Файл: геометрия пнінен ivтосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары Атыжні, Мерзімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«МАТЕМАТИКА» пәнінен IV-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Аты-жөні:__________________, Мерзімі: _20.05.2022__ Сыныбы: 6 «___»
№ | Тапсырмалар | Балл | ||
| Берілгендер қатары 21 натурал саннан тұрады. Осы қатардың қай сипаттамасы бөлшек сан бола алады? A) Мода B) Медиана C) Құлаш D) Арифметикалық орта | 1 | ||
2. | Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі V см3 , табанының қабырғалары 4 см және 5 см, ал биіктігі – h см. V көлемінің h биіктігінен тәуелділік формуласын көрсетіңіз. A) V=9h B) V=18h C) V=20h D) V=40h | 1 | ||
3. | Координаттық жазықтықта y = 0,5x графигін салыңыз. | 1 | ||
4. | «Пицца» кафесінде 2 апта бойы үйге жеткізілген тапсырыстардың саны тіркеліп отырды. Берілгендердің қатары мынадай болды: 32, 35, 39, 37, 42, 45, 47, 33, 34, 37, 37, 43, 44, 41. Осы қатардың құлашын, арифметикалық ортасын, модасын және медианасын табыңыз. | 5 | ||
5. |
| 4 | ||
6. | Есепті теңдеулер жүйесін арқылы шығарыңыз: 3 кг алма және 2 кг алмұрт үшін 1450 тг төленді. Егер 2 кг алма 4 кг алмұрттан 900 тг арзан болса, онда 1 кг алманың бағасы мен 1 кг алмұрттың бағасын табыңыз. | 5 | ||
7. | Бірінші айнымалының мәні екі еселенген екінші айнымалының мәні мен 3 санының айырмасына тең. a) Берілген тұжырымы бойынша өрнек құрыңыз. b) Осы тәуелділікке кесте құрып, оның графигін салыңыз | 3 | ||
Жалпы: | 20/_ |
6 сынып МАТЕМАТИКА пәні 4 тоқсан