Файл: кпежрек реанимациясы Соы лім жадайдаы мейірбикені Ісрекет алгоритмі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қанайналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.
Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтынтоқтауы.
Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:
-
тыныс алуы толық тоқталады (апноэ); -
қан айналымы тоқталады (асистолия); -
ес-түсі жоқ (кома); -
көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды; -
«мысық көз» белгісі; -
дене қызуы төмендейді; -
өлік дағы пайда болады; -
өлік сіресіп қатып қалады.
ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты,бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін.
Іс- әрекет алгоритмі
-
Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлықнауқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек. -
Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз. -
Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз. -
Егерде бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлықнауқастыңмедициналық картасына тіркеңіз. -
Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз. -
Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады. -
Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз. -
Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілгентолтырылған құжатпенөлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз. -
Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егерде туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз. -
Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі. -
Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады. -
Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Ескерту:
- паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады,
-
Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімніңклиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді. -
Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.