Файл: Марат Оспанов атындаы Батыс азастан медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті




Тақырыбы: Жаңа туған нәрестелердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.Апгар шкаласы.Шала туылған нәрестелер туралы түсінік.

Орындаған:Бакбергенова Аида

Курс:4

Топ:402 стоматология

Тексерген: Шильманова Акманат Бабаомаровна

Апгар шкаласы (Apgar score) — адам баласы дүниеге келген алғашқы минуттарында (бірінші тест бірінші минутта, екінші тест бесінші минутта) өтетін тест.


Апгар шкаласы, Апгар тесті, Апгар шкаласы арқылы бағалау, Апгар шкаласының суреті, Апгар тесті фото,
1952 жылы өткен анестезиологтардың XXVII конгресінде американдық анестезиолог-дәрігер Вирджиния Апгар (Virginia Apgar) жаңадан туылған нәрестелердің өмірлерінің алғашқы минуттарындағы жағдайларын бағалайтын жаңа жүйені көпшілік назарына ұсынды. Апгар шкаласы бойынша бағалау бес критерий негізінде жүргізіледі. Әрқайсысы 0-ден 2-ге дейінгі аралықтағы сандармен балл ретінде бағаланады. Тексерудің қортындысында сәбидің жағдайы 0–10 балл аралығында бағаланады:
7–10 — жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ;
5–6 — жағдайы орташа, денсаулығында аздаған ауытқу бар;
3–4 — жағдайы нашар, денсаулығында айтарлықтай ауытқу бар;
0–2 — жағдайы өте нашар, сәби өмірі қатерде.
Жағдайы өте керемет болып, ең жоғарғы 10 балды алатын сәбилер сирек кездеседі. Алғашқы және екінші рет жасалатын Апгар тестінің нәтижелері мынадай түрде жазылады: алғашқы баға/кейінгі баға (8/9).
Апгар тесті тек қана алғашқы минуттардағы жағдайды бағалайды. Егер нәресте өлі туылмаса немесе алғашқы минуттарында шетінемесе, оның ары қарайғы денсаулық жағдайы туралы Апгар шкаласына қарап алдын ала қортынды шығаруға болмайды.
Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласымен бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
А – activity – бұлшықет тонусы мен белсенділігі;
Р – pulse – жүрек соғысы;
G – grimace response – жаңадан туылғандарға тән шартсыз рефлекстердің болуы;
A – appearance – терісінің түсі және күйі, денесінің сыртқы көрінісі;
R – respiration – тыныс алуы және шыңғыруы.
Бір қызығы, дәрігердің есімі APGAR болса, осы сөздің әрбір әрібі тесттің бір критериінің алғашқы әрібі болып шығады.

Апгар шкаласы бойынша бағалау





0 балл

1 балл

2 балл

Бұлшықет тонусы мен белсенділігі

бұлшықет тонусы жоқ, аяқ-қолы былқ-сылқ ететіндей босаң күйде

барлық аяқ-қолы бүгілмейді, қозғалысы өте белсенді емес

аяқ-қолы өзіне қарай бүгілген, жұдырықтанып алған, тыпыршып акушердің қолынан шығып кетердей қозғалады

Жүрек соғысы

соқпайды

минутына 100 реттен аз соғады

өте жақсы болса: минутына 130-140 рет соғады, әдетте: 100 реттен жоғары

Шартсыз рефлекстердің болуы

ешқандай реакция жоқ

бетінің мыжыраюы (гримаса), өздігінен жыламайды

қатты шыңғырады, жөтеледі, ширақ қозғалады

Терісінің түсі және күйі, денесінің сыртқы көрінісі

бүкіл денесі көгеріп (цианоз) немесе бозарып тұрады. Себеп: қан денесінің көп жеріне жетпейді

аяқ-қолы аздап көгерген түсті (акроцианоз). Себеп: қан денесінің жүректен алшақ бөліктеріне жетпейді

барлық жері қызғыш түсті Себеп: қан барлық жеріне жетіп тұр

Тыныс алуы және шыңғыруы

тыныс алмайды

тыныс алуы тұрақты емес

тұрақты түрде тыныс алады, шыңғырады


Шала туылу көрсеткіші мүмкіндігінше 3 % -тен аспау керек .
Шала туылудың себептері:


  • жүктілік кезіндегі токсикоздар.

  • жүктілік кезінде тұмау немесе басқа инфекциялық аурулармен ауруы.

  • жүкті әйелдің экстрагенитальді аурулары.

  • әйелдің зиянды әдеттері.

  • жиі түсік тастау , аборт жасату.

  • психикалық және физикалық стресстер.


Шала туылған баланың белгілері.Шалалықтың дәрежесіне қарай бір балада анығырақ , біреулерінде әлсіздеу байқалатын келесі белгілерді атай аламыз:


- баланың дауысы әлсіз, қатты жылай алмайды;
- тері қабаты қоңыр-қызыл түсті, майда түктермен жабылған;
- көкірек бездерінің ұшы дамымаған , тырнақтары өте жұмсақ , қысқа;
- құлақ қалқаны жұмсақ, қалыбын сақтамаған , басына жабысып тұрады;
- басы салыстырмалы түрде үлкен , үлкен және кіші нңбектерімен қатар сүйек тегістері де ашық;
- кіндік сақинасы төмен орналасады
- қыз балалардың үлкен жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жауып тұрмайды, ұлдардың ұмасында жұмыртқалары анықталмайды немесе үстіңгі жағында орналасады;
- бұлшық ет тонусы және рефлекстері төмен (3-4 дәрежесінде ему , жұту рефлекстері де болмайды)
- дем алысы үстірт, жиі, аракідік апное (дем тоқтап қалу) байқалады, өкпесі толық жетіліп үлгермеген , сурфактант жетіспеуімен байланысты ателектаздар анықталады;
- тамыр соғысы жиі өзгеріп тұрады(жиілігі 100-180/мин), қан қысымы төмен;
- қан құрамында гипогликемия , гипопротеинемия, эритроциттер саны мен гемоглобиннің кқрсеткіші мерзімі жетіп туылған балалардағыдай , бірақ гемоглабиннің 97% фетальді гемоглобиннен (тұрақсыз, тез жарылады) тұрады да , анемия жиі және ерте байқалады.
Шала туылған баланың дәрежелері.Шала туылған балаларды салмағына қарай 4 дәрежеге бөлеміз:
1 дәреже-2000-2500г
2 дәреже-2500-2000г
3 дәреже-1000-1500г
4 дәреже-1000 г-нан төмен.
Күтім ерекшеліктері. Шала туылған баланың күтімі 2 сатыда өткізіледі: 1-ші сатысы-перзентханада; 2-ші сатысы арнайы шала туылған балалар бөлімінде.
Шала туылған баланың күтімінде көптеген өзіндік ерекшеліктер бар . шала туылған баланың орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураны реттеу функциясының жетілмей туылу себебінен бала өз денесінің температурасын өз қалыпта ұстай алмайды . Атап айтсақ, сақын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туылған балаларға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау керек.
3-ші және 4-ші дәрежелі шала туылған балаларға алғашқы күндері арнайы кереуеттерге –кювезде – күтім жасалады. Оның ішіндегі температураны осы балаларға қажет 30-35 градусқа дейін көтеріліп, ылғалдықты 60-65% - ке , оттегі концентрациясын 30% ке жеткіземіз. Мұндай кювездер жоқ болса және 1-ші-2-ші дәрежелі балалардың дене температурасын жылытқыштар қою арқылы реттеуге болады.
Шала туылған балалардың тыныс алу жүйесіндегі ерекшеліктерімен және дем алу орталығының жетілмеуімен байланысты, олардың дем алысын жақсарту үшін келесі әрекеттер жасалады:
- бөлме ауасын жиі желдетіп , тазартып тұру;

- баланы бос жөргектеп , бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;
- ылғалдатылған оттегін беру;
- баланың кеудесіне қыша қағазын қойып тұру.Шала туылған баланың тері қабатының қорғаныш қызметінің төмен болуымен және баланың жалпы иммунитетінің төмендігімен байланысты оның күтімінде тазалықты қатаң сақтау және әртүлі аурулардан сақтандыру қажет болады.
Тамақтандыру ерекшеліктері.Шала туылған баланы тамақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бала тез өсіп , өз қатарларын қуып жету үшін , оған тамақ мөлшерін артығымен қабыудау қажет, бірақ баланың ас қорыту ағзаларының жетілмей тууы және ему , жұту рефлекстерінің әлсіздігі бұл қажеттілікті орындай алмайды. Шала туылған балалар шалалықтың дәрежесіне сәйкес , рефлекстерінің даму дәрежесіне сәйкес ,әртүрлі әдістермен және әртүлі мерзімдерде тамақтандырылады.
3-4-ші дәрежелі шала туылған балалардың ему, жұту рефлекстері өте әлсіз немесе мүлдем болмауы мүмкін , сондықтан оларды алғашқыда зонд арқылы тамақтандырады. Зонд баланың жалпы жағдайына қарай , дәрігердің шешімімен 2-3 күнге қалдырылады немесе әр тамақтандырылған сайын ауыстырылып отырады. Бір қолданылатын полиэтиленнен жасалған асқазан зонды балаға мұрын қуысы немесе ауыс қуысы арқылы енгізіледі. Баланың рефлекстері пайда болғаннан кейін ғана шөлмек , емізік арқылы , оған жақсы үйренгеннен кейін барып анасына емізуге апарылады.
1-2 дәрежелі шала туылған, ему,жұту рефлекстері бар балалар да , анасына емізуге бірденен берілмейді, өйткені ему оған күш түсіріп , баланың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.
Бұл балаларды да алғашқыда емізік арқылы сауылған стерильді анасының сүтімен тамақтандырып , жақсы еміп үйренгеннен кейін барып, анасына емізуге береміз.
Тамақтантыру жиілігі тамақтандыру әдісіне тәуелді. Егер шөлмек , емізік арқылы немес анасын еметін болса, емізу жиілігі тәулігіне 7-10 рет , ал зонд арқылы тамақтандыратын болсақ , одан сирегірек болады.өйткені, асқазан зондын жиі-жиі салудың балаға кері әсерлері , кемшіліктері де бар.
Шала туылған балаға қажетті сүттің тәуліктік мөлшерін арнайы Роммель формуласы арқылы немесе калориялық әдіспен есептеп табуға болады.
Роммель формуласы :Vт =1% х М х n
Vт – сүттің тәуліктік мөлшері
М –баланың туғандағы мөлшері
n – баланың күні
калориялық әдіс. Бұл әдіспен баланың әр кг салмағына қажетті энергия мөлшерін білу арқылы, оған тиісті сүт мөлшерін анықтай аламыз: 1-2 ші күндері – 30 ккал\кг
3- ші күні – 35 ккал\кг
4-ші күні – күні – ккал\кг салмағына қажет етеді.

Одан кейін 10-шы күнге дейін әр күн сайын 10 ккал\кг қосылып отырады. Шала туылған балалардың қан құрамының ерекшелігімен байланысты оларда анемиялар ерте дамиды. Осы себепті оларға алғашқы айлардан бастап-ақ витаминдер комплексі және құрамында темір бар препараттар профилактикалық дозада тағайындалады.
Жоғарыда айтылған күтім, тамақтандыру ерекшеліктері дұрыс орындалған жағдайда 1-2ші дәрежелі шала туылған балалар өз құрдастарын бір жасында, 3-4ші дәрежелі шала туылған балалар 2 жасқа жақындағанда қуып жетеді.
Шала туылған баланың физиологиялық жағдайлары. Физиологиялық жағдайлар шала туылған балаларда да байқалады және оларда өзіндік ерекшеліктермен сипатталады.
1.физиологилық қызар анығырақ байқалады, соңынан тері қабатының құрғауы ұзағырақ сақталады.
2.физиологиялық сарғаю ұзағыраққа созылады – 2-3 аптаға, кейде одан да ұзаққа.
3.сыртқы ортаның температурасына сезімталдық айқын білінеді – бала өте тез жаурағыш және ыстығы тез көтеріледі.
4.жыныс ағзаларындағы өзгерістер болмауы да мүмкін, өйткені эстрогенді гормондар жүктіліктің соңғы айларында өтеді.
Перзентханадан шығару тәртібі.
1ші – 2ші дәрежелі шала туылған балалар жалпы жағдайы жақсы болса, анасын жақсы еміп жатса үйге шығарылады.
3ші-4ші дәрежелі шала туылған балалар салмағы 2500 г-ға толғанша, жалпы жағдайы дұрысталғанша арнайы аурухананың шала туылған балалар бөліміне ауыстырылады.
Алдың алу егу жұмыстары жалпы жағдайы жақсы, салмағы 1500 г-нан жоғары балаларға жүргізіледі.