Файл: Мектеп Мектеп Ж.бдірашев атындаы 62 мектеплицей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп: Мектеп: Ж.Әбдірашев атындағы № 62 мектеп-лицей

Сабақ тақырыбы: Тарау 8.3.4 Биосфера

Материктердің табиғи зоналары

Күні

Мұғалімнің есімі: Алимбетова Гулназ


Сынып 8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


8.3.4.3.түрлі материктерде орналасқан ұқсас табиғи зоналармен биіктік

белдеулерді салыстыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Материктердегі табиғат зоналарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;

Оқушылардың басым бөлігі: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерделейді және Қазақстан мысалында көрсете алады.

Кейбір оқушылар:

Табиғат зоналары және биіктік белдеулерді график,диаграмма түрінде

көрсете алады, тақырыптық карталарға анализ жасай алады.


Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерді салыстырып, ерекшеліктерін

анықтайды.

Биіктік белдеулерді график,диаграмма түрінде көрсете алады.

Қазақстанның табиғат зоналарының таралуы мен қалыптасу заңдылықтарына талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Оқылым: Оқушылар материктер мен тауда табиғат зоналарының ауысу себебін анықтайды.

Тыңдалым: Топпен бейнематериалды көріп, талдай отырып пікірлеседі, бірін – бірі тыңдайды.Видеоақпараттар негізінде сұрақтарға толық жауап бере алады.

Айтылым, жазылым: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердегі

мәліметтерді графикалық талдау жасайды, салыстырады.Географиялық

терминдердің дұрыс айтылуын және жазылуын, үш тілдегі аудармасымен

жұмыс істей алады.


Терминология: Ылғалды, мәңгі жасыл ормандар, ауыспалы ылғалды ормандар, саванна,Сахара шөлі,пампа,прерий

Пампа-пампа- Pampa Прерий---прерий- Prairies Cаванна-саванна-Savannah

Сөз тіркестері:

---- - бұл материктегі ең ұзын тау тізбегі.

Ормандар мен қисық ағашты ормандар шегінен жоғары, биік таулы белдеуді...........деп атайды..

Биіктік белдеулік---

Ендік зоналылық жазықтарда экватордан---

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс кезінде ынтымақтастыққа, құрмет көрсетуге, шығармашылыққа, талқылаған кезде ашықтыққа, өмір бойы білім алуға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, экология, математика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда

ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында

жүзеге асады. БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Биосфера бөлімі. 8.3.4.2.Табиғат зоналарын жоспар бойынша сипаттайды.

Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер туралы біледі;

Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасу шарттарын түсіндіреді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10 мин

Сыныптың ахуалын қалыптастыру, топқа бөлу.

Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері»

Сабағымызды бастамас бұрын, шаттық шеңберін құрайық. Шеңберге тұрып бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, күлімдеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық.

Сынып оқушыларын табиғат зоналарына тән өсімдіктер мен жануарлардың суреттері бойынша 3 топқа бөлу

«Ой қозғау» стратегиясы бойынша мұғалім бейне ақпарат көрсетеді. «Кинометафора әдісі»

Бейне көрсетілім (Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердың қалыптасу заңдылықтары)

Түрткі сұрақ: Жер шарындағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу заңдылықтары туралы не білеміз? (оқушылардың ойы тыңдалады).

Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

ҚБ: Мадақтау



Үлестірмелі суреттер.
(Орман,дала,

Шөл,шөлейт

өсімдіктері мен

жануарлары)


https://bilimland.kz сайытынан тақырыпқа сай видеоматериал


Ортасы

20 мин

Мәтінді,атлас,тақырыптық картаны пайдаланып Венн диаграммасы арқылы табиғат зоналарын салыстырыңыз.

1.топ Тайга мен тундра

2 топ Шөл мен шөлейт

3 топ Орманды дала және дала

Ұқсастықтары

Ерекшеліктері

Ұқсастықтары










Дескриптор:

- мәтінді оқиды;

- Жеке табиғат зоналарының ерекшеліктерін анықтайды

- берілген табиғат зоналарына талдау жасап, салыстырады.

Саралау әдісі (дифференциация) тапсырмасы:

Топтық жұмыс: «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы топтық тапсырма орындау.

1.

Оқулық мәтінін, табиғат зоналар картасын пайдаланып Оңтүстік Америка мен Африканың табиғат зоналарын анықта, ұқсас екі табиғат зонасын салыстыр. Табиғат зоналарындағы ерекше жануарлар мен өсімдіктердің аттарын жаз.

Дескриптор:

-Африканың табиғат зоналарын атайды

-Оңтүстік Американың табиғат зоналарын атайды

-ұқсас табиғат зоналарын анықтайды

-экваторлық ылғалды ормандар

-саваналармен сирек ормандар

- жануарлардың атын жазады

-ерекеше жануары мен өсімдігінің аттарын жаз.

2.

Суретте берілген таулардың биіктік белдеулерін салыстырып,биіктік белдеулеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, биіктік зоналары санының өзгеруіне мысалдар келтіріңіз.







Анд

Гималай

ұқсастығы

Биіктік белдеулерінің санын анықтаңыз










Биіктік белдеулеріндегі ұқсастықтарды жазыңыз










Биіктік белдеулеріндегі айырмашылықтарды анықтаңыз










биіктік зоналарының сандық өзгерісіне мысал келтір












3. «Мені түсін» әдісі

1.Сурет бойынша ендік табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіріңіз



«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» топтық жұмыстың әрқайсысына екі жақсы жағын және бір ұсыныс айтылады

Кері байланыс:

Сізге топта жұмыс жасау ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?
Сергіту сәті:Көңіл күйді көтереді , ынтамақтастық орнайды

«Тропикалық жаңбыр» оқушылар жаңбырдың қимылын жасайды.

ЖЖ

1.Қазақстанның табиғат зоналарының таралуына диаграмма немесе график құру.

ЖЖ

2.Өзің тұратын аймақтағы табиғат зонасының өзіндік белгілерін,негізгі өсімдіктері мен жануарларын, олардың табиғи орта жағдайына бейімделу белгілерін сипатта. Шөл жағдайында қандай сақтық шараларын басты назарда ұстау керек?

3. ЖЖ. «Құрастыр және жауап бер» әдісі

Кестеде берілген бақылау пунктінің ылғалдану коэффицентін есептеп,сол пункт тиесілі болатын ылғалдылық зонасы мен болуы

мүмкін табиғат зонасын анықтаңдар


Бақылау пункті

Жылд.

орт. ж-ш мөлш.мм

Буланғыш

тық,мм

Ылғалд. коэффиц.




300

125







750

450







400

400







238

1250





Бағалау критерийі: Табиғат зоналарының қалыптасу шарттарын сипаттай алады;

Дескриптор

- Ылғалдылық коэффицентін таба алады;

-Жер беті ылғалдану зонасының ерекшелігін ажыратады;

-Ылғалдылық коэффицентіне сәйкес,болуы мүмкін табиғат зоналарын анықтай алады;

ЖЖ

4. Қазақстандағы биіктік белдеулердің жиынтығын, негізгі өсімдіктері мен жануарларын, олардың табиғи орта жағдайына бейімделу белгілерін талдау.

ЖЖ.

5.Пампа зонасын Солтүстік Американың прерий зонасымен салыстырып,өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын сарала.

Кері байланыс айтылады

«Дәптер алмасып, смайлик сыйлау»

1.Ж. Қалыптастырушы бағалау.


Бөлім

Тақырып

8.3.4 Биосфера

Материктердіңтабиғи зоналары

Оқу мақсаты


8.3.4.3.түрлі материктерде орналасқан ұқсас табиғи зоналармен

биіктік белдеулерді салыстыру

Ойлаудағдыларының деңгейлері

Талдау, салыстыру

Бағалау критерийлері


Табиғат зоналары мен биіктік

белдеулерді салыстырып,

ерекшеліктерін анықтайды.

Биіктік белдеулерді график,

диаграмма түрінде көрсете алады.

Қазақстанныңтабиғат зоналарының таралуы мен қалыптасу заңдылықтарына талдау жасайды.




Картамен жұмыс
1.Материктің климаттық,физикалық,табиғат зоналары картасын пайдалана отырып, Солтүстік Америка материгінде табиғат зоналарының солтүстіктен оңтүстікке,батыстан шығысқа қарай өзгеруін түсіндіріңіздер







Бағалау критерийі

Дескриптор


Ендік табиғат зоналарын және биіктік белдеулерді салыстырып, ерекшеліктерін ажыратады;


-Экваторлық орман зонасы мен қоңыржай белдеудің орман зонасын салыстырып,ерекшеліктерін ажырата алады;

-Екі табиғат зонасының ұқсастығын анықтайды;

-Ендік табиғат зоналарының өзгерісіне мысалдар келтіріп, түсіндіреді;

-Солтүстік Америка материгіндегі табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшеліктерін сипаттай алады;

-Таулардағы биіктік белдеулерді салыстырып,ерекшеліктерін ажыратады;

− Биіктік зоналарының сандық өзгерісіне мысал келтіре отырып,түсіндіреді.


2. Ж «Ерекшелігін тап» әдісі

Берілген сипаттау мәтіндерінен табиғат зонасын анықтаңыз:

1.Материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Бұл зонаға солтүстік бұғыларының айрықша түрі – карибу тән. Табиғат зонасы оңтүстігінде тайгаға ұласады.

2.Қоңыржай белдеудің табиғат зонасы, мұнда шілденің орташа температурасы-22-32С, ең жоғарғы температура-50С. Топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. Жылдық жауын-шашын мөлшері-175-200мм.

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Жеке табиғат зоналарының ерекшеліктерін анықтайды

- мәтіні берілген табиғат зоналарына талдау жасайды


С.

Тапсырма. Оқулық мәтінін пайдаланып суретегі әр түлі материктердегі дала зонасына талдау жасап салыстыр, сызбаны толтыр.

А)



Ә)Дала жануарлары



Б) Шөлейт және шөл зонасының жануарлары



В) Экваторлық ормандар зонасының жануарлары



Интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын көрсету арқылы топ басшылары бағалау жүргізеді.

Оқулық

«Мектеп» баспасы

Сурет,атлас карта
Оқулық,карта (климаттық, физикалық,

географиялық белдеулер мен табиғат зоналары),мәтін

Үлестірмелер . Таратпа материалдары

Кесте Интербелсенді тақта



Аяқталуы

7 мин

Кері байланыс
3 мин

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Материктердің табиғат зоналарында қандай айырмашылықтар бар?

  • Ендік зоналық пен биіктік белдеуліктің таралуын сипаттайтын айырмашылық қандай?

  • Оңтүстік Америка жерінде Африка және Аустралиямен салыстырғанда не себепті шөлейттер мен шөлдер аз?

  • Аустралия табиғатының ең басты ерекшеліктері неден көрінеді?





  1. Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер туралы білдім

  2. Табиғат зоналарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата аламын.

  3. Әр зонаға тән өсімдіктер мен жануарларды және олардың зонаға бейімделуін білдім.

Стикерлер арқылы.





Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

1. Жаңа сабақ барысында топтық, жұптық, жеке тапсырмалар беру арқылы қажетті ұғымдар мен терминдерді білуге көмек көрсетемін. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара көмек көрсетеді.

Кейбір оқушылар нұсқаулық бойынша өте жақсы жұмыс жасайды. Әр оқушының сөйлеуі олардың тілдік қорын дамытады.Қабілеті жоғары оқушыларға кеңейтілген сұрақтар беріледі. 2. Барлық оқушылар материктердегі табиғат зоналарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;

3. Оқушылар табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің

қалыптасу жолдарын сипаттайды ,табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін салыстырып, ерекшеліктерін ажыратады

4. Ақпаратпен жұмыс істеу және картамен жұмыс iстеу дағдыларын дамыту негізінде оқушының сабақта оқу мақсатына жетуі үшін өзін-өзі реттеу арқылы ойлау және іс-әрекетін жоспарлау дағдыларын дамыту үшін картамен жұмыс жүргізіледі.

5 Мұғалім мен оқушының өзара бірігіп әрекет етуі мақсатында диалог жүргізіледі.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Қалыптастырушы бағалаужда дескриптор арқылы бағалау. «Мадақтау»,«Екі жұлдыз,бір ұсыныс», «Дәптер алмасып, смайлик сыйлау»,өзара бағалау әдістері қолданылады.Оқушылар жұптарын, топтар бір-бірін өзара бағалайды.Жеке оқушыларды және топтарды мадақтау арқылы қолдау.

Сабақтың қорытынды бөлімінде сабақты бекіту мақсатында ретінде ««Рефлексиялық шеңбер» әдісі арқылы өзіндік дербес бағалау қолданылады.

«Табыс сатысы» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.