ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 74
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сценарий тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!Сценарий мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Сценарий барысы: Кіріспе.Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.2-жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.1-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.2-жүргізуші:Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.1-жүргізуші:Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!Хор: «Наурыз той»Ая: Қыс өтіп қар кетті, Жырлайық жаз жетті. Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз!Жазира:Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.Айжан:Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз: Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр-аңыз.Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.1-жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз, Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз. Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп, Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.2-жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.1-жұп: Дильназ бен Арсен, 2-жұп: Бержан мен Гүлжан, 3-жұп: Меруерт пен Айдын.1-жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.1-бөлім: «Кел, танысайық» 2-бөлім: «Ағаш көркі жапырық»
3-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» 4-бөлім: «Мені жалғастыр» 5-бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты. Бізге айтып береді, Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен, Мейірім танысын деп тасып өткен. Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, Бақытты Наурызы бар халқым неткен!1-жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,» Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы. Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі, Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.2-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.1-сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 2-сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см) 3-сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су) 4-сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет) 5-сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.) 6-сұрақ: Жұмбақ. Ағаштардың көсемі Мәңгі жасыл бұтағы. Мекен ғып тау өлкені, Кәусар ауа жұтады. (Шырша)Альбина:Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің. Жылыттың жердің жүрегін, Жүрегі елдің жылысын.Берекет:Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін. Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін!Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.1-жүргізуші:Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік. (Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)Ақмерей:Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым.Аркен:Наурыз – достық, Наурыз – күн, Барша халық бірлігі. Тағы келді Ұлыс күн, Жалғасып ғалам тірлігі.Ақниет:
Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр-аңыз. Қызық думан – мереке, Қызық думан құрамыз.2-жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады. Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.1) Әдепті бала – арлы бала,............................................Өлеңді жалғастыр................. тоңбаймын,.................. қорғаймын.Ойынға бір. ..................Секеңдеуді . ....................2) Таулы жер бұлақсыз болмас,...................................................Өлеңді жалғастыр..................... сайрайды,..................... жайнайды....................... құлпырып,....................... сыйлайды.3) Бір тал кессең -. .........................Өлеңді жалғастыр.................. атпаймыз,................. сатпаймыз................... қорғаймыз,................. ақтаймыз.1-жүргізуші:Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көреген тон пішер» деген рас, Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.2-жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.1-жүргізуші:Көрсетті өнерлерін жаңа ғана, Сыналып үлкендерден үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.2-жүргізуші:Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? (Хормен) Наурыз!1-жүргізуші:Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!2-жүргізуші:Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата-аналарға беріледі.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22_nauryiz_2016/37021/