Файл: 1 ндірістік практиканы мазмны 6 2 студентті шыармашылы Жмысы 10.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Информатикадан ұйымдастырылатын топтан тыс жұмыстарда оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, тұлға ретіндегі танымдық белсенділіктерін арттырудың және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор.
Яғни, регрессия – көздің оқу-көру кезінде қозғалу жылдамдығы, ал, көру аймағының аздығы, бұл бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе бөлік. Міне, осы факторды ескере отырып, ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек
Ол үшін сабақтарда:
1) түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау
2) екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау
3) мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру
4) өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру
5) тақырыптың кез-келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру
6) жаңылтпаштар оқыту
оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу
8) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу
терминдерді жазғызып, олардың мағыналарын аша білу, қандай сөздерден құралғанын сұрау
0) берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез?
ыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. Онда бірақ оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін деген ойға келеді. Олар оқушылар жаңа өздерінің алдын ала идеяларын айта бастайды және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы айтуға сенімді болады. Осылайша, оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады.
Бірақ, шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші — өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:
— студенттердің шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
— шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Студенттердің шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар:
— тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
— логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
— бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есептер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)
— әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
— қиялдау арқылы сурет салғызу;
— ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
— мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Осындай жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.
Шығармашылқ жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс — әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек.
Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс — әрекеті және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс — әрекеті неғұрлым үйлесімді, икемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық еңбекті талап етеді.
Қорытынды.
Шығармашылық дарындылықтың белгілері әр түрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез-келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. студенттердің білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы студентті шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек.
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса да бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім мапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с., өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технологиялар арқылы оқыту оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды өз бетімен ізденуге де ұмтылдырады.
Біздің осы атқарылып жатқан жұмыстарымыз арқылы оқушылардың өз білімдерін ұштауға, қабілеттерін шыңдауға қосқан үлесіміз деп білемін. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік мені қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Студент тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады.
Практика 5 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысу жұмыстары жүргізілді. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарымды арнайы күнделікке жазып, толтырылды. Топ құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.
Екінші аптадан бастап мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, пәндер бойынша сабақ беру жұмыстары басталдыжәне сынып жетекшілік міндетіқоса атқарылды. Математика және Информатика пәнінен өткен тақырыптарға байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және әдістерін ұғыну жұмыстары орындалды. студенттердің даму деңгейіне диогностика жасау процесііске асырылды.
Жиынтық бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу мақсатында «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» құралындағы тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге сынып пәндерінің оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырылды. Практиканың соңғы күні мектептерде кіші педагогикалық кеңес өткізіліп, практиканттар жұмысына пікір айтылып, баға берілді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.
2.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы /Екінші Басылым/ 2015 ж.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.
4.Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016
5.Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж.
6.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.