ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін: Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б. Ахметкалиева
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің жіктелуі. | Мектеп: «Б. Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ | ||||
Күні: 20.01.2023 | Мұғалімі: Шәкенова Б.С | ||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: | И.Дёберейнер, Дж.Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру | ||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар Элементтердің жіктелуін біледі, зерттеушілік дағдылары дамиды | ||||
Оқушылардың басым бөлігі Элементтерді жіктеу қажеттілігінің себебін талдайды, танымдық түсініктері жетіледі. | |||||
Кейбір оқушылар Металл және бейметаллдардың айырмашылығын түсіндіреді | |||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар: (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) Химиялық элементтерге сипаттама бере алады, физикалық қасиеттері туралы ой қорытады. Ойын ашық жеткізе біледі. Сөйлеу дағдылары қалыптасады. | ||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Металл, бейметалл, периодтық заң, триада, октавалар заңы | |||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы бірліктер: | |||||
Талқылауға арналған тармақтар: И.Дёберейнер, Дж.Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерін салыстыру | |||||
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба? Металл мен бейметалдарды ажырата білу маңызды | |||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Периодтық заңға анықтама жазады | |||||
Алдыңғы оқу | Металдар, бейметалдар, ядро заряды, реттік нөмірі, электрон, протон, атом құрылысы, химиялық элементтер | ||||
| Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Мұғалім іс-әрекеті | Ресурстар | |||
3 мин 2 мин | 1)Ұйымдастыру Мақсаты: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, табыс тілеу. Психологиялық ахуал тудыру үшін «Өрмекші торы» арқылы тілек айту. Сыныпта қолайлы климат қалыптастыру. Бір-біріне жақсы сөздер, тілектер айтуды ұсынамын 2) Үй тапсырмасын сұрау «Кім жылдам?» әдісі. Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу, пікір алмасу, көзқарастарын бөлісуде белсенді жағдай орнату 1. Қышқыл деген не? 2. Қандай қышқылдарды білеміз? 3. Сілті деген не? 4. Сілтілерді ата? 5. Индикаторларды ата? 6.Бейтараптану реакциясы деген не? 7. Н.Н.Бекетов жасаған металдардың белсенділік қатары бойынша ең белсенді металдар? Белсенді емес металдарды ата. | Өрмекші торы ретінде лента Басбармақ арқылы формативті бағалау | |||
Жаңа сабақ 15мин 6 мин 10 мин 6 мин 2 мин | Миға шабуыл. Оқушылар сурет бойынша тақырыпты табады. 3. Жаңа сабақ «химиялық элементтердің жіктелуі» бойынша видео көру. Жаңа білімді меңгерту Жеке жұмыс. Сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру.
ҚБ. Медалдар. Сұрақтағы элементтер арқылы топқа бөлінеді. Металдар және бейметалдар тобы. Топпен жұмыс. Әр топ өз тобы туралы кластер қорғайды. Металдар тобы балық қаңқасы әдісі арқылы, бейметалдар тобы жүзім шоғы арқылы кластер жасап, қорғайды. ҚБ. «Ұшақ, велосипед, машина» әдісі. Жұптық жұмыс. 1-жұп: Оқулықпен жұмыс. «Химиялық диктант» Мәтін бойынша түсіп қалған сөздерді жазу. 2- жұп: И.Дëберейнердің элементтерді жіктеу теориясының кемшілігін жазыңдар 3- жұп: Дж. Ньюлендстің элементтерді жіктеу теориясының кемшілігін жазыңдар 4- жұп: Д.И. Менделеевтің элементтерді жіктеуі теориясының кемшілігін жазыңдар Жұмысты бірінші орындаған жұп белгі береді. ҚБ. Смайлик әдісі 4. Бекіту Орны бойынша химиялық элементті табу немесе химиялық элементтің атын жазу. «Дұрыс-дұрыс емес» ойыны Мақсаты: тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау. 1. Периодтық кестені құруда Д.И.Менделеев элементтердің валенттіліктерін негізге алды 2. Периодтық заңның тек бір тұжырымы бар. Оны Менделеев ұсынды 3. Химиялық формула- заттардың формулаларын таңбалар және индекстердің көмегімен шартты түрде жазу 4. Элементтерді жіктеу, периодтық кестені графиктік түрде бейнелеу 5. Периодтық кесте периодтардан, топтардан, қосымша және негізгі топшалардан тұрады 6. Протондар саны элементтің реттік нөміріне тең 7. Элементтің реттік нөмірі ядро зарядын, протон, электрон сандарын көрсетеді 8. Нейтрондар санын формула арқылы табады 5. Қорытындылау. Кері байланыс «Тикток » әдісі. Сабақ ұнады Сұрағым бар? Пікірім бар. | Видеоматериал Презентация Үлестірмелі таратпалар, оқулық | |||
1 мин | 6. Үйге тапсырма: §13 тақырыпты оқу. 9 тапсырманы орындау | Оқулық |