Файл: Басшыны жанындаы кеес, желтосан, 2022 Павлодар аласыны 38 негізгі жалпы білім беретін мектебі кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Басшының жанындағы кеңес, желтоқсан, 2022

Павлодар қаласының № 38 негізгі жалпы білім беретін мектебі КММ

Қысқы демалыс кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есеп

Қысқы демалыс кезеңінде ұйымдастырылатын іс-шаралар №38 негізгі жалпы мектебінде ауқымды түрде жоспарланды. Барлық сынып жетекшілер өз сыныптарының мүдделері мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, демалыста өз жұмыстарын жоспарлады. «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» атты ұсыныстар қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

Қысқы каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік жоспар бойынша түрлі шаралар өткізілді.



Қысқы демалыс іс-шаралары 2“А”,4“В” сыныптарынан бастау алды.Оқушылармен “Алтын тірегім отбасым” тақырыбында мақал-мәтел сайысы өткізілді оқушылар өз білімдерін көрсетті.

4-Қаңтар күні 2Б-4Б сыныптарында «Ертегілер еліне саяхат» іс-шарасы өтті.Оқушылар ертегілер мен ертегі кейіпкерлерін танып,өз білімдерін көрсетті.



9А сынып оқушыларына «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында сынып сағат өткізілді.Оқушылар сөйлеу,ойлау қабілеттерімен жарысып,қызықты ақпараттармен бөлісті.



Қысқы демалыс уақытында 1Б сыныбының оқушыларына «Қысқы суреттеме» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.Мақсаты:сурет салудың жаңа техникасымен таныстыру-майшаммен сурет салу,жұмысты аталмыш техникамен орындау.



3А-2В сынып оқушыларымен «Мен оқыдым,сенде оқы» атты дөңгелек үстел өткізілді.Онда ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен,әндерімен танысып,өлеңдерін тыңдады.




Қысқы демалыс уақытында 1А сыныбының оқушыларына «Кім жылдам» атты математикалық жарыс өткізілді.



Қысқы демалыс уақытында 1Ә сынып оқушылары «Бірге аққала жасайық» атты іс-шараға орай қолдан аққала жасады.

Талдау және қорытынды:

Балалар қысқыіс-шараларға белсенді қатысты, маусымдық іс-шаралар туралы көп білді, туған өлкенің табиғатындағы өзгерістер байқауларында шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Оқушылар қысқы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдаланды.

Тәлімгер:Мұрат Ш.М