріп бағасын толтыру.Болган соң келесі деңгей тапсырмасын орындауга көшеді. Кай деңгейді алу өз қолында.Әр деңгейде 2 тапсырмадан.

І –деңгей.

1 сұрақ.Таңдау операторы не үшін қажет?Жазылу формасы?

2.Өзің есеп шартын құрап қалаған операторын бойынша программасын жаз

ІІ-деңгей

1 сұрақ.Шартты операторлардың жазылу үлгілері қандай.

2 есеп.Егер А саны В санынан үлкен болса бөлуді орында әйтпесе көбейтуді орындайтын программа құр.

ІІІ –деңгей

1сұрақ. Операторлар дегеніміз не? Қандай топтарға жіктеледі?

2 есеп.Бүтін А саны берілген.Сол А санының бүтін В санына қалдықсыз бөлінетінін не бөлінбейтінін анықтайтын программа құру.Қаблеттеріне қарай орындап болган оқушы мұғалімдеріне тексертіп бағаларын қояды.


Қорытындылау.

12-15 фишка «5»

9-11 фишка «4»

6-8 фишка «3»

5 фишкадан аз алған оқушыларға қосымша қайталап тақырыпты оқу және блок схемалар бойынша программа құру тапсырылады .

Үй тапсырмасы п 3.4-9 жаттығулар.

2.2 Ашық сабақ хаттамасы

М.Өтебаев атындағы жоғарғы технологиялар колледжі

«Тармақталу және таңдау операторлары»

тақырыбында өтілген

Шәдібай Бибіхан ашық сабағына
Хаттама

Күні:10.03.2023ж..

Өтілген орын: 201 кабинет

Отырыс:ашық сабақ

Қатысушылар: Информатика пәнінің мұғалімі- Жамалдинова Сабира Битурсыновна, ЗЕП-20-17кс студенті Шәдібай Бибіхан .

Күн тәртібінде:М.Өтебаев атындағы жоғарғы технологиялар колледжі

1 курсқа практикант М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Инновациялық білім беру технологиялары институтының 3-курс студенті Шәдібай Бибіханның «Тармақталу және таңдау операторлары» атты тақырыбында өткізілген ашық сабағының қорытындысы.

Пікір айтушылар:

Информатика пәнінің мұғалімі –Жамалдинова С.К.

Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып,сабақ мақсаты бойынша оқушылар«Тармақталу және таңдау операторлары» бағдарламасын қолданып, есеп шығаруды үйренді.Тақырыпқа сай ойындар ойната білді. Сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.

Шәміл Жайна студент:Сабақта Деңгейлік тапсырмаларды орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп,тақырып ұтымды пысықталды.Уақытында үй тапсырмасы берілді.Оқушыларды бағалау парағы бойынша жүзеге асты.Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.

Қаулы:практикантӘсемханова Әйгерімнің «Тармақталу және таңдау операторлары» атты тақырыбында өткен ашық сабағына «жақсы» деген баға қойылсын.

Информатика пәнінің мұғалімі:________________ Жамалдинова С.К.
Хатшы:_______________________________Шәміл Ж.Ғ.


2.5 Ашық тәрбие сағат

Тақырыбы: "Ауғанның отты жалыны"

Мақсаты:Студенттерге Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.



Көрнекілігі: суреттер.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Барысы:

1–жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2-жүргізуші - 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы.

1-жүргізуші Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Статистикаға сүйенсек: 10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып,оның 1-і хабарсыз кетті, ал 14- сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық: Еске алу (1 мин үнсіздік)

2-жүргізуші

Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген

ойлы сөзі бар. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

1-жүргізуші:

Соғыс жылдарындағы оқиға туралы баяндама «Жылдар сөйлейді».

1979 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанда 86 адамынан айырылды, оның 7 – еуі қазақстандық еді.

12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40-армияны енгізу туралы шешім қабылдады.

13 желтоқсан Армия генералы С.Ф.Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин-нің жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді. 40-армияның қолбасшылығына генерал – лейтенант Ю.В.Тухаринов тағайындалды.


27 желтоқсанда арнайы мақсаттағы «Зейнит» бөлімшесі Тәжі-Бек сарайын шабуылдады. АДР басшысы Х.Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б.Кармаль болды.

1980 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық еді.

Ақпанның аяғы. Кабулда үкіметке қарсы жаппай қозғалыс өтті. КСРО елшілігі атқыланды, бірнеше кеңестік азаматттар қаза тапты. Оппозицияның қарулы отрядтарын АДР армиясымен бірігіп талқандау туралы Ауғандағы кеңестік әскери қолбасшылығына тиісті нұсқаулар түсті.

Көктем. 40-армияның қатысуымен Пактия және Газин уәлфяттарында жауынгерлік іс-қимылдар жүргізіліп, І- Панджер операциясы өтті.

1981 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1298 адамынан айырылды, оның 97 қазақстандық еді.

Сәуір. 3 – Панджер операциясы сәтті өтті.

Қыркүйек. Кеңестік және ауғандық әскерлер шартты «Мармоль» атауымен қиын операция жүргізді. Балх уәлаятындағы Мазари - Шариф Оңтүстігіне қарай 25-30 шақырымда тауда орналасқан көтерілісшілер базасы талқандалды.

1982 жылы

Бұл жылы 1948 кеңестік жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 168 қазақстандық қаза тапты.

Мамыр. 40-армияның қолбасшылығына генерал В.ФЕрмаков тағайындалды. Оның басшылығымен Парван, Каписа, Газни уәлаяттарында жауынгерлік операциялар, сонымен қатар Ауғаныстанның Пәкстан, Иранмен шектесетін мемлкеттер шекарасын жабуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

1983 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1446 адамынан айырылды, оның 72 қазақстандық еді.

Мамыр-қыркүйек. Қарсыластармен соғыс барысында 22 жауынгерлік операция жүргізілді. 2800 торауыл қойылып, 17 632 қару бірлігі жойылды. 4334 және1772 мың бірлік оқ дәрі қолға түсті. 103 колонна. Дислокация пунктері атқыланып, 38 минаның жарылуы оқиғасы тіркелді.

1984 жылы

Кеңес әскерінің бұл жылы шығыны 2343 адамды құрады, оның 103-і қазақстандық еді.

Мамыр-қыркүйек. 40-армия 22 жоспарлы, 19 жоспардан тыс операциялар жүргізді. 2084 торауыл қойылыр, 18184 моджахед өлтіріліп, 3839 жеке қару бірілігі қолға түсіріліді. 80 колонна, 96 дислокация пункті атқыланды, 53 мина жарылысы болды, кеңес әскері 886 адамынан айырылды, оның 111-і офицерлер болды. 1958 адам жараланып, оның ішінде 70 мың адамы өліп, 3 минааттар, 50-ден астам мина, ауқымды қару – жарақ, оқ –дәрі қолға түсті.

1985 жылы

Ауғанстанда кеңестік 1868 адам қаза тапты, оның 86 –сы қазақстандық болды.

қазан. Мәскеуде Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару туралы келіссөз қабылданды.


1986 жылы

Ауғанстанда кеңестік 1333 адам қаза тапты, оның 70-і қазақстандық болды.

Сәуір. Кеңес әскерін қалайда Ауғаныстаннан шығару туралы АҚШ-тың №166 Ұлттық қауіпсіздік директивасына қол қойылды.

1987 жылы

3 – қаңтар. Ауғанстан респ.революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу» Декларациясын қабылдады.

1988 жылы

759 кеңес әскері, оның ішінде 44 қазақстандық қаза тапты.

Желтоқсан. Горбачев БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 4- сесссиясында АҚШ пен Пәкістанға арналған инициатива көтерді. Онда 1989 жылдың 1 қаңтарынан барлық соғысушы жақтар арасындағы ұрыс қимылдарын, оппозиция мен үкімет әскеріне қару – жарақ, техниканы жеткізуді бір уақытта тоқтату ұсынылды.

1989 жылы

Кеңестік әскерінің шығыны 53 адамды құрады. Оның 8-і қазақстандық болды.

15 ақпан. Түстен кейін Ауғанстан кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қаласында болған митингіде 40-армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.

«Жауынгер хаты» (авторы М.Сергеев.)

Бауырым, бұл хатымды аласың ба?

Ауғанның тауларының арасында,

Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

Жатырмыз ессіз-түссіз жар астында.

Қоршаудамыз, барады айдан асып,

Анталаған жаулармен тайталасып,

Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,

Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?

Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,

Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.

Түн ортасы басталар қанды қырғын,

Жарылыстан-жарылыс – күл боп ұшқан.

Күні өтеді осылай жастығымның,

Жолдасымның естідім ақтық үнін.

Қансырады, құлады командирім,

Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.

Күліп жатты жалғанның барлығына,

Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!

Көтергенмен рухын жауынгердің,

Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!

Басқа салды, біз көндік, амал қанша?

Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.

Қай бұрышта қалады бас домалап,

Алла білер, жортатын сапар қанша?

Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,

Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,

Бауырым, дән риза мен болар едім,

Осы хатым еліме барып жетсе!

Түсімізге енеді ақ қорымдар,

Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.

Бәрімізде бір арман қоршаудағы;

«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»

1–жүргізуші: Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

6-сынып

1. Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы