Файл: Саба жоспары Тарауды таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Тараудың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары

Сабақ : № 4

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Кунева Қ.Е.

Сынып: 5Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Аспан әлемінің құпиялары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5Ж3. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Берілген сюжетті суреттер мен тірек сөздерді, тақырыпқа қатысты термин сөздерді қолданып, әңгіме жазады.

Көптеген оқушылар: Берілген сюжетті суреттер мен тірек сөздерді, тақырыпқа қатысты термин сөздерді орынды қолдана отырып, әңгіме жазады.

Кейбір оқушылар: Берілген сюжетті суреттер мен тірек сөздерді, тақырыпқа қатысты термин сөздерді орынды қолданып әңгіме жазуда жанрлық ерекшеліктерді, құрылымды қатаң сақтайды.

Сабақтың түрі:

Тақырып бойынша жазылым дағдысын дамытуға арналған сабақ

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынасында, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың өз ғаламшарымызға деген құрмет сезімін түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, география, математика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, видеокөрсетілім

Бағалау критерийлері:

Оқушылар сюжетті суреттерді бір – бірімен байланыстыра отырып, әңгіме жазады.

Әңгіме жанрына тән ерекшеліктерді сақтайды.

Дескрипторлар:

Берілген суреттерді бір – бірімен байланыстырып, сюжет құрайды.

Сюжеттің логикалық желісінде бірізділік сақталады.

Берілген жағдаят бойынша құрылымы толық әңгіме құрайды.

Кейіпкерлерді сипаттап, іс – әрекетін баяндайды.

Әңгімеде термин сөздерді орынды қолданады.

Берілген суреттер мен тірек сөздерді толық қамтиды.


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология: өзге ғаламшарлық, ғарышкер, ғарыш, зымыран, ғарыш кемесі, скафандр т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдану.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 минут


Қызығушылықты ояту

«Өзге ғаламшарлықты бейнелейік...»

Оқушылар жұптасады. Жұптағы бір оқушының қолына сурет пен кесте, екінші оқушыға бояу қарындаштар мен ақ парақ беріледі. Бірінші оқушы өзіне берілген суреттегі өзге ғаламшарлықтың бейнесін кестедегі нұсқаулық бойынша сын есімдер мен теңеулерлі қолданып сипаттайды, екінші оқушы сурет салады.





сипаттама

Теңеу

Қандай? Неге ұқсайды?

( -дай, -дей)

Денесінің түсі –







бойы







басы







көзі







құлағы







қолдары







дауысы







аяқтары







ауызы







киімдері







мінезі







Соңында салған суреттерін галереяға іліп, түпнұсқамен салыстырады.
Сабақтағы оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырылады.


Слайд, суреттер, кесте, сурет салуға қажетті құралдар


Сабақ ортасы

32 минут

Мағынаны тану кезеңі

Жазылымалды тапсырма

«Сөз қоржын»

Оқушыларға 3 минут уақыт беріледі. Олар сол уақыт аяқталғанша дәптерлеріне «Аспан әлемі, ғарыш» тақырыбына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Уақыт аяқталғанда «сөз қоржынындағы» сөздер оқып тексеріледі. Осы кезде сөздік қорды толықтырып, (жазып отыруға) жалғастыруға болады.

Мысалы: астроном,ғаламшар,обсерватория,телескоп,

өзге ғаламшарлық, зымыран, ғарыш кемесі, скафандр, галактика т.б.

Жазылым тапсырмасы:

«Фантастикалық әңгімелер» бәйгесі ЖЖ

Жағдаят

Кеше мектептегі саптық жиында келесі аптада «Фантастикалық әңгімелер» бәйгесі өтетіндігі туралы хабарлады. Ал кешке үйге келген соң сіз теледидардағы жаңалықтардан Марста тіршілік болуы мүмкін деген хабарды естіп қалдыңыз. Бұл жаңалық сізді қатты қызықтырды және сізде фантастикалық әңгімеге идея пайда болды.

Тапсырма: Ғарышқа жасаған сапарыңыз туралы тақырыпқа қатысты термин сөздерді, тірек сөздерді қолдана отырып фантастикалық әңгіме құрап жазыңыз. Өз әңгімеңізде берілген суреттер мен тірек сөздерді қолданыңыз. (суреттер мен тірек сөздер беріледі)



Жазылымнан кейінгі тапсырма:

  1. «Айырбас»

Жұпта оқушылар бір-біріне өздерінің жазған әңгімелерін оқып береді. Бағалау үшін оқушыларға бағалау парағы беріледі. Тыңдап отырған оқушы , парақ арқылы бағалап отырады.

2. «Бәйгеге ұсынамын»

Жұптан бір жұмыс бәйгеге ұсынылуы керек және оны жазған оқушы емес, тыңдаған жұбы ұсынады. Жұмыстың артықшылықтарын түсіндіреді жұмыспен таныстырады, сәтті жақтарын айтады.

«Мен өз жұбымның жұмысын бәйгеге ұсынамын, себебі , ... »

Дискрипторлар:

Берілген суреттерді бір – бірімен байланыстырып, сюжет құрайды.

Сюжеттің логикалық желісінде бірізділік сақталады.

Берілген жағдаят бойынша құрылымы толық әңгіме құрайды.

Кейіпкерлерді сипаттап, іс-әрекетін баяндайды.

Әңгімеде термин сөздерді орынды қолданады.

Берілген суреттер мен тірек сөздерді толық қамтиды.
Кері байланыс

Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.




Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия







Пайдалы болды.

Қызықты идея! Есімде қалды.

Сұрағым бар.







Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?