Файл: Алабас1 шаын жинаты жалпы орта мектебі мдтіжоны 20222023 оу жылыны атаран ісшараларды мліметі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Алғабас-1» шағын жинақты жалпы орта мектебі МДТІЖО-ның 2022-2023 оқу жылының атқарған іс-шаралардың мәліметі
1 қыркүйек - «Білім күні» барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Алғашқы күннен оқушыларға санитарлық нормаларды сақтауға нұсқаулықтар үйретілді.

Сынып бөлмелері мен фойе, дәліздерді гүлдермен толықтыру, көркейту қолға алынды.

Оқушыларды күн режимімен, міндет-құқықтарымен, жалпы мектеп ережесімен таныстыру сынып сағаттарында жүзеге асты.

Жолда жүру ережелерімен, адам өмірінің қауіпсіздігі туралы нұсқау беру, хаттамалау «Сынып жетекшісінің тәрбие журналына» жазылды. Тексеріліп, бекітілді.

Мұғалімдердің мектептегі кезекшілік кестесі бекітіліп, міндеттері таныстырылды.

Рейд кестесі бекітіліп, бұйрығы шығарылды. Мұғалімдер «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шаралары жүргізілді.

Сынып жетекшілерінің іс-құжаттары тексеріліп, ұсыныстар берілді.

Жолда жүру ережелері мен көлік апатынан жарақаттанудың алдын алу туралы апталық тәрбие сағатында таныстырылды.

Өзін-өзі басқару ұйымы, яғни мектеп парламенті сайланды. 8 фракция жетекшісі сайланды. Бұл шара мектеп жиналысында өтіп, хаттамаланды.

«Тілдер күні» мерекесіне орай сыныптар газеттер шығарды. Акт залында санитарлық шараларды сақтай отырып, концерттік бағдарлама қойылды. Белсенді оқушылар марапатталды.

Үйірме жұмыстарын үйлестіру ҚББП Мейрбекова Пернекулге жүктелді. Мынадай үйірмелер құрылды: домбыра, би, туризм, шахмат, волейбол, баскетбол. Үйірмеге жалпы оқушылардың 80%-ы қамтылған.

Кибербуллинг жөнінде сынып жетекшілер Астана қаласының «Өрлеу-РК» оқу орталығының 8 сағаттық курсына қатысып, сертификаттарын алды.

ЮПБ инспекторы А.Бекназаровпен 2 рет жиналыс өткізіліп, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектепте АІІБ-де есепте тұрған оқушы жоқ. Мектепішілік «Тәуекел тобында» 47 оқушы бар.Оның 12-сі «сары», 35-і «жасыл» белгіде.

Ұлдармен, қыздармен жұмыс жоспары бекітілді. Қыздармен жұмыс жүргізу ҚББП Мейрбекова Пернекулге жүктелді. Ал ұлдармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу АӘД жетекшісі Байсериков Сержанға жүктелді. 2 рет жиналыс өткізді.

Нормативтік-құқықтық құжаттар жинақталды.

Өзін-өзі басқару ұйымының отырысы өткізіліп, жұмыс жоспары талқыланды.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды жоспарланды.

Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетуді ұйымдастыруда ыстық тамақпен 22 оқушы, «Жалпыға бірдей оқыту қорынан» 14 оқушыға киім әперілсе, 4 отбасы ата-анасы АӘК алады.


Жұқпалы аурулардан, вирустан сақтану жөнінде әңгіме өткізілді.

Жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тәрбие журналының» жүргізілу барысы талқыланды. Кемшіліктер түзетілді.

«Мұғалімдер күні» күні өз деңгейінде аталып өтті. 10 зейнеткер ұстаздардың үйіне құттықтап барып, сый-сияпат жасалды. Құрмет көрсетіп, сыйлықтарын берді. Еңбек ардагері Тіркел апа мен Сырмантаева Әсия апаның үйіне сынып жетекшісімен барып, қолғабыс жасады.

Апталық жиындарда «Тері ауруларынан сақтан», «Мектеп мүлкін сақта» тақырыптарында түсіндіру әңгімелер жүргізілді.

ҚББП Мейрбекова Пернекулмен бірге ақысыз үйірмелердің жұмысын қадағаладық. Жалпы үйірмеге спорттық-104, өнер-50 оқушы қатысады.Туристік- өлкетану үйірмелерінің жұмысымен таныстық.Оған 12 оқушы қатысады.

Аудандық дебат сайысына 10-сынып оқушылары Жадилбек Ақмарал мен Амырбек Әділет қатысып қайтты.

Жалпы ата-аналар жиналысын өткіздік, ата-аналар комитетінің құрамы сайланды.

Сынып кабинеттерінің санитарлық жағдайы апта сайын тексеріліп, сын-ескертпелер беріліп отырды.

Рейдтік шаралар ұйымдастырылып, тіркеу журналына жазылып отырды.

Мектеп инспекторы Бекназаров А. осы айда 2 рет оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі өтті. «Күз жәрмеңкесі» өтті. «Күз ханшайы мен ханзадасы» атты сайысты бастауыш сыныптар мен 5 – 7-сыныптар арасында мектеп тәлімгері Құрманбек Лаура мен ҚББП Мейрбекова Пернекул ұйымдастырып өткізді. Әділқазы алқасының шынайы бағалауымен оқушылар өз өнерлеріне қарап, жүлделі орындарды бөлісті. Мектеп директорының мақтау қағаздары берілді.

Аудандық АӘДБ тарапынан келген «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында 8 – 11-сынып оқушылары арасында сауалнама алынды. Нәтижесінде темекі, алкогольдік ішімдікке оқушылар теріс көзқараста екені анықталды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада оқушыларға ұсынылған көркем әдеби кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Қазанның 7-сі күні «Өзін-өзі басқару» күніне арналды. Оқушылардың парламенттік басқару ұйымы ұйымдастырды.

«25 қазан-Республика күніне» орай барлық сыныптарда «Бейбіт елдің көк байрағы» атты сынып сағаттары өтті.5 – 11-сыныптар «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында эссе жазды. «Егеменді елім менің» тақырыбымен сыныпаралық спорт жарыстары ұйымдастырылды. 8-сынып оқушылары «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Өтілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.


Тарих пәнінің мұғалімі Сарыбаева П. «Теріс діни ағымдардан сақтанайық» тақырыбында әңгіме-кеңес жүргізді.

Мектеп кітапханашысы Қуандикова А. кітапханаға жаңа келген көркем әдебиетпен оқушыларды таныстырды.

КТІЖБ инспекторы Бекназаров Әділмен кездесулер ұйымдастырылды.

Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары «Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбымен өз деңгейінде өткізілді. А.Төлемісов, А.Омарова, Г.Қайрамбай, А.Джапарова, С.Байсериков тәрбие сағаттарын өтсе, ҚББП П.Мейрбекова мен тәлімгер Л.Құрманбек концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сабақ өткен барлық ұстаздар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушылар арасында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында эссе жазылды. «Тәуелсіздік-ел тірегі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. 7-сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. 10-сынып жетекшісі Б.Джанкуразова сыныбымен ашық тәрбие сағатын өткізді.

Аудандық дебат сайысына 2 оқушымыз қатысып қайтты. Олар: 9-сынып оқушылары Көмек Еңлік пен Аббасова Гюмиш.

Мұғалімдер кесте бойынша кешкі рейдке шығып тұрды.

Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар жоспар бойынша 29 желтоқсанда өз деңгейінде өткізілді.

«Жасөспірім» жедел профилактикалық шаралар өткізу барысында түнгі рейдтер ұйымдастырылды. Ұлдар мен қыздардың жиналыстары өткізілді.

«Мамандықты таңдай біл» 9,11-сыныптарға тренинг сабақ өткізілді.

Әлеуметтік педагог Джанкуразова Б. діни экстремизм туралы тренинг өткізді.

Майлибаева Ж. «Интернет кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.

7-сынып жетекшісі Омарова А. мен кітапханашы Қуандикова А. «Өзге елде сұлтан болғанша...» диспутын өткізді.

М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты кеш ұйымдастырылды.

«Қамқорлық» тобы Тіркел апаның үйіне көмекке жіберілді.

Мектепішілік «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалінің барлық жанрын қамтып өткіздік. Аудандық іріктеуге екі би тобы мен 5-сынып оқушысы Зарқынбек Нұршапағат қатысты. Мектеп АӘДБ-ның І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Байсейтов М. 6-сынып оқушыларымен «Көңілді эстафета» сайысын өткізді.

Мектеп бойынша Наурыз мерекесі аталып өтілді.

1 мамырға байланысты мерекелік іс-шара 5-сыныптың қатысуымен өтті.

«Жігітке жеті өнер де аз» атты ұлдар сайысы өткізілді.

Республикалық «Жасыл мекен» акциясына 11-сынып оқушылары қатысты.