Файл: Батыс азастан облысыны олимпиадасы . Кекілбаевты Шандоз деректі тарихи баяндаы тарихи фактілер мен деректер Орындаан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 62

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф.Генс Бөкей ордасын «ақсүйектік –зиялы хандыққа» айналдыру бағдарламасын жасаған. 1826 жылы оны І Николай патшаға көрсетіп, мақұлдап та алған. Бұл құжат «Ішкі Бөкей ордасын басқару тәртібі» деп аталады. Онда төмендегі іс-шаралар ұсынылды:

1) Хан басшылығы Астраханьдағы бөтен ұлттарға қамқорлық басқармасына тәуелді болуға тиісті, ханның ісқағазын жүргізу үшін орыс кеңсесі құрылысын.

2) Қазақтардың орысқа бойын үйрету үшін мерзімдік жәрмеңкелермен бірге хан ордасында үзбей сауда жасайтын мекеме болғаны жөн.

3) Жерді ру-руға бөліп беріп, қазірден отырықшылықты құптаған жөн, келешекте оларды болыстарға, ауылдарға бөлшектеу.

4) Ордада орыс тілін орнықтыру үшін училище ашу керек.

5) Ордада дәрігер, малдәрігері, акушер ұстау керек.

Құжат Ішкі Бөкей ордасының дамуы мен орыстандыру бағарламасында жазылып- сызылып, кешікпей жүзеге аса бастады. Әсіресе, бағдармаланың 3-бабы халыққа ауыр тиді. «Жер ру –руға бөліп беру» болмады, оның орнына Ішкі Орданы аудандастыру қолға алынды. Жер тегін берілмей, сатып берілді.

Г.Ф.Генстің Ішкі Орданы орыстандыру бағдарламасы Орынбор әкімшілігінің аузымен, Жәңгірдің қолымен істелді. Сонда оған қарсы бас көтерген Исатай мен Махамбет жазықты болмақ па?

Әңгіме Жәңгір ханда емес. Одан әріректе.

Махамбет пен Исатай күресінің алтын қазығы – «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім» деп қазақ даласын қос өкпесінен сығып бара жатқан отаршылдық құрсауына қарсы қайрат көрсетуі мен «қорлықта жүрген халқыма Бостандық алып берсем деп» азатшыл арманында. Махамбетті іздесек, дәл осы жолдар төңірегінен іздейік.

Махамбет ешкімнен нан сұрайтын жағдайда болмаған. Елі де болған, жері де болған. Қадыр мен қасиеті көп –көп адамнан асып та тұрған. Бірақ оларға халқының бостандығы мен азаттығы бәрінен артық болған. Оның қарекеті бұл ретте «алтынмен соқсаң да бұғаудың аты бұғау» деген араб даналығымен сәйкес келеді. Ол бостандық үшін өзінің қара басының қам – қарекетін тәрк еткен. Яғни, Махамбет елінің қанын сүліктей сорып, жеріне күйе боп түскен отаршылдық жүйемен күресті. (Темірхан Медетбек «Алтыннан соқса да бұғаудың аты бұғау» «Жас алаш» №95 10 тамыз.2002.)

Академик З.Қабдолов «Махамбет өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат» - деп атап көрсеткендей, Махамбеттей баһадүр ақынның ұлы тұлғасы қазақ халқының жауынгерлік қасиетінің, ерлік дәстүрі мен ұлттық классикалық мұрасының өзіндік қайталанбас ерекшелігін айғақтайды.


6

Енді «Шандоз» шығармасының жалпы болмысына келсек, ол 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің тақырыбы Махамбеттің өлең жолдарымен беріліп отырады. Жазушының тақырып пен мазмұн арасындағы үндестікті тап баса білуі - оның Махамбет тақырыбына үлкен дайындықпен келгендігін көрсетеді. Автор ақын жырларын кезеңдерге бөліп, анықтап көрсетеді және « ол тек бір автордың төл перзенті ғана емес, қазақ ұлт – азаттық қозғалысындағы елеулі кезең болған атақты көтерілістің ортақ манифесі – басты байыптамасы мен бағыттамасы сияқты еді» дей келіп, кей өлең қай тұста жазылды, қандай жағдаятқа қатысты жазылды деген сұрақтарға дәлелді дәйектер ұсынады.

Махамбет жырларын мазмұнына қарай:

  1. Ордада жүргендегі өлеңдері;

  2. Нарын жырлары;

  3. Жайық сыртында туған шығармалары – деп үшке бөледі. Тек

шығармашылығы ғана емес, өмірінің де үш кезеңі. Автор қай кезеңде қандай сарын, қандай мазмұн басым болды, оны да дәлелдеп бағады. Ал

Жайық сыртында туған шығармаларын хронологиялық жағынан:

  1. Исатай өлгенге дейінгі;

  2. Исатай өлгеннен кейінгі жырлар – деп екіге бөледі.

Махамбет ақын өз шығармаларын халыққа ұсына отырып, өзіндік ерекшелігі бар, қайталанбас образдар тобын да әдеби ғылымға әкеп қосты. Аталған образдар тек Махамбат жырларында кездеседі.

Исатай құр ғана әдеби қаһарман емес, тарихи адам.

Исатай бейнесі қандай еді?

... Исатай беріш руының ағатай деген тармағынан шыққан. Үлкенді сыйлап, кішіні тыңдампаз,тым ақкөңіл адам болыпты. Руы –Жаппас. Досұлы Нұртаза деген қарттың айтуы бойынша, оның әке-аталары Исатайды өте көркем деп айтады екен. Топтың ішінде басы шығып, көрініп тұратын биік те екен.

... Исатай Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы жорықтарға қатынасып, жасынан батырлығымен аты шықса керек. Исатайдың жасынан турашыл, әділ, бертін келе әрі батыр, әрі би болғаны айтылады. Осындай адамдық, абзал қасиеттерімен ол жасынан-ақ ауызға ілігіп, ел билеу ісіне араласады.

Әкесінен айырылғанда, Махамбет 14-те екен. Жәңгірге айтқан бір өлеңінде Махамбет:

... Арыстан еді-ау Исатай,

Нетесің, тақсыр, табалап.

Құрттайымда өсіп ем,

Бауырында паналап,- дегеніне қарағанда,ол Исатайға бала кезінен бауыр басып, қасында жүрген секілді. Қалай болғанда да, Өтеміс ұлдары Исатайға шын берілген. Өтемістің сегіз баласы 1834 жылдан бастап, төрт жыл бойы Исатайдың қасында болуы осыны айғақтайды. (Қазбек Құттымұратұлы «Бізге Махамбеттің өзі керек, ісі керек», «Аңыз адам» №9 2011.)

«Шандозда» көтеріліс тарихи жаңа қырынан көрінеді. Өткен –кеткен тарихтан белгілісі, Исатай – Махамбет көтерілісі кеңес үкіметі тұсында феодалдық езгіге қарсы таптық күрестің көрінісі ретінде түсіндіріліп, тар шеңберде сипатталып келді. Отаршылдыққа қарсы әділ бағасын ала алмады. Сондықтан да бұл мәселеге орай, «Шандозда» тың пікірлер мен деректер молынан ұшырасады.



7

Тарихи баянды оқи отырып, көтеріліс тарихынан бұрынғы жағдайларға, арыға, тарих қойнауына еніп кетесіз.

Мәселен, мына бір үзіндіге назар аударайық : «Патша идеологтары Исатай мен Махамбет қозғалысының «діндер соғысына» айналмауын қалай құнттаса, ұлт – азаттық қозғалысына айналмауын да солай құнттады.Сондықтан олардың бір тобы оны үйреншікті «феодалдар соғысына» ауқымына қарай ойыстыруға тырысты» делінген.

Қорытынды: Жұмысымызды саралай келе, мынандай қорытындыға келдік:

Біріншіден,

Түйіндей келсек, Махамбет – ғасырдан – ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Автор сөзімен түйіндесек: «Оның өмірі мен өнері ақиқат пен әділдікке бас ұрып өтер барша адамзатқа әрдайым түсінікті, әрдайым қастерлі».

Екіншіден , жергілікті жерлердің, өңірлер мен аудандарда аңыз болып таралған әңгімелер мен тарихи тұлғалар жөнінде аңыз болған мәліметтер бар екендігіне көз жеткіздік.

Үшіншіден, кез келген аймақтың жер – су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректерді, географиялық мәліметтерді, географиялық сыр - сипаттарды сақтап отырады.
Ұсыныс:

Жалпы жұмысымды қорытындылай келе, туған өлке тарихын насихаттау оқушылардың ой – өрісін дүниетанымын кеңейтіп, өлкенің тарихын, мәдениетін тануға, білуге үйретеді деп, мынадай ұсыныстар жасағым келеді:

Қазақ халқы өжет, текті ұлдарын қастер тұтқанын куә болып, Махамбет, Исатай секілді батырларды ұлықтау, тарихи тұлғаларға тағзым жасауға жас ұрпақты тәрбиелеу, «Тарихи тұлғаларға тағзым» жобасын жасау;

Жәнібек ауданы Борсы ауылы бетіндегі аталмыш өзен қазақтың кәдуілгі «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын батырдың жылқыларын суарған суаты болған құндылығын ескере отырып, Ғұмар Қараш кесенесімен байланыстыра отырып, өмірінің соңғы жылдары өткізген Жәңгір ханның мекені ретінде тарихи деректерді таныту, деректер жинақтау;

Жергілікті жерге қатысты зерттеу жұмысын ары қарай жүйелі түрде жүргіземін.

8

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Т.Боранбайұлы «Жәңгір хан». «Абзал-Ай» баспасы,2020.

2. Темірхан Медетбек «Алтыннан соқса да бұғаудың аты бұғау». «Жас алаш» №95. 10 тамыз, 2002.

3. Қазбек Құттымұратұлы «Бізге Махамбеттің өзі керек, ісі керек». «Аңыз адам», №9. 2011.

4. Тілекқабыл Боранғалиұлы «Қызғыш құс». «Егеменді Қазақстан», 25 ақпан 2003.

5. Ә.Кекілбаев шығармашылығы. Алматы: «Қазақ әдебиеті» баспасы,2020.


-336.

6. Ә.Кекілбаев «Шандоз». Алматы: «Арыс» баспасы,2004.

Аннотация
Ғылыми жұмыс Ә.Кекілбаевтың «Шандоз» атты деректі – тарихи баянды зерттеу бағытындағы шығармашылығына арналған. Еңбекте Махамбет батыр, Жәңгір хан, Өтеміс, Исатай сияқты әр алуан тарихи түлғалардың болмысына талдау жүргізіледі. Алынған тақырып аясына сай атауларға тексеріс жасалып, жергілікті өлкетанушылардың еңбектерін негізге ала отырып, тақырыпты аша білген.

Мәселен, этикалық бірліктің поэтикалық баянындай халықтық туынды – «Ер Тарғын» сынды жыр – дастан арқылы ерлікті ардақтап, елдікке үндеген.

Жергілікті жер атаулары зерттеу обьектісі ретінде алынып, тиісті қорытынды жасалды. Олар туралы тың деректердің бәрі ғылыми жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығын айшықтай түседі. Бұл еңбегі жалпы Жәнібек өңірінің тарихын зерттеушілер үшін аса құнды екенін атап айтуға болады.

«Ер Тарғын» жырын оқи жүріп, өзен мен батырдың есімінің сәйкес келуін көркем оймен өз жұмысында көрсете алған.

Жәнібек жұртына атақоныс болған жерлерге тереңнен үңіле, ізденіс жүргізе отырып, өзін қызықтырған тақырыптың тың екендігіне көз жеткізе білді.

Жұмыстың жаңалығы сол - оқырман бір көз жүгіртіп оқығанда танып алуы қиын өмірдің шындық суреттерінің астарын айыра ашып беруге талпыныс жасауымен ерекшеленеді.

Жұмыстың өзектілігі сол – кез келген аймақтың жер –су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректерді, мәліметтерді, сыр- сипаттарды сақтап отырады, кейінгіге үлгі болар және өнегелі сөз болар жер –су атауларын танып-біліп, талдай білуі деп бағалаймын.

Зерттеу нәтижесінде өзін толғандырған ой-пікірлерін ұсыныс етіп түсірген. Ел азаматтарымен сыр – сұхбат жүргізіп, мәліметтер жинақтауы, қағаз беттеріне түсіруі және Нұржан Төлепов ағаның көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа қаншама тарихи оқиғаларды бастан кешсе де, күрделі өзгерістерге ұшырамай сақталған деректерді ұғындыра білуімен ерекше.

Қорыта айтқанда, бұл жұмысты өз еңбегімен, өз ізденісімен жазылған шағын ғылыми-әдеби туынды деп есептеймін және лайықты бағасын алар деген ойдамын.

.