Файл: Аралы аласы Ы. Алтынсарин Атындаы гиназиясы машытанушы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 10
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин
Атындағы гиназиясы машықтанушы
Калиев М.Ш. 7 «А» сыныбына
Мінездеме
Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы 7 «А» сынып. Сыныпта 22 оқушы бар. Оның ішінде 13 ұл бала, 9 қыз бала. Сынып жетекшісі Абдрахманова Жазира Кайыргалиевна. Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген, келгеніне үш ай да болмаған оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Жақсы оқитын балалар саны – 8, орташа оқитын балалар саны – 9, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады. Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады.
Сынып жалпы өте белсенді, өнер жағынан болсың, білім жағынан болсың. Көрген адамды бірден баурап алады. Білім деңгейлері, тәрбиесі өте жақсы сынып.
Машықтанушы: Калиев М.Ш.