Файл: айырлы кн, адірлі де рметті стаздар, атааналар!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

14. Білімімен талайды тамсандырған,

Асып көрші білімді Дариядан.

Сыныбыңа бол әрқашан ардақты,

Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты.
15. Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашанда мойындалар.

Әр ісіне жауапты Нұрәлінің,

Арманы болашақта орындалар.
16. Қуаныш көп болуда сүйікті елде,

Ақылды адам бәрінен биік пенде,

Алинұр болашағың жарқын болсын,

Жұлдызың болсын әр кезде биіктерде.

17. Жаның бай, өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

Алина сен еліміздің ертеңісін.
18. Білім, өнер, еңбек бәрі егіз, 

Жана берсін әрқашан еңбегің.

Еңбекқор деп атайды бәрі сені,

Тек биіктен көріне бер Мадинам
Попури ; Аяулым Дария Ажар
Дария : Ал, қазір НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Салтанатты сағатқа кезек келді. Болашақ 5-сынып оқушыларының салтанатты түрде ант беруіне құлақ түрейік құрметті көрермендер!

Балжан : Орта буын қатарына қосыла отырып, салтанатты түрде ант етеміз!

Нурсағын:

Тақта алдында бірде-бір сұрақты қалт жібермей, үздік қақпашыдай тұруға;
Алина :

Мұғалімдерді қайнау температурасына дейін жеткізбеуге;
Нурали :

Жылдам да ширақ болуға, бірақ дәліздегі жылдамдықты 60км/ сағаттан асырмауға;
Осман: Білім теңізінде түбіне дейін сүңги отырып, тек жақсы жүзуге;
Диас: Ешқашан сабақтан қалмауға
Аяулым : Ұстазымның сеніміне лайық болуға;
Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз
СЛАЙД

Аспаптар әні

Алинұр: Бастауышым-балбұлағым,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшар тау қыраның.

Хормен ; Қош бол құтты бастауыш

Алғыстарым көп менің

Ақыл- білім тәрбиең

Ой санама еккенің

ХОР БАСТАУЫШ
«Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» дегендей бүгінгі түлектердің жолы ақ болсын.

Нурсагын: «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» дегендей бүгінгі түлектердің жолы ақ болсын деп ата- әжелерімізден бата алып тілек берейік
БАТА АЛУ

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,


Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.