Файл: Мектебі Кафедра Химия есеп.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ІІ-ауысым




Басталуы

Аяқталуы

Үзіліс

1

13:10

13:55

5 минут

2

14:00

14:45

5 минут

3

14:50

15:35

20 минут

4

15:55

16:40

5 минут

5

16:45

17:30

5 минут

6

17:35

18:20

5 минут

7

18:25

19:10






Сыныптың сабақ кестесі :






Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

Қазақ тілі

Геометрия

-

-

Қазақ әдебиеті

Өзін-өзі тану

2

Биология

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

Геометрия

Физика

География

3

Алгебра

Орыс тілі мен әдебиеті

Ағылшын тілі

Қазақстан тарихы

Алгебра

Биология

4

Қазақстан тарихы

Дене шынықтыру

Орыс тілі мен әдебиеті

Дене шынықтыру

Химия

Ағылшын тілі

5

Физика

География

Алгебра

Ағылшын тілі / информатика

Орыс тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

6

Шәкәрімтану

Көркем еңбек

Дүниежүзі тарихы

Ағылшын тілі / информатика

Дене шынықтыру

Химия негіздері




СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Психологиялық-педагогикалық іс тәжірибеден өту кезінде 7 «А» сыныбына биология пәнінің мұғалімінің міндетін атқардым. Сыныппен жан - жақты танысуға және оқушылармен жақсы қарым қатынас орнатуды алдыма мақсат етіп қойдым. Іс тәжірибе барысынды бұл мақсатыма толықтай жеттім деп айта аламын. Сынып оқушылары өздерін тек жақсы жақтарынан көрсетті. Жалпы Өскемен қаласы ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ-нің 7 «А» сыныбында 26 оқушы бар. Оның ішінде 14 ұл бала, 12 қыз бала. Сынып жетекшісі Мадина Сайлаубекқызы. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған. Сынып оқушылары жан жақтан жиналғандығына қарамастан , ұйымшыл, бір бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жоғары. Жақсы оқитын балалар саны 3, орташа оқитын балалар саны 10. Ұлдар да, қыздар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке дара ерекшелігін ескере отырып бөледі. Сынып іші топ -топқа бөліну , бір бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Бір-бірін бөліп жармай, бір-біріне жақсы қарайды. Оқушылар ұйымшыл, бір бірімен өте жақсы араласады. Топтық жұмыстарда бірлесіп жұмыс істеп, бір бірлерімен жақсы тіл табысады. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады, яғни ұлдардың қыздарға деген сыйластығы жоғарғы деңгейде. Оқушылардың ынта-жігерлері, білім алуға деген талпыныстары жоғары, әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырманы уақытында тиянақты орындауға тырысады. Алға қойған мақсаттарына жетуге қолдарынан келгендерін жасайтыны көрініп тұр. Оқушылар барлық сабақтарға мол қызығушылықпен, белсенді қатысып отырады.



Сынып жетекшісі: Мадина Сайлаубекқызы
Іс тәжірибеден өтуші: Каухар Лаура Жамбылқызы

Өскемен қаласы ШҚО ББ

«Ш.Құдайбергенов атындағы №1

орта мектебі» КММ-нің 7 «А»

сыныбында оқитын

Төкенаева Айымға

Мінездеме
Төкенаева Айым озат оқушы және сынып басшысы. «Қалалық жол қозғалысы» үйірмесінің белсенді мүшесі. Сабақтан еш себепсіз қалмайды. Барлық пәндерді қызығушылықпен оқиды. Оқушының ерік- жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, білім алуға деген құштарлығы жоғарғы деңгейде. Айым болашақта дәрігер болғысы келеді. Және сол арманына осы бастан дайындалып жүр. Сабақтан тыс волейбол ойнауды ұнатады. Бірнеше қалалық жарыстарға қатысқан.



Айымның психологиялық бейнесіне тоқталар болсақ, оқушы салмақты, өз ойын емін-еркін жеткізе алатын және өзінің белсенділігімен ерекше көзге түсетін, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысатын парасатты, алғыр бала. Сыныптастарымен және достарымен жақсы қарым-қатынаста. Көңілі әрқашан көтеріңкі, белсенді оқушы.

Айым жақсы отбасында тәрбиеленген. Үлкенді құрметтей біледі, кішіге әрқашан көмектесуге дайын.

Айым мектептегі және сыныптағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Сыныбындағы оқушыларды ұйымдастыра біледі, оларды бағалайды. Айым мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен де жақсы қарым- қатынаста. Волейболмен шұғылданады ұнатады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ

КҮНДЕЛІК
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірбие.


Іс-тәжірбиеден өтуші: Каухар Лаура Жамбылқызы
Факультеті: ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғарғы мектебі
Мамандық: Химия-Биология
Курс: 2
Іс-тәжірбие өткен орын: Өскемен қаласы ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ
Кафедра бойынша іс-тәжірбие жетекшісі: К.Канапиянова

Өскемен қ. 2022ж

Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша күнделік-есеп
6В01507 «Химия-биология» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің күндізгі оқу түрі 2 курс білім алушысы
Каухар Лаура Жамбылқызы

(аты-жөні, тегі)


р/с




Іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес орындауға (зерделеуге) жататын жұмыстардың тізбесі

Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері

Ескертпе

басталуы

Аяқталуы




1

Бұл күні мектеп ұжымымен, мектеппен, оның жұмыс бағыттарымен, жалпы ережелерімен таныстым және сыныптарға бекітіліп, сыныптың жетекшісімен таныстым.

Жетекші мұғалім: Сахариева Б.Н



10.05.22ж


10.05.22ж




2

Пән жетекшім Сахариева Б.Н 7 «А» сыныбының сабағына қатысатыным туралы және сынып жайлы аздаған мағлұмат бере кетті. Осылайша, екінші күнім сынып оқушыларын бақылаумен өтті.



11.05.22ж


11.05.22ж




3

Пән мұғалімінің пайдаланып жүрген оқыту, тәрбиелеу құралдарымен, материалдарымен және құжаттарымен, оларды рәсімдеу түрімен таныстым. Мектептегі негізгі нормативтік құжаттармен таныстым. Мұғалімнің күнтізбелік және жылдық жоспарымен таныстым.



12.05.22ж


12.05.22ж




4

Мектеп психологы мен әлеуметтік педагогының қызметімен таныстым. Оқу орнының санитарлық-гигиеналық жағдайлары, физикалық даму ерекшеліктері, күндізгі режимі, оқушылардың диетасы туралы ақпараттармен танысып, сабақтарға қатысу, ашық сабақтар мерзімі, мектепішілік іс-шараны өткізу мерзімін анықтау секілді жұмыстарды атқардым.



13.05.22ж


13.05.22ж




5

Өзіме берілген 7 «А» сыныбының сабағына қатыстым.Оқушыларды онлайн сабақ барысында бақылап отырдым.

Сабаққа қатыса отырып, мұғалімнен өзіме керек тәжірибелер жинадым. Сабақтың тақырыбы: Вирустар – олардың құрылысындағы ерекшеліктері. Сол сабаққа психиологиялық талдау жасадым.



14.05.22ж


14.05.22ж




6

Сынып сағатына қатысып, оған психиологиялық талдау жасадым. Және де сол сынып сағатында тақырыптың нақты қамтылуын бақыладым.



16.05.22ж




16.05.22ж




7

Мұғалімнің сабақта оқытуды ұйымдасатру мен әдістерін таңдап алу іс-әрекетімен танысу. Мекемедегі пән мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудағы басты бағыттарын сұхбат негізінде анықтап талдау жасадым.



17.05.22ж


17.05.22ж




8

Пән бойынша сабаққа қатысып, ондағы оқушылардың қызығушылығын,сабаққа қатысуын бақыладым.



18.05.22ж


18.05.22ж




9

Психиологиялық мінездеме жасауға мәліметтер жинап, 1 оқушыға мінездеме жаздым.



19.05.22ж


19.05.22ж




10

Практика бойынша есептік құжаттарды әзірледім.



20.05.22ж


20.05.22ж







Студенттің қолы____________________

«______» ____________________2022 ж.

_________іс-тәжірибе жетекшісінің ______________Аты-жөні
2. студент-практикантты мадақтауы мен пікірі

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. _______іс-тәжірибе жетекшісінің қорытындысы (ұйым, кәсіпорын, мекеме)_____ Аты-жөні

«______» ____________________2022 ж.

, С.Аманжолов атындағы ШҚУ

ІТ және Жаратылыстану ғылымдары . жоғарғы мектебі 6В01507 . «Химия-биология» 2 курс білім . алушысы Каухар Лаураға

МІНЕЗДЕМЕ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғарғы мектебі факультетінің 6В01507 «Химия-Биология» мамандығының күндізгі оқу түрінде оқитын 2 курс студенті Каухар Лаура Жамбылқызы Өскемен қаласы ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ-де ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралықтарында психологиялық-педагогикалық іс-тәжірбиеден өткен болатын.

Іс-тәжірбиеден өтуге мен Сахариева Балнур Назымовна жетекшілік жасадым және білім алушыны 7 «А» сыныбына бекіттім. Білім алушы студент толықтай менің бақылауымда болды. Іс-тәжірбие кезінде Лаура өзінің ізденімпаз, алғыр, зерек және балаларды жақсы көретінін байқата алды. Жауапкершілігі, талабы жоғары бала. Балалармен де тез тіл табыса алды. Әрине, кейбір оқушылармен қиыншылықтар болды. Бірақ, ол қиыншылықтарды Лаура шеше алды. Сабақ үстінде барлық баланың мінез-құлықтарын, көңіл күйлерін бақылап үлгереді.

Жалпы айтқанда, Лаура мінезі ашық, үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Жасаған ісіне тиянақты, жауапкершілігі мол білім алушы. Сынды дұрыс қабылдап, жіберген кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Әрбір оқушыны сыйлай біледі. Тек сабаққа ғана емес, сондай-ақ мектеп шараларына да белсене араласып кетті. Лаураны болашақ мұғалім ретінде көре алдым.

Алар асуы, жетер жетістіктері көп болсын. Мен болашақта Лаурадан білікті де үлгілі маман шығатынына сенімдімін.

Психологиялық-педогогикалық іс-тәжірибесі өту кезінде орындаған жұмысының нәтижесі «______%» бағаланады.
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша баға _____
Жетекші мұғалім: _________ Сахариева Б.Н
Мектеп директоры: __________ Сайлаубек Ә
«_____» 05. 2022ж