Файл: Сценарий Таырыбы Анадан уат алан жарты алам, Біз шін Ана деген алтын алам.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: «Анадан қуат алған жарты ғалам, Біз үшін Ана деген алтын алам»
Сыныбы: 9
Мақсаты: аналарды, ұстаздарды,әйелдер қауымын аналар мерекесімен құттықтау
Барысы: сахна жабық тұрады, оқушылар сахнаның артында тұрады. Оқушылар билеп сахнаны ашады.
1 - жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Алма апайға және Қарлығаш апайға сөз кезегін береміз.
2 - жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе Рутел Нұрсая қыздарыңыздың «Мың алғыс саған ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім - кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
2 - жүргізуші:
Ана деген - бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баласы бар
ВАЛЬС (ер балдар аналарымен бірге)
2 - жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар
Ән:
Орындайтын : Руфина
2 - жүргізуші:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл – қыздарыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар! ВАЙН
1-жүргізуші:
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
Ойын: (аналармен ойын жүргізіледі) С Д Қ Т Р Л Ж Н әріптері таратылып беріледі. Аналар қойылған сұрақтарға қолдарындағы әріпке қарап жауап береді.
-
Есіміңіз кім? -
Бүгінгі концертке немен келдіңіз? -
9-сыныптағы балаңыздың аты кім? -
Бүгін қандай мереке? -
Аналарға қандай тілек білдіресіз? -
Күйеуіңіздің аты кім? -
Отбасыңызда неше адам бар? -
Бүгінгі көңіл-күйіңіз?
2 - жүргізуші:
Қамымды ойлар күн - түні,
Анам - менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім,
АНАЛАРЫНА ТІЛЕК АЙТЫП, СЫЙЛЫҚТАРЫН ҰСЫНАДЫ (Бозторғай Ана әні қосылып тұрады)
1 - жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2 - жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Нұрсая мен Руфинаның «Сенің анаң алтын» әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,
ӘН: «БАҚЫТ ДЕГЕН»
ОРЫНДАЙТЫН: ХОР
1 - жүргізуші:
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Анадан қуат алған жарты ғалам, Біз үшін Ана деген алтын алам
» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!